×

Ресей Кенесары ханның бас сүйегін қашан қайтарады?

Тарихшы, этнограф Жамбыл Артықбаев «Adal Adam» You tube арнасына берген сұхбатында  Кенесары ханның бас сүйегінің Қазақстанға қайтарылуына қатысты ойын жеткізді.

Даурен Омаров 09.05.2024 | 15:55
Ресей Кенесары ханның бас сүйегін қашан қайтарады?
kaz.orda.kz

Ол тарих ғылымдарының докторы Зиябек Қабылдиновтің Кенесары ханның бас сүйегі елге қайтарылады деген сүйінші жаңалығын кейбір адамдар неге күлкіге айналдырғанын айтты неге кейбір адамдар неге күлкіге айналдырғанын айтты. 

«Олар Кенесарыға күлмеген секілді. Зиябек Қабылдиновке күлді деп ойлаймын. Өйткені, кез келген ақыл-есі дұрыс адам, Ресейдің таяу арада бізге Кенесарының басын қайтармайтынын біледі. Өйткені, Ресей өзінің империялық пиғылынан бас тартқан жоқ. Жалғыз ғана Кенесарының басы емес, ол жерде украин гетмандардың басы, поляк басшыларының басы бар, басқа ұлттардың басшылары бар. Ресей империясына кірген әртүрлі ұлыстар, ұлттар, мемлекеттердің бағыныштылығының символы есебінде бастар Ресейде сақталады. Жаман дәстүр. Сонау ерте, алғашқы қауымдық, рулық құрылыс кезеңінен қалыптасқан бір практика болған: көсемдердің бастарын жинау деген. Соны Ресей өзіне практика қылып алған. Бұл бас, менің білуімше, Петр I-ші заманында салынған кунсткамерада тұр. Ресей империясы деген Петр I-нің кезінен басталды, сол империяның атрибуттары есебінде ол Ресейде сақталады, бізге әзір берілмейді. Соны білетін адамдар Зиябектің соны алам дегеніне күлген болу керек» — деді ғалым.

Жамбыл Артықбаев Кенесары ханның бас сүйегі оралған күннің өзінде, Қазақстан керемет жаңарып кетеді дегенге сенбейтінін айтты.

«Біз бірте-бірте жаңғырып келе жатырмыз. Өйткені отаршылдық кезеңнен өттік. Совет үкіметі кезінде біз барлық жағынан кері кетіп қалдық. Ұлттық мүдденің орнына рулық мүдде төрге шықты. Отыз жылдық көрсетіп тұр ғой біздің жағдайымызды. Кенесары ханның басы келгеннен кейін, жаңа қазақ пайда болады дегенге мен сенбеймін. Бұл өзі эволюциялық жол, бірте-бірте жаңғырып келе жатырмыз, ақырын-ақырын ұлтқа керек жақсы идеяларды табуымыз керек. Сол кезде Кенесары ханның басы да қайтады ғой деп ойлаймын. Кенесары басын абыроймен әкеліп, жақсы бір пантеонға қойып, жерлеу керек деп ойлаймын», - дейді Жамбыл Артықбаев.

"Былтырғы уақытты қайтар" деп зар илеудің қандай мәні бар?

Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Павлодар, Өскемен, Петропавл деген нән қалалар UTC+5 белдеуінде жатыр.
Даурен Омаров Даурен Омаров 19.11.2024 | 16:16

Футбольное сообщество требует вернуть «Акжайык» в госсобственность

Их мнение - это единственная возможность сохранить уральский футбол
Adal Adam Adal Adam 15.11.2024 | 16:13

Депутат Бакытжан Базарбек представил Казахстан, победивший коррупцию

По его мнению, инвесторы начнут вкладываться в страну и пополнять бюджет
Алина Мороз Алина Мороз 15.11.2024 | 12:25

«Ең төменгі жалақы 300 мың болуы керек деген – жастық албырттықпен айтылған пікір» – экс-сенатор

Айта кетейік, былтыр Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов «елдегі ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы керек» деген болатын.
Даурен Омаров Даурен Омаров 14.11.2024 | 12:02

«Ұлттық экономика мен Қаржы министрлері отставкаға кету керек»:  Экс-сенатор бюджет тапшылығы туралы

Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, отставка сұрау – саяси қызметтегі мәдениеттің үлкен үлгісі.
Даурен Омаров Даурен Омаров 08.11.2024 | 01:27

«ЦОНы готовят к приватизации»: депутат обеспокоена инициативой корпорации

Она считает, что бизнесменам стоит запретить зарабатывать на госуслугах
Алина Мороз Алина Мороз 07.11.2024 | 10:37

Қазақстан-француз ынтымақтастығының бес ұзақ мерзімді трендтері

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары ұзақ мерзімді екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа іргелі негіз қалыптастырды.
Даурен Омаров Даурен Омаров 06.11.2024 | 23:10