×

Белгілі дәрігер кореялық мамандар онкологиялық ауруларды қалай емдейтінін айтты

Арай Төлемісова Қазақстанда қатерлі ісікті химиотерапиямен емдеуде тәжірибе жетіспейтінін жеткізді. 

Даурен Омаров 22.07.2024 | 11:28
Белгілі дәрігер кореялық мамандар онкологиялық ауруларды қалай емдейтінін айтты
adaladam.kz

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Арай Төлемісова ADAL Adam Youtube арнасына берген сұхбатында Корея мен Қазақстанның онкологиялық ауруларды емдеудегі айырмашылықты айтты. 

«Онкологиямен ауырды дегендердің бәрі өмірмен қош айтыспайды. Түңілудің қажеті жоқ. Адамның психологиясын түзеу керек. Алла сынақты көтере алатын адамға береді. Сондықтан оған осындай сынақ берілген шығар. Бәрі өзінің осылай қабылдауына байланысты. Екіншіден, оны химия арқылы тоқтатып, ағзадан шығарып салатын жолы бар. Қазір онкологиялық аурумен ауырғандардың көбі шетелге емделуге барып жатыр. Емдеу протоколы барлық елде бірдей, Германияға барса да, Кореяға барса да, Түркияға барса да сол. Айырмашылығы дәрінің сапасында және оны дұрыс қабылдауда. Химия деген аты айтып тұр, ағзаға әсері болады. Біздікілер химияны бір сағатта, жарты күнде системамен ұрып жібереді. Организм шок болады. Кореяда системаны  бір бойы жәйлап жібереді және науқас оны жүріп қабылдайды. Грамнан тамызып, үзіліс жасап тұрады. Содан жақсы нәтиже болады», - деді Арай Төлемісова.   

Оның айтуынша, кореялық мамандардан үйренеріміз көп. Өзі жетекшілік ететін клиника Кореяның дәрігерлерімен тәжірибе алмасып келеді.

«Мен көп адамдарды Кореяға жіберіп жатырмын. Сол жақтың бір клиникасымен жұмыс істейміз. Тәжірибе алмасамыз. Қазақстанда онкологиямен ауырдым, өлдім деген адамдар Кореяға барып қаралғанда ондай аурумен ауырмаған болып шығады. Бұл мындағы анализдердің дұрыс болмағанын көрсетеді. Сол үшін мен лаборатория аштым. Кореяға өзімнің лабораториямда тексеріп жіберетін болдым. Корея менің лабораториямда тексерілген науқас болса, ары қарай сеніммен қабылдап, емдей береді», - деді ол.

"Былтырғы уақытты қайтар" деп зар илеудің қандай мәні бар?

Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Павлодар, Өскемен, Петропавл деген нән қалалар UTC+5 белдеуінде жатыр.
Даурен Омаров Даурен Омаров 19.11.2024 | 16:16

Футбольное сообщество требует вернуть «Акжайык» в госсобственность

Их мнение - это единственная возможность сохранить уральский футбол
Adal Adam Adal Adam 15.11.2024 | 16:13

Депутат Бакытжан Базарбек представил Казахстан, победивший коррупцию

По его мнению, инвесторы начнут вкладываться в страну и пополнять бюджет
Алина Мороз Алина Мороз 15.11.2024 | 12:25

«Ең төменгі жалақы 300 мың болуы керек деген – жастық албырттықпен айтылған пікір» – экс-сенатор

Айта кетейік, былтыр Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов «елдегі ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы керек» деген болатын.
Даурен Омаров Даурен Омаров 14.11.2024 | 12:02

«Ұлттық экономика мен Қаржы министрлері отставкаға кету керек»:  Экс-сенатор бюджет тапшылығы туралы

Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, отставка сұрау – саяси қызметтегі мәдениеттің үлкен үлгісі.
Даурен Омаров Даурен Омаров 08.11.2024 | 01:27

«ЦОНы готовят к приватизации»: депутат обеспокоена инициативой корпорации

Она считает, что бизнесменам стоит запретить зарабатывать на госуслугах
Алина Мороз Алина Мороз 07.11.2024 | 10:37

Қазақстан-француз ынтымақтастығының бес ұзақ мерзімді трендтері

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары ұзақ мерзімді екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа іргелі негіз қалыптастырды.
Даурен Омаров Даурен Омаров 06.11.2024 | 23:10