«Мені құрту үшін бандит жалдады» – Азаматхан Әміртай
ҚТЖ-да 30 млрд-ты кім жымқырды? Қазақ мұнайының иесі кім? Азаматхан Әміртай осы сауалдарға жауап берді.
Adal ADAM youtube арнасына «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай сұхбат берді. Мұнай компанияларының қожайындары кімдер, экологиялық талаптарды неге орындамай отыр, Экология министрлігі, Мәжіліс депутаттары неге қазба байлықты игерушілерге шамасы келмей жатыр, Атырауды Дубай қылатын мүмкіндіктен айырылып қалдық па, 1990 жылдардағы келісімшарттарды қайта қарауға не кедергі деген сұрақтар әңгімеге арқау болды. Сондай-ақ сұхбат барысында Азаматхан Әміртайдың еңбек жолы, саяси амбициясы, ҚТЖ компаниясындағы жемқорлық схемалары айтылды.