×

«Бір сөзден кейін депутат болуға келістім» - Ардақ Назаров

Мәжіліс депутатының айтуынша, өзіне Парламентке келуге бірнеше рет ұсыныс түскен. 

Даурен Омаров 25.11.2024 | 10:05

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында өзіне бірнеше рет депутат болуға ұсыныс түскенін жеткізді. Алайда кімнен, қайдан екенін нақты айтпады. 

«Мен депутат болар алдында ескертті: ертең сенің артыңнан адам түседі, өйткені сен қазақсың, сен дәстүрді жақсы қозғайсың, жастармен жақсы жұмыс ітсейсің және сенде дін бар деді. Қайтсе де сені олар қаралап көрсетеді, соған дайын бол деді. Мұны достарым, ақылды жігіттер айтты. Жалпы өзім саясатты жақсы көрмейтін адаммын, бірнеше рет «отказ» бергем депутат болуға. Астанаға бірнеше рет келгеннен кейін өзімнің келісімімді бердім. Бір сөзден кейін. Ол сөзді кейін айтармын. Ал әкеме Парламентке депутат болайын деп жатқанымды айттым. «Бірақ ертең балаңыздың талқанын шығаруы, қаралап көрсетуі мүмкін, басқа болуы мүмкін. Соған дайынсыздар ма?» дедім. Әкем «балам, бір емес, сені жеті рет шақырып тұр ғой. Анаң екеуміз батамызды береміз, сен бар да халқыңа қызмет жаса. Сен осы уақытқа дейін өз еңбегіңмен, спортыңмен елдің байрағын көтеріп, қызметіңді жасадың. Енді ақылыңмен, біліміңмен, сөзіңмен қызмет жасайтын кезің келді. Балам, дұрыс сөз сөйле, шындықты айт» деді. Тура осылай айтты. Содан түнімен ойландым, Алладан қайырын тіледім, таңертең жүрегім тап-таза. Содан осы жаққа (Парламентке) келдім», - деді.

"Былтырғы уақытты қайтар" деп зар илеудің қандай мәні бар?

Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Павлодар, Өскемен, Петропавл деген нән қалалар UTC+5 белдеуінде жатыр.
Даурен Омаров Даурен Омаров 19.11.2024 | 16:16

Футбольное сообщество требует вернуть «Акжайык» в госсобственность

Их мнение - это единственная возможность сохранить уральский футбол
Adal Adam Adal Adam 15.11.2024 | 16:13

Депутат Бакытжан Базарбек представил Казахстан, победивший коррупцию

По его мнению, инвесторы начнут вкладываться в страну и пополнять бюджет
Алина Мороз Алина Мороз 15.11.2024 | 12:25

«Ең төменгі жалақы 300 мың болуы керек деген – жастық албырттықпен айтылған пікір» – экс-сенатор

Айта кетейік, былтыр Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов «елдегі ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы керек» деген болатын.
Даурен Омаров Даурен Омаров 14.11.2024 | 12:02

«Ұлттық экономика мен Қаржы министрлері отставкаға кету керек»:  Экс-сенатор бюджет тапшылығы туралы

Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, отставка сұрау – саяси қызметтегі мәдениеттің үлкен үлгісі.
Даурен Омаров Даурен Омаров 08.11.2024 | 01:27

«ЦОНы готовят к приватизации»: депутат обеспокоена инициативой корпорации

Она считает, что бизнесменам стоит запретить зарабатывать на госуслугах
Алина Мороз Алина Мороз 07.11.2024 | 10:37

Қазақстан-француз ынтымақтастығының бес ұзақ мерзімді трендтері

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары ұзақ мерзімді екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа іргелі негіз қалыптастырды.
Даурен Омаров Даурен Омаров 06.11.2024 | 23:10