Қазақ даласындағы ағарту жұмыстары кезіндегі кедергілер
1937 жылғы 1 қаңтарда қазақ даласындағы мектеп жасындағы балалардың 96%-і бастауыш мектепке тартылды.
Ұлтжанды азаматтардың араласуымен 1923 жылдан бастап Қазақ даласында жаппай ағарту жұмыстары жүргізіле бастағаны белгілі. Өкінішке қарай бұл жұмысқа әліппи ауыстыру деген науқан кедергі болып жабысты. Ұлт зиялылары дәл мұндай сәтте әліпби ауыстырудың артық екенін айтқан Ахмет Байтұрсынұлы сынды азаматтардың пікірі ескерілмеді. Бұл әрине халық ағарту ісіне үлкен кедергі болды. Бірақ соған қарамастан, қазақ даласындағы сауат ашу жұмыстары күшейіп, көзі ашық азаматардың саны айтарлықтай ұлғая берді.
1930 жылғы 27 тамызда Қазақ АССР Орталық Атқару Комитеті мен Халком кеңесі міндетті бастауыш оқуды енгізу туралы қаулы қабылдады. Қалаларда, отырықшы елді жерлерде бастауыш білім беру 1930 жылғы күзде, көшпелі аудандарда 1931 жылғы көктемде басталатын болды.
Айналасы бір жыл ішінде бастауыш мектеп оқушыларының саны 340 мыңға өсіп, ауыл-селоларда қазақ балаларын мектепке тарту 22%-тен 63%-ке қазақ қыздары мен баска да шығыс халықтарының қыздарын бастауыш мектепке оқыту 10%-тен 30%-ке жетті.
Осылайша, 1931-1932 оқу жылында бастауыш мектеппен қамтылған балалар саны 660 мыңнан асып түсті. Егер 1925-1926 оку жылында мектеп жасындағы қазақ балаларының 12%-і, орыс балаларының 39%-і, өзбек балаларың 13,4%-і ғана партаға отырса, 1931-1932 оку жылында олардың үлесі тиісінше 72,7%-ке, 62%-ке, 72%-ке жетті. Яғни жалпыға бірдей бастауыш білім беру науқаны соңғы, аяқталу кезеңіне жақындаған еді.
Бірақ, осынау маңызды істі түпкілікті аяқтауға 1931-1933 жылдар межесіндегі аштық тағы кедергі болған еді. Бірақ соған қарамастан 1932-33 оқу жылының басында бастауыш мектепке 419 мың бала келед. Блімге бөлінетін қаражат та молйып, көптеген мектеп үйлері шаңырақ көтерді.
1937 жылғы 1 қаңтарда қазақ даласындағы мектеп жасындағы балалардың 96%-і бастауыш мектепке тартылды. Төрт класты мектептер саны 1481- ден 2350, оның ішінде қазақ мектептері 537-ден 1119-ға жетті. Егер 1933 жылғы 1 қаңтарда бастауыш мектептерде оқып жүрген қазақ балаларының саны 213 мың болса, арада 4 жыл өткенде ол 314 мыңға барып қалған еді, яғни 100 мыңнан астам қазақ баласы мектеп табалдырығын аттаған.
Мұндай жанкешті әрине өз жемісін берді. Жалпыға бірдей бастауыш білім беруді қолға алу мен аяқтау арқасында ғана Қазақстандағы хат танымаушылықпен күрес соңғы дәуіріне аяқ басты. Сауатсыздыққа қарсы күрестің соңғы он жылдығы, яғни отызыншы жылдар, қарама-қарсы үрдістерге толы. Бір жағынан ауыл шаруашылығын ұйымдасттыру дүрбелеңінен туындаған аштық пен сан мың адамның қырылуы оку-ағарту ісіне бұрын-соңды болмаған берекесіздік әкелсе, екінші жағынан, тап осы он жылдың ішінде Қазақстан халқы түгелдей хат танып қалған еді.
Алайда оған жаппай қуғын-сүргін кедергі болды.
1937 жыл сауатсыздықты жоюмен байыпты айналысуға мүмкіндік бермеді. "Халық жауларын" жаппай тұтқындауды бастау елде үрей, қорқыныш орнатты. Оқу-ағарту ісіне зор үлес қосқан С.Сейфуллин, Т.Жүргенов, Х.Досмұхамедов, Қ.Жұбанов, С.Асфандияров сынды азаматтардың тәлім-тәрбиесін көрген олардың ісін алға апаруға тырысқан мұғалімдер мен мәдениет қызметкерлері қуғын-сүргінге түсіп, қызметінен қуылды, абақтыға қамалды.
Солардың бірі Атырау (Гурьев) облыс Нарын құмының Мыңтөбе мекенінде 1889 жылы дүниеге келген Насихат Сүгірұлы болатын.
Кезінде өз жерінде ауыл төрағасы болып елді сауаттандыруға өзіндік үлес қосқан азамат абақтыға түскеннен кейін жазған өлеңінде:
Мұнда жалғыз мен емес,
Неше бір сан, мың деймін.
Солай болды заманым
Ауып кетті табаным, десе, қырық екі жыл устаздық еткен, 1968-1976 жылдары Абайдың әдеби музейін басқарған Ахат Шәкерімұлы 1937 жылы ұсталғанда:
Сабак оқып жүрген кез,
Бақытты өмір сүрген кез.
Балалық уақыт өтті-ау тез -
Сол күндер бүгін қайдасың, - дейді.
Алайда жапапй ағарту ісіне бұл да кедергі бола алмады. Ұлт жанашырлары қудаланып жатса да астыртын және ашық түрде сауат ашу жұмыстарын жүргізіп жатты. Осындай жанкештіліктің арқасында осы аралықта бас-аяғы 1,3 млн. адам хат танып шықты. Бұл бірінші бесжылдықтағыдан сәл ғана (300 мындай) көп болып көрінгенмен оқи-жаза білмеудің бетін біржолата қайтарған нәтиже еді. Соғыстың қарсаңындағы 3,5 жыл саужой тарихында қол жеткен табыстарды бекіту кезеңі ретінде енді.
Алайда, 1940 жылдың аяғында сауатсыздықты жоюға үлкен қиыншылықтар туғызған заң қабылданды. Ол 10 қараша күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қазақ жазуын латыншадан орыс алфавитіне көшіру туралы заңды қабылдауы еді. Бұл да жапапй ағарту ісін көп уақытқа кері шегеріп тастады.
Деректер Х.Б. Табылдиевтің «Қазақстандағы сауатсыздықты жою тарихы: (1917-41жж) авторефератынан алынды