×

Рысқұлов, Мұқанов сатқын ба? Сапарбаев пен Мағауин не жайлы сөйлесті? – Құлбек Ергөбек

Құлбек Ергөбек 20 ғасырда өмір сүрген көптеген қайраткерлер туралы, тарихи оқиғалар жайлы ой өрбітіп, өзінің бағасын берді.

Даурен Омаров 24.02.2025 | 00:21

Ұлт ертеңі үшін қаймықпай күрескен, ата-бабадан қалған әдеби-мәдени мұраны қызғыштай қорғап, сол жолда өмірін бәйгеге тіккен Бейсембай Кенжебаев нағыз «руханият батыры» еді. Adal Adam youtube арнасы осындай әдебиет білгірі, қайраткер қаламгердің сүйікті шәкірті, туған баласындай болып кеткен ізбасары – жазушы, әдебиет сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құлбек Ергөбекпен сұхбаттасып, айтулы текті тұлғаны әңгімеге арқау етті.

Сұхбатта Бейсембай Кенжебаевтың қиын да сырлы тағдыры, Алаш және совет қайраткерлері, қаламгерлерімен қарым-қатынасы, қазақ әдебиеттануына сіңірген еңбегі айтылды. Өкінішке қарай, ұлт пен ұрпақты ұшпаққа шығарам деп ғұмырын кешкен ғалым Тәуелсіздік кезеңде де өз дәрежесінде дәріптелмей келеді... 

Сонымен қатар, Құлбек Ергөбек 20 ғасырда өмір сүрген көптеген қайраткерлер туралы, тарихи оқиғалар жайлы ой өрбітіп, өзінің бағасын берді. Тұрар Рысқұлов, Сәбит Мұқанов, Сәкен Сейфуллин сатқын ба? Әлихан Бөкейханның шешімі «ашаршылыққа» себеп болды ма? Ленин түрік пе? Мағжан Жұмабаев 1950 жылдарға дейін тірі болғаны рас па? Мұхтар Мағауин неге елге оралмады? Қазақ қаламгерлерінің жарларының ерлігі қандай? Қуғын-сүргінге, Бейсембай Кенжебаевқа, халық медицинасына арналған музейлер неге жабылып қалды? Сұхбатта осы және өзге де тақырыптар сараланды.

Айта кетейік, бұл кең көлемдегі сұхбаттың бірінші бөлімі. Жалғасы бар...

Өзбекәлі өнегесі. Жәнібеков НӘН-нің неден «құритынын» білді. Әдебиеттегі дау-дамай – Құлбек Ергөбек / 2-бөлім

Adal ADAM youtube арнасы көрнекті жазушы, әдебиет сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құлбек Ергөбекпен болған сұхбаттың екінші бөлімін назарларыңызға ұсынады.
Даурен Омаров Даурен Омаров 04.03.2025 | 23:43

Мұнай магнаттары тәубәсіне келді ме? Ел тағдыры «екі крайникке» байлаулы ма? – Е.Жаңбыршин

Депутат өзіне жасалған ақпараттық шабуылдар туралы айтты. 
Даурен Омаров Даурен Омаров 17.02.2025 | 21:25

«Жыланның басын шабу керек». Реваншистерде шанс жоқ? Бергей елге орала ма? Үздік әкім кім?- А.Құспан

Депутат Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев туралы да көзқарасын білдірді.
Даурен Омаров Даурен Омаров 04.02.2025 | 07:52

Үкімет ауыса ма? Танзаниядан неміз артық? Жамбыл жері уахабизм ошағы бола жаздады ма?- Е.Саурықов

Мәжіліс депутатының айтуынша, 10 жылдан кейін билік басына орыс тілін білмейтін адамдар келеді.
Даурен Омаров Даурен Омаров 29.01.2025 | 15:45

«Мені құрту үшін бандит жалдады» – Азаматхан Әміртай

ҚТЖ-да 30 млрд-ты кім жымқырды? Қазақ мұнайының иесі кім? Азаматхан Әміртай осы сауалдарға жауап берді. 
Даурен Омаров Даурен Омаров 14.01.2025 | 22:46

2025 жыл: Қазақстанда не өзгереді? Кімдер үшін табысты болады? Шенділердің 90 пайызы неге нумерологтарды жағалайды?

Нумеролог Құралай Бақытқызының айтуынша, Назарбаев айналасына «шестеркаларды» жинады. 
Даурен Омаров Даурен Омаров 22.12.2024 | 23:51

Жаңа заң: Кімдерге тегін үй беріледі? Баспананы қалай жекешелендіруге болады? – Ұлықбек Тұмашинов

Депутат 2025 жылы құрылыс саласында қандай өзгерістер болатынын айтты.
Даурен Омаров Даурен Омаров 01.12.2024 | 21:11