«Үш шартым бар»: Ардақ Назаровпен кездесудің құны қанша?
Мәжіліс депутаты өзін коучтардың қатарына қоспайтынын айтты.
Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында өзімен кездесіп, әңгімесін тыңдағысы келетіндерге үш шарт қоятынын айтты.
«Мен коуч емеспін, бизнес тренер емеспін. Менің білімім сатылмайды. Мен өзімнің мақсатыммен, ниетіммен барып жүрген азаматпын. Егер мені шақыратын болса, әкімдіктегі ішкі саясатпен келісу керек. Сосын шақыру жіберу керек. Мыңдаған кездесу өткіздім, бірде-біреуінен ақы алған емеспін. Мені шақырған кезде «ұшағыма билет төлеп беріңіздер, қонақ үй дайындаңыздар, сосын қонақ үйде міндетті түрде спорт зал болсын» деймін. Егер спорт зал болмаса, спорт зал бар жерге алып барыңыздар деймін. Осы үш шартты қоям», - деді депутат.