×

Жеңіс Ысқақова тоқал алғыш, көңілдес ұстайтын шенеуніктерді биліктен аластатуды ұсынды

Әншінің айтуынша, ондай шенеуніктер елге, ұрпаққа қиянат жасап жатыр. 

Даурен Омаров 18.06.2024 | 18:02

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында ойнас жасайтын, тоқал алатын шенеуніктерді биліктен аластатып, жазалауды ұсынды.

«Тоқал алған еркек өзін өмір бақи жас боп тұрам деп ойлай ма екен?! Кішкентайынан үлкен махаббатпен үйленіп, туғызған балаларының тағдыры не болады?! Олар қандай психологиялық “травмамен” өседі? Ұл-қыздарының ішінде қандай күйзеліс бар, оны ойламайды. Қазір тоқалдардың, тоқалдан туғандардың дәуірі жүріп тұр. Бұл жігіттер тоқал аламын, қатын аламын деп, ұрпақтың психологиясын бұзып, ұрпаққа, ұлтқа қиянат жасап жатқандарын түсінбейді. Содан ертең қызғаншақ, бір-бірін көре алмайтын, сорлы халық қалыптастыратынында жұмыстары жоқ. Бір мүшесінің рақаты үшін бүкіл ұрпаққа қиянат жасап жатқандарын біле ме екен?! Совет үкіметі кезінде әйелінің көзіне шөп салғандарды партиядан шығаратын, жұмыстан шығаратын. «Сен отбасыңа, жұмыс істеп жатқан ұжымыңа кір келтірдің, басыңды алып жүре алмадың, сен тәннің жетегінде кетіп қалдың. Сендей адам мына ұжымда жұмыс істей алмайды, сендей адам дұрыс ақыл бере алмайды» деп қаралап, қуғынға ұшырататын. Ал қазір бізде осы заңды қолға алмайынша, ештеңе тоқтамайды. Сондықтан да бүгінгі күні біздің Үкіметтегілер, депутаттар тоқал алса, ойнас жасаса, табыңыздар да, барлығын ит қосып қуу керек. Осыны министр, әкімдерден бастау керек. Барлығын тырқыратып қуыңыздар. Өз отбасын тастап кетіп, басқа жақтан қызық іздеген әкім елмен қалай жұмыс істейді? Кімге ақыл айта алады?!» — деді әнші.

«Өлгім келмейді»: Айдос Сарым қоғам алдындағы өзінің репутациясы туралы

Депутат Қаңтар оқиғасы болғаннан кейін мемлекеттік телеарналар арқылы айтқан ой-пікірлеріне өкінбейтінін жеткізді.
Даурен Омаров Даурен Омаров 31.10.2024 | 09:27

Қай әкімдікте рушылдық күшейіп тұр? Нәлібаев Ұлытау облысына неге әкім болып бармады? - А.Садырбай

Сұхбат барысында қала, облыс әкімдіктердегі рушылдық туралы әңгіме өрбітті.
Даурен Омаров Даурен Омаров 18.10.2024 | 10:56

Сатыбалды мен Байбекті не байланыстырады? Трайбалист әкімдер. Шөкеевтің өтірігі

Айгүл Орынбек сұхбат кезінде Бас прокурор Б.Асыловқа Қаңтар қырғынының ұйымдастырушы кім деген сауал қойды. 
Даурен Омаров Даурен Омаров 25.09.2024 | 22:13

«Жұлдыз болдым екен деп көкірегін керудің қажеті жоқ»: Ақбота Керімбекова Нұрболат Абдуллин туралы

Әнші әріптестерінің арасында жұлдыз ауруына ұшырағандар бар екенін айтты.
Даурен Омаров Даурен Омаров 15.09.2024 | 23:10

Проект «Одно село – один продукт» демонстрирует успех в регионах Казахстана

Регионы Казахстана демонстрируют впечатляющие результаты в рамках проекта «Одно село – один продукт» (ОСОП), реализуемого Национальной палатой предпринимателей «Атамекен»
Adal Adam Adal Adam 06.09.2024 | 17:35

Мәсімов ұйғыр емес. Біртановтың былығы. Корея мен Қазақстан медицинасының айырмашылығы - А.Төлемісова

ADAL Adam Youtube арнасына медицина ғылымдарының докторы, профессор Арай Төлемісова сұхбат берді.
Даурен Омаров Даурен Омаров 21.07.2024 | 23:04