Мұнай магнаттары тәубәсіне келді ме? Ел тағдыры «екі крайникке» байлаулы ма? – Е.Жаңбыршин
Депутат өзіне жасалған ақпараттық шабуылдар туралы айтты.
Adal Adam youtube арнасына Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин сұхбат берді. Ол қоғамдағы рушылдық, жікшілдік, әкімдер, Маңғыстау облысының қазіргі әкімінің алдындағы міндеттер, Назарбаев билігі тұсындағы аймақтарға көзқарас, түрлі иделогиялық шабуылдарға қарсы тұратын мемлекеттің ішкі жоспары, USAID, ЛГБТ ұйымдарының қаупі, үкіметтік емес ұйымдардың тиімсіз жұмысы, өзіне жасалған ақпараттық шабуылдар, елді біріктіретін идея туралы ой өрбітті. Сонымен қатар, Қазақстанның тағдыры Ресейге немесе Ресейдің тағдыры Қазақстанға байлаулы ма деген мәселені саралады.