Жаңа заң: Кімдерге тегін үй беріледі? Баспананы қалай жекешелендіруге болады? – Ұлықбек Тұмашинов
Депутат 2025 жылы құрылыс саласында қандай өзгерістер болатынын айтты.
Adal ADAM youtube арнасына Шығыс Қазақстан облысынан бір мандатты жүйемен сайланған Мәжіліс депутаты, Құрметті құрылысшы Ұлықбек Тұмашинов сұхбат берді. Ол тұрғын үй саясатын реформалауға арналған заңның жаңалықтарын айтты. Кімдер тегін үйге қол жеткізеді, жалдамалы пәтерлерде тұратындар баспанасын қалай жекешелендіре алады деген сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді. Сонымен қатар, құрылыс және тұрғын үй нарығы, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарын басқарған әкімдер, министрлердің жауапкершілігі, облыс-қаланың тізгінін ұстай алатын Мәжіліс депутаттары, уақыт белдеуі және басқа да тақырыптарға өзінің ой-пайымын жеткізді.