×

“Сайқымазақ”: Ермұрат Бапи Бекболат Тілеуханға өткір жауап берді

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында Бекболат Тілеуханды Назарбаевтың алдында концерт қойып, ән айтып жүрген сайқымазақ екенін айтты.
 

Даурен Омаров 11.12.2023 | 09:40

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Adal Adam youtube арнасына (ГИПЕРСІЛТЕМЕ) берген сұхбатында Бекболат Тілеуханды Назарбаевтың алдында концерт қойып, ән айтып жүрген сайқымазақ екенін айтты.

“Бекболат Тілеухан Қаңтар қырғыны болардан 10 күн бұрын депутаттық өкілеттілігін тапсырып, шетелге, Түркияға кетіп қалды. Неге? Жауап беріп көріңізші. Тып-тыныш жүрген адам. Парламентте отыр. Парламенттегі танымал тұлғалардың бірі. Аяқ астынан кетіп қалды. Мен сізге қойып отырған осы сұрақтың өзінен Бекболат Тілеуханға қатысты біраз жауап алуға болады. Қаңтарға қатысты, оның Қайрат Сатыбалдымен достығына қатысты. Сатыбалды екеуінің үйі қарама-қарсы тұр. Екеуі де бір-бір гектардан артық жерде жайғасқан керемет сарайлар. Қайрат Сатыбалдының көршісі неге басқа біреу болмайды? Неге мен, неге сен болмайсың? Неге бір әділетті жүрген бизнесмен болмайды. Ал міндетті түрде Тілеухан болады. Осы тұрғыдан келгенде көп дәлелдер келтіруге болады”, - деді Мәжіліс депутаты. 

Ермұрат Бапи Бекболат Тілеуханның “бітірген түгі жоқ” деген сөзіне де жауап берді. 

“Мен 2000 жылдардың басында Қазақгейтті, Назарбаевтың ұрлығын, клепрократиясын айтқан кезде Бекболат Тілеухан тұмсығын оның құйымшағының астына тығып жүрген жігіт болатын. Мен “Дат” газетімен бүкіл Қазақстандағы коррупция мен озбырлықтың бәрін жазып жүргенде Бекболат Тілеухан Назарбаевтың алдында ән айтып, концерт қойып жүрген сайқымазақтардың бірі болатын” - деді депутат.

«Өлгім келмейді»: Айдос Сарым қоғам алдындағы өзінің репутациясы туралы

Депутат Қаңтар оқиғасы болғаннан кейін мемлекеттік телеарналар арқылы айтқан ой-пікірлеріне өкінбейтінін жеткізді.
Даурен Омаров Даурен Омаров 31.10.2024 | 09:27

Қай әкімдікте рушылдық күшейіп тұр? Нәлібаев Ұлытау облысына неге әкім болып бармады? - А.Садырбай

Сұхбат барысында қала, облыс әкімдіктердегі рушылдық туралы әңгіме өрбітті.
Даурен Омаров Даурен Омаров 18.10.2024 | 10:56

Сатыбалды мен Байбекті не байланыстырады? Трайбалист әкімдер. Шөкеевтің өтірігі

Айгүл Орынбек сұхбат кезінде Бас прокурор Б.Асыловқа Қаңтар қырғынының ұйымдастырушы кім деген сауал қойды. 
Даурен Омаров Даурен Омаров 25.09.2024 | 22:13

«Жұлдыз болдым екен деп көкірегін керудің қажеті жоқ»: Ақбота Керімбекова Нұрболат Абдуллин туралы

Әнші әріптестерінің арасында жұлдыз ауруына ұшырағандар бар екенін айтты.
Даурен Омаров Даурен Омаров 15.09.2024 | 23:10

Проект «Одно село – один продукт» демонстрирует успех в регионах Казахстана

Регионы Казахстана демонстрируют впечатляющие результаты в рамках проекта «Одно село – один продукт» (ОСОП), реализуемого Национальной палатой предпринимателей «Атамекен»
Adal Adam Adal Adam 06.09.2024 | 17:35

Мәсімов ұйғыр емес. Біртановтың былығы. Корея мен Қазақстан медицинасының айырмашылығы - А.Төлемісова

ADAL Adam Youtube арнасына медицина ғылымдарының докторы, профессор Арай Төлемісова сұхбат берді.
Даурен Омаров Даурен Омаров 21.07.2024 | 23:04