×

«Әсіре алашшыл болып жүр»: Құлбек Ергөбек алаштанушыларды сынға алды

Жазушы-ғалымның айтуынша, Сәбит Мұқанов сияқты совет қайраткерлерін сынағанда обьективтілік керек.

Даурен Омаров 24.02.2025 | 13:24

Жазушы, әдебиет сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құлбек Ергөбек Adal Adal youtube арнасына берген сұхбатында қазіргі кездегі алаштанушы ғалымдар әсіре алашшыл болып кеткенін сынға алды.

«Әсіресе кейін шыққан жас зерттеушілер әсіреалашшыл болып жүр. Мысалы, мен Сәбит Мұқановты 1980 жылдардан бері сынай бастадым. «Құбылып соққан замана желі-ай» деген көлемді мақала жаздым. Оны «Жалын» журналы әрең дегенде жариялады. Сонда жұмыс істейтін Мереке Құлкеновтер «өзіңіз Сәбит Мұқанов музейіндесіз, өкпелейтіндер табылады ғой» деген боалтын. Мақаланың мағынасы былай еді. Сәбит Мұқанов құбылып соққан замана желіне шыдай алмады, яғни ол неше түрлі қиындықтарға түсіп адасты, алашордашыларға қарсы шықты, Сәкен, Бейімбет ұсталғанда да қаралаушы мемлекеттік аппараттың жағында қалды деген ойлар жазылды. Бүгінде менің осындай мақалам далбаса болып қалды. Ал «Алаш» айқайлап жүрген Сұлтанхан, Елдос деген балаларым, інілерім Сәкен, Бейімбет, Ілияс ұсталғанда Сәбит Мұхановтар қызыл туды желбіретіп, Медеу жаққа барып арақ ішіпті деп жүр. Соларға айтар едім, бұған дейін Сәбит Мұқановты ақтаған шығармаларды оқымай-ақ қойыңдар, ең болмаса Сәбит Мұқановты, Әбділдә Тәжібаевты сынаған қазақ ғалымдарының, мына біздің еңбегімізді оқып шығыңдар», - деді жазушы-ғалым.

Оның айтуынша, Сәбит Мұқанов сияқты совет қайраткерлерін сынағанда обьективтілік керек. Сынай отырып, елге сіңірген еңбектерін де жоққа шығармауды есте ұстау қажет.

«Қонаевтың саяси мансабының басталуына Бейсембай Кенжебаев себеп болған» – Құлбек Ергөбек

Құлбек Ергөбектің айтуынша, Б.Кенжебаев Қонаевтың саяси мансабының басталуына себепкер болғаны ақиқат.
Даурен Омаров Даурен Омаров 25.02.2025 | 00:24

«Мағауинмен қоштасуды да саясатқа айналдырып жібердік» - Құлбек Ергөбек

Құлбек Ергөбек Adal Adal youtube арнасына берген сұхбатында Мұхтар Мағауин мен Бердібек Сапарбаевтың телефон арқылы сөйлескенін айтты.
Даурен Омаров Даурен Омаров 24.02.2025 | 09:28

Ербол Алшынбай өлеңдері: АҚШ жазушысы пікір білдірді

Жазушы Джудит Линберг Ербол Алшынбайдың «Жылқы ғана жалғандағы серігім» атты топтама өлеңдерін оқып, өз әсерін бөлісті.
Даурен Омаров Даурен Омаров 22.02.2025 | 11:59

Тұтынушылардың құқықтары: несие бойынша заңсыз әрекеттерге қарсы күрес рөлі

“Zangerler palatasi” заң консультанттар Палатасының заң консультанты Ақылбекова Ақниет Абдразаққызымен сұхбат.
Даурен Омаров Даурен Омаров 20.02.2025 | 17:34

«Маңғыстауды басқару оңай емес»: Еділ Жаңбыршин облыстың жаңа әкімі туралы ойын айтты

Депутат Маңғыстау облысының әкіміне "тәжірибесі мол, елмен тіл табыса алатын әкім" деген баға берді. 
Даурен Омаров Даурен Омаров 18.02.2025 | 12:49

Сенатор предложил убрать скидки по оплате штрафов нарушителям ПДД

Он отметил, что это должно касаться втовладельцев, систематически нарушающих правила дорожного движения
Алина Мороз Алина Мороз 13.02.2025 | 15:12

Берік Уәли, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы: Жауапкершілік жүгі жеңіл болмайды

Президенттің кез келген тап­сырмасы мен бастамасы еліміздің дамуы үшін аса маңызды.
Даурен Омаров Даурен Омаров 11.02.2025 | 12:58