×

«Маңғыстауды басқару оңай емес»: Еділ Жаңбыршин облыстың жаңа әкімі туралы ойын айтты

Депутат Маңғыстау облысының әкіміне "тәжірибесі мол, елмен тіл табыса алатын әкім" деген баға берді. 

Даурен Омаров 18.02.2025 | 12:49

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай туралы көзқарасын айтты.

«Нұрдәулет інімізді жақсы танимын деп айта алмаймын, бірақ таныспыз. Өйткені, Маңғыстау өңіріне бертінде келді. Астанада орталық атқарушы органдарда, үлкен компанияларда қызмет етті. Ал елге келіп қызмет істеп жатқанына он жылдай болған жоқ. Ақтау қаласының әкімі, облыс әкімінің орынбасары болды, Өзенмұнайгаз компаниясын басқарды. Біраз тәжірибе жинақтады. Қазір аяқалысы жаман емес. Облыста, көріп отырсыздар, дүмпулер, келіспеушіліктер саябырсыған сияқты. Біздің облыс оңай облыс емес қой. Оны басқару да оңай емес. «Шағын Қазақстан» деуге болады Маңғыстауды. Бүкіл проблема бар. Халықтың да саны өсіп келе жатыр. 800 мыңның үстіне шығып кетті. Көптеген қордаланған мәселелер бар. Соның ішінде су, экология, МАЭК мәселелерін айтуға болады. Шешілген мәселелер де жетерлік. Газдандыру 100 пайыз, жол 98 пайыз шешілген. Екі порт жұмыс істеп тұр. Әлеуеті жоғары өңір болып есептеледі. Мұнай сарқылып жатқанын ескерсек, экономиканы диверсификация жасау керек. Туризмді, өндірісті дамыту қажет. Нұрдәулет Қилыбайдың алдына қойылған осындай үлкен міндеттер бар. Президенттің берген тапсырмалары бар. Қасындағы командасы мықты болса, мәселенің бәрін шешуге болады. Біз, Мәжіліс пен Сенат депутаттары тарапынан барлық көмекті береміз. Өзі де байсалды, көпті көрген жігіт. Беделі де жақсы. Елмен тіл табысып жұмыс істеп жатыр. Инвестиция тарту бағытында шаруалар жасап жатыр. Меніңше, халық оны қолдау керек. Кері тартпауымыз керек. Өз халқынан басшы қолдау көріп отырса, құлшынып жұмыс істейді деп ойлаймын», - деді Еділ Жаңбыршин.   

Айта кетейік, Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі болғанына бір жыл болған жоқ, ол 2024 жылдың мамыр айында тағайындалды. 

«Қонаевтың саяси мансабының басталуына Бейсембай Кенжебаев себеп болған» – Құлбек Ергөбек

Құлбек Ергөбектің айтуынша, Б.Кенжебаев Қонаевтың саяси мансабының басталуына себепкер болғаны ақиқат.
Даурен Омаров Даурен Омаров 25.02.2025 | 00:24

«Әсіре алашшыл болып жүр»: Құлбек Ергөбек алаштанушыларды сынға алды

Жазушы-ғалымның айтуынша, Сәбит Мұқанов сияқты совет қайраткерлерін сынағанда обьективтілік керек.
Даурен Омаров Даурен Омаров 24.02.2025 | 13:24

«Мағауинмен қоштасуды да саясатқа айналдырып жібердік» - Құлбек Ергөбек

Құлбек Ергөбек Adal Adal youtube арнасына берген сұхбатында Мұхтар Мағауин мен Бердібек Сапарбаевтың телефон арқылы сөйлескенін айтты.
Даурен Омаров Даурен Омаров 24.02.2025 | 09:28

Ербол Алшынбай өлеңдері: АҚШ жазушысы пікір білдірді

Жазушы Джудит Линберг Ербол Алшынбайдың «Жылқы ғана жалғандағы серігім» атты топтама өлеңдерін оқып, өз әсерін бөлісті.
Даурен Омаров Даурен Омаров 22.02.2025 | 11:59

Тұтынушылардың құқықтары: несие бойынша заңсыз әрекеттерге қарсы күрес рөлі

“Zangerler palatasi” заң консультанттар Палатасының заң консультанты Ақылбекова Ақниет Абдразаққызымен сұхбат.
Даурен Омаров Даурен Омаров 20.02.2025 | 17:34

Сенатор предложил убрать скидки по оплате штрафов нарушителям ПДД

Он отметил, что это должно касаться втовладельцев, систематически нарушающих правила дорожного движения
Алина Мороз Алина Мороз 13.02.2025 | 15:12

Берік Уәли, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы: Жауапкершілік жүгі жеңіл болмайды

Президенттің кез келген тап­сырмасы мен бастамасы еліміздің дамуы үшін аса маңызды.
Даурен Омаров Даурен Омаров 11.02.2025 | 12:58