×

Қазақтың ұлттық тәрбиесі «ақыл», «мейірім», «еңбекқорлық» деген үштік ұғымға негізделген

Қазақтар ұл балаларды аң аулауға, атқа мінуге, үй жануарларын бағуға үйреткен. 

Даурен Омаров 08.08.2024 | 15:49
Қазақтың ұлттық тәрбиесі «ақыл», «мейірім», «еңбекқорлық» деген үштік ұғымға негізделген
kazgazeta.kz

Балалар жазушысы Мұзафар Әлімбаевтің «тегінде ең берекелі, ең парасатты тәжірибе - әрине, халық түйген тұжырымдар» дейтін сөзі бар. Яғни кез- келген халық үшін ең үлкен тәрбие құралы – ғасырлар бойы қалыптасқан халық педагогикасы болып саналады. Сондықтан да болар, бүгінгі мемлекеттік білім беру жүйесі де заманауи дәстүрлерді игеру барысында ұлттық құндылық, халықтық тәрбие секілді дүниелерді назардан тыс қалдырып отырған жоқ.

Қазақ халқының ұлттық педагогикасында  адамгершілік, ақыл-ой, дене және эстетикалық тәрбие көрініс тапқан.

Қазақ халқы о бастан ұрпақ тәрбиесі барысында баланы ең алдымен еңбек ету дағдысына тәрбиелеуді мақсат тұтқаны белгілі. Бала кезінен қыздар тамақ пісіруге араласқан, қазақтың дәстүрлі оюларын оюды үйренген, киіз үйдің ішін жинастырған, оған шаруашылық жүргізудің барлық қыр-сырын үйреткен, себебі қыз үйдегі жай ғана қонақ, ал тұрмысқа шыққан соң бөтен үйге кетеді деп есептеген.

Сол секілді ұл балаларды аң аулауға, атқа мінуге, үй жануарларын бағуға үйреткен.  Яғни халқымыз өзінің әрбір баласының бойында әлеуметтік-этникалық құндылықтарды сіңіруді мансұқ етті.

Белгілі зерттеуші Асма Қалыбекова өзінің Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы  еңбегінде қазақтың ұлттық тәрбиесінің «ақыл», «мейірім», «еңбекқорлық» деген үштік ұғымға негізделгенін айтады.

Үлкенге құрмет жоғары қағида ретінде санаға сіңіріледі, соны ұстану арқылы өмірде табысқа жетуге және халық алдында беделді атануға болады. Сондықтан балалардың санасына ерте жастан сіңіреді: «Кәрінің сөзі - бал», «Кәрі, кәрінің сөзі — дәрі», «Кәрі ағаш жас ағашқа сүйеніп тұрады», «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер». Бұл мақалдар егде адамдардың даналық белгісі екенін, тұрмыстық тәжірибе мен әдептілік ережелерінің сақтаушылары екенін дәлелдейді. Отбасылық тәрбиеде ба- баларды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, аға буын өкілдеріне қамқорлық және жауапкершілік таныту идеялары «жеті ата», «кенже ұл», «қара шаңырақ» тәрізді отбасылық дәстүрлерден барынша айқын көрінеді.

Қазақтың отбасылық тәрбиесінің маңызды дәстүрлерінің бірі өзінің шыққан тегін - жеті атасын білу, бұл көшпелілердің ұрпақ жалғастыруға, өз қауымының дәстүрлерін дамытуға деген ұмтылысына әрдайым тән нәрсе болған. Туысқандық ұғымының қазақта мағынасы өте ауқымды. Бір атаның жетінші буынға дейінгі барлық ұрпақтары жақын туысқан саналады, сондықтан көне дәстүр бойынша өзіңнің жеті атаға дейінгі бабаларыңды білу талап етіледі және ру ішінде бір-біріне үйленуге тыйым салынады.

Сондай-ақ көптеген отбасыларда ұрпақтан-ұрпаққа, әкеден балаға т.с.с. берілетін жәдігерлер мұқият сақталған. Осылайша өз руы мен ата-бабасына құрметпен қарау бала санасына ерте жастан сіңірілген: «Әкең өлсе де — әкеңнің көзін көрген өлмесін», «Жеті атасын білмеген жетесіз» т.б. балаларды ата-анасына қамқорлық сезімге тәрбилеуде қара шаңырақ ұғымының да мәні зор. Шаңырақ - ұрпаққа ауысатын мұра. Ол киелі, қастерлі саналады, оған әрдайым құрметпен қарайды. Дәстүр бойынша, ең кіші ұл бала, яғни кенжесі мұрагер. Үлкен ұлдар эке шаңырағынан бөлек кетеді, ал кенже ұл қара шаңырақта қалады. Ата-анасы тірі кезде де, олар өлген соң да барлық салт-дәстүрлерді сақтау мұрагердің, яғни кенже ұлдың міндеті. Егер қара шаңырақ батырга, биге, молдага немесе басқа құрметті адамға тиесілі болса, адамдар алыс сапарға, жорыққа, қажылыққа аттанар ал- дында немесе алыстан оралғанда осы құрметті үйге арнайы кіріп, бата алады немесе құрмет көрсетіп, сәлем береді, қош айтысады. Атақты адамдардың қара шаңырағын ғасырлар бойы ұмытпайды», - деп жазады зерттеуші.

Ол сондай-ақ, бұл жерде қазақ халқының мінез, сыртқы келбет, әдеп, тәрбие құндылықтары жатқанын айтады. Әрі бұлар «ар», «намыс» және «туған жер» түсінігі аясында сіңіріліп отырған.

Адамның қадір-қасиетін сезіну, еңбексүйгіштік, табандылық, дәй- ектілік, борыш пен жауапкершілік сзімі сияқты моральдық қасиеттер еңбек арқылы ғана қалыптасады деп санайды халық. Адамгершілік пен руханияттың әр алуан аспектілері туралы халық ұғымы қазақ халқының әртүрлі шығармашылығынан көрініс тапқан.

Айналадағы табиғат әлемімен адамгершілік қарым-қатынас жа сау тәрбиелі адамның ажырамас қасиетіне жатады. Табиғат қазақтар үшін тіршіліктің сарқылмас көзі әрі кепілі болған, сондықтан отбасылық тәрбие дәстүрінде табиғат әлемімен өзара байланыстың, жануарлар мен өсімдіктерге, табиғи ресурстарға қамқорлық жасаудың талаптары мен ережелерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. Ата-аналар балаларына ерте жасынан былай деп үйреткен: «Бір тал кессең, он тал ек», «Су - ырыстың көзі», «Байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер», «От- ансыз адам - ормансыз бұлбұл».

Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтына негізделген ата-ба- баларымыздың тіршілік жағдайлары шаруашылық қажеттіліктерді қа- нағаттандыруға, баспана мүліктеріне, тұрмыс заттары мен киімдерді дайындауға бағытталған материалдық өндірістің даму деңгейін, еңбектің түрлері мен сипатын айқындаған. Қазақтар жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге, ортақ игілік үшін адал еңбек етудің қажеттілігін түсінуге, еңбек адамдарын құрметтеуге бала кезінен тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлген. Бұл қасиеттерді қалыптастыру еңбек үстінде халықтық дәстүрлерге негізделіп жүзеге асырылған және жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие берудің маңызды бөлігіне жатқызылған.

Баланы табиғатпен үйлесімді тәрбиелеудегі маңызды дәстүрдің бірі - «көгентүп», балаға жаңа туған төлді сыйға тарту (көгендік). Қо наққа туысы немесе жақсы танысы баласымен келсе, үй иесі ол балаға құрмет белгісі ретінде бұзау, құлын, қозы тарту еткен. Мұндай дәстүр балалардың ерте жасынан жануарлардың жаратылысы мен мінез-құл- қын тануына мүмкіндік береді, оларға алғашқы «мал дәрігерлік» көмек көрсетуге, оның жетілуін қадағалауға, жылдың әр мезгілінде малды күтіп-бағуға жасынан дағдылануға жол ашады.

Отбасылық тәрбиеде табиғатқа қатысты қоғамға жат келеңсіз әре- кеттердің алдын алу мақсатымен құстарды, жануарларды, өсімдіктерді жоюдан сақтандыратын тыйым сөздер дәстүрлі түрде пайдаланылған. «Қыран бүркітке оқ атқан адам пәлеге ұшырайды», «Жапалақ пен жар- қанатқа тиіспе азапқа қаласың», «Құстың ұясын бұзба, құмырсқаның илеуін бүлдірме, әйтпесе өз үйің де сондай күйге ұшырауы мүмкін», «Торгайдың ұясын бұзсаң, жұмыртқасын жарсаң - бетіңе секпіл қаптайды», «Аңыз бен егісті себепсіз таптап жүру - үлкен күнә», «Бос- тан босқа көк шөпті жұлсаң - көктей соласың». Тыйым сөздер, сақ- тандырулар отбасындағы жас ұрпақтың өмірі мен іс-әрекетін ұйым- дастырудың дәстүрлі құралы болып, элеуметке жағымсыз әрекеттердің алдын алуға және көпке сыйымды мінез-құлық талаптарын меңгертуге бағытталған.

В знаменитом французском музее Гиме состоялось торжественное открытие выставки «Казахстан: сокровища Великой степи»

Министр культуры и информации Республики Казахстан Аида Балаева отметила уникальность представленных экспонатов
Adal Adam Adal Adam 05.11.2024 | 10:29

Что планируют сделать, чтобы в Казахстан охотнее шли иностранные банки

Специально для этого разработанные законодательные поправки одобрил в первом чтении Мажилис 16 октября 
Павел Седых Павел Седых 17.10.2024 | 09:55

52 млрд тенге выделено в 2024 году на приобретение противопожарной техники для лесных хозяйств

Средства предназначены для приобретения 1 384 единиц противопожарной техники и 921 единицы прицепного и навесного оборудования 
Павел Седых Павел Седых 11.10.2024 | 09:49

Аварии на АЭС неизбежны – миф

Атомная энергетика сделала значительный шаг вперед в области безопасности
Adal Adam Adal Adam 18.09.2024 | 15:33

Выставка «Сальвадор Дали. Тайнопись»  — 61 оригинальная работа великого сюрреалиста

Поп-ап музея Lumiere-Hall в галерее искусств «Has Sanat» в Астане
Adal Adam Adal Adam 29.08.2024 | 21:09

Қазақтың өмір салты сыйластық пен ерекше құрметке негізделген

Қазақта айрықша күтімді қажет ететін жандарға арналып дайындалатын «бел көтерер» деген тағам болған. 
Даурен Омаров Даурен Омаров 28.07.2024 | 14:51

Қазақ даласындағы ағарту жұмыстары кезіндегі кедергілер

1937 жылғы 1 қаңтарда қазақ даласындағы мектеп жасындағы балалардың 96%-і бастауыш мектепке тартылды.
Даурен Омаров Даурен Омаров 19.07.2024 | 14:58