Мәсімов ұйғыр емес. Біртановтың былығы. Корея мен Қазақстан медицинасының айырмашылығы - А.Төлемісова
ADAL Adam Youtube арнасына медицина ғылымдарының докторы, профессор Арай Төлемісова сұхбат берді.
Арай Төлемісова Денсаулық сақтау министрлерінің қызметтеріне өзінің кәсіби бағасын берді, медсақтандыру жүйесінің кемшілігі, медицина мамандарын даярлау, біліктілігін көтеру жұмыстарының жүйесіздігі, пандемия кезіндегі министрлік пен санэпид қызметтің қателіктері, су тасқынынан кейінгі эпид ахуал, санитарлық-эпидемиологиялық саланы реформалау, дәрігерлердің білімін жетілдіру институтын қайта құру мәселелерін саралады. Сонымен қатар, Арай Мағауияқызы сұхбат барысында Кәрім Мәсімовке, оның ата-анасына қандай қатысы бар екенін ашық айтты.