×

Қазақтың өмір салты сыйластық пен ерекше құрметке негізделген

Қазақта айрықша күтімді қажет ететін жандарға арналып дайындалатын «бел көтерер» деген тағам болған. 

Даурен Омаров 28.07.2024 | 14:51
Қазақтың өмір салты сыйластық пен ерекше құрметке негізделген
matritca.kz

Қазақтың негізгі өмір салты сыйластық пен ерекше құрметке негізделген. Яғни өзара түсіністік пен көмекке негізделген мейірімділікті, кешірімшілдікті жоғары бағалаған. Оған қазақ халқының «Таспен ұрғанды аспен ұр», «Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі» деген тәмсіл сөздері мысал бола алады.

Белгілі зерттеуші Асма Қалыбекова өзінің Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы  еңбегінде «бел көтерер» деген тағам туралы мәлімет айтылады. Автордың жазуынша, бұл тамақ айрықша күтімді қажет ететін жандарға арналып дайындалатын болған.

«Ерекше күтімді қажет ететін қарттарга арналған «бел көтерер» тағамын беру дәстүрінен де аға ұрпаққа деген ерекше қамқорлықты көреміз. Оларға дәнді, жұмсақ, құнарлы тағам әзірленген: қазы, сары май, жент, қымыз, ірімшік, бал, т.с.с. Тағамды балалар, көршілер, туыстар дайындап әкелген. Мұндай қамқорлыққа риза болып, тебіренген қарттар батасын берген. Балалардың бел көтерерге қатысуы дана педагогикалық тәсіл екені сөзсіз, бұл көңіл-күйге әсер ету (жасы үлкендердің қолдауын, игілікті іске өзінің қосқан үлесін сезіну) арқылы балаларды үлкен адамдарға қатысты алдағы уақытта да қайырымдылық пен адамгершілік танытуға ынталан- дырады. Ұрпақтар арасындағы осындай жасампаз қарым-қатынас халық Даналығында былай өрнектелген: «Екі баланың арасындағы қарт бала болады, екі қарттың арасындағы бала дана болады».

К.Ж. Қожахметова былай деп жазады: «Көшпелі қазақ халқының жоғары адамгершілік идеалдарға сүйене отырып, өз балаларын ұлттық этикага баулуға тырысуының шарықтау шыңы «ар», «намыс», «ұят» болатын. Қазақтар ар-намыс үшін жанын да қиятын болған», - деп жазады.

Ол сондай-ақ, халықтың діни көзқарастары арқылы бұлжытпай сақталған осындай отбасылық дәстүрлердің арқасында ұрпақтар арасындағы өзара тұрақты адамгершілік байланыс қалыптасты, қазақ халқының жазылмаған моральдық-этикалық кодексі сақталды, орындалып отырғанын айтады.

Сонымен қатар халық қызғанышты, қорқақтықты, сатқындықты, жалқаулықты, мақтаншықты және тәкаппарлықты өз өмір-салтына мүлде жат құбылыс ретінде айыптаған:

«Жалқаудың ертеңі бітпес», «Еріншекке өгіз өлсе - ет, арба сынса - отын»; «Жалқауға аптаның алты күні той», «Біреуге ор қазба, өзің түсерсің, біреуге от жақпа, өзің күйерсің», «Кеуде көтерген астықтың дақылы аз, кеуде көтерген адамның ақылы аз».

Қазақ халқында тәрбие ісінде алға қойған өзіне тән адамгершілік идеалдар болған. Қазақ тілінде «жетілген адам» деп аталатын жан-жақты адамды тәрбиелеу осындай идеалға жатады, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы адамды тәрбиелеу».

Халықтың түсінігі бойынша, адам жан-жақты өнерлі әрі білімді болуы тиіс. «Сегіз қырлы, бір сырлы болу» қазақта жастарға арналған өсиет, нұсқау тәрізді естіледі. К.Ж. Қожахметова бұл ұғымның мазмұнында неғұрлым кең әрі ең бастысы ізгі қоғамдық түсінік жатыр деп есептейді. Жас ұрпақ әлемді тануға байыппен қарау үшін, «бір сырлы болуы» қажет, яғни «өзіңмен өзің бол, өткінші қызыққа, бөтен адамдардың алдауы мен арбауына елікпе».

В знаменитом французском музее Гиме состоялось торжественное открытие выставки «Казахстан: сокровища Великой степи»

Министр культуры и информации Республики Казахстан Аида Балаева отметила уникальность представленных экспонатов
Adal Adam Adal Adam 05.11.2024 | 10:29

Что планируют сделать, чтобы в Казахстан охотнее шли иностранные банки

Специально для этого разработанные законодательные поправки одобрил в первом чтении Мажилис 16 октября 
Павел Седых Павел Седых 17.10.2024 | 09:55

52 млрд тенге выделено в 2024 году на приобретение противопожарной техники для лесных хозяйств

Средства предназначены для приобретения 1 384 единиц противопожарной техники и 921 единицы прицепного и навесного оборудования 
Павел Седых Павел Седых 11.10.2024 | 09:49

Аварии на АЭС неизбежны – миф

Атомная энергетика сделала значительный шаг вперед в области безопасности
Adal Adam Adal Adam 18.09.2024 | 15:33

Выставка «Сальвадор Дали. Тайнопись»  — 61 оригинальная работа великого сюрреалиста

Поп-ап музея Lumiere-Hall в галерее искусств «Has Sanat» в Астане
Adal Adam Adal Adam 29.08.2024 | 21:09

Қазақтың ұлттық тәрбиесі «ақыл», «мейірім», «еңбекқорлық» деген үштік ұғымға негізделген

Қазақтар ұл балаларды аң аулауға, атқа мінуге, үй жануарларын бағуға үйреткен. 
Даурен Омаров Даурен Омаров 08.08.2024 | 15:49

Қазақ даласындағы ағарту жұмыстары кезіндегі кедергілер

1937 жылғы 1 қаңтарда қазақ даласындағы мектеп жасындағы балалардың 96%-і бастауыш мектепке тартылды.
Даурен Омаров Даурен Омаров 19.07.2024 | 14:58