Қай әкімдікте рушылдық күшейіп тұр? Нәлібаев Ұлытау облысына неге әкім болып бармады? - А.Садырбай
Сұхбат барысында қала, облыс әкімдіктердегі рушылдық туралы әңгіме өрбітті.
Adal ADAM youtube арнасына ауыл шаруашылығы саласының сарапшысы, «Шаңырақ» ұлттық агро-қозғалысы» РҚБ төрағасы Алмасбек Садырбай сұхбат берді. Ол ауыл шаруашылығы саласының құрдымға кетіп бара жатқанын, астықты өткізетін, сақтайтын жер жоқтығын, шаруаларды қолдау несиелері агроолигархтардан артылмайтынын айтып дабыл қақты. Асыраушы салаға реформа қажеттігін жеткізді және министрдің отставкасын талап етті. Сонымен қатар, сұхбат барысында қала, облыс әкімдіктердегі рушылдық туралы әңгіме өрбітті.