Төркіншіл келіндердің қандай ауруға шалдығатыны белгілі болды. Бишімбаев синдромы. Психосоматика – Асылзат Арыстанбек
Adal ADAM youtube арнасына ақын, психосоматик Асылзат Арыстанбек сұхбат берді. Ол елімізде психология, психосоматика, коусинг саласының кемшіліктері мен келешегі туралы, жан дүниедегі құбылыстар мен күйзелістердің денсаулыққа әсері жайлы ой өрбітті. Бишімбаев синдромы мен көртышқан синдромының себеп-салдарын да саралады. Сонымен қатар, өзін «мықты ақынмын» дейтін ол әлі күнге дейін Жазушылар одағына неліктен мүше бомағанын, билікті сынаған өлеңдері үшін Назарбаев жүйесінің жандайшаптары қалай қудалағанын, көкірегін керген әнші-композиторлар ақындарды неге менсінбейтінін айтып, ақтарылды.
Асылзат Арыстанбек – эротикалық жырлар жазудан алдына жан салмаған ақын. Сұхбат барысында ол түнгі сырларды ақтаруының астарында не жатқанын жасырмады.
Ақын әрі психосоматик өзінің жаман ауруға қалай шалдыққанын және сырқатынан ненің қуатымен құлан-таза айығып шыққанын да айтты.
Сұхбатта Асылзат Арыстанбек қоғамның кез келген мүшесіне пайдалы кеңестер мен ойларды ортаға салды.