×

"Былтырғы уақытты қайтар" деп зар илеудің қандай мәні бар?

Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Павлодар, Өскемен, Петропавл деген нән қалалар UTC+5 белдеуінде жатыр.

Даурен Омаров 19.11.2024 | 16:16
"Былтырғы уақытты қайтар" деп зар илеудің қандай мәні бар?
infohub.kz

Біздің уақыт деген ол UTC+5, яғни, Қазақ жерінің басым бөлігі жатқан белдеудегі уақыт!

Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Павлодар, Өскемен, Петропавл деген нән қалалар осы белдеуде жатыр.

Күллі Қазақстан халқының 76%, яғни, 15 миллионнан астам адам осы белдеудің географиялық сағатымен өмір сүреді!!!

Бүгін Үкіметте сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев өткір мәлімдеме жасады. "Кеңестік кезеңде Қазақстандағы сағат 8 рет ауысқан! Жоспар орындау кереу, соцалистік жарыс ұйымдастыру керек болды, экономикаға керек болды. Осы себептен де біз ешқашан табиғи уақытпен жүріп көрмедік. Ал, қазіргі өмір сүріп отырған уақытымыз ол географиялық уақыт, табиғи уақыт" деді министр.

"Арнайы білімі жоқ, түсінігі шамалы адамдар ел ішіне әртүрлі әңгіме таратып, уақытты кері қайтаруға әрекет етіп жатқанын білемін. Бірақ, ол әрекет зая. Қазіргі уақыттың тиімділігін энергетика министрлігі де мақұлдап отыр, электр қуатын тұтынуда өзгеріс жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі де толық тексеру жасап, халық саулығына қалай әсер еткенін қадағалап отыр. Сондықтан, елді дүрліктіре бермей, тыныш жүру керек" деді Шаққалиев!

Шығыс Қазақстанның шеткі аудандары, Риддер қаласы UTC+6 белдеуіне жатады, алайда, бір аудан үшін бір белдеу ұстаудың не қажеті бар?

Кеше бір шығыстың адамы Қатон-Қарағайдағы Барлық ауылының бір видеосын жіберіпті. "Күн батып бара жатыр, сағат 13:45 болды" депті.

Мен айтам: - ол күн былтыр 14:45 те батты. Ал, сол бір сағаттан не өзгереді? Не істей аласың бір сағатта?

Өзгертсең біржола 5 сағатқа өзгерт, қыста 18:45 те күн бататын етіп. Болмаса, "14:45 те күн бататын болсын" деп дау шығарудың, "былтырғы уақытты қайтар" деп зар илеудің қандай мәні бар?

Өткенде Шығыс Қазақстаннан сайланғаны бар, сайланбағаны бар депутаттар мәлімдеме жасаған, "үйтеміз де бүйтеміз, уақытты кері қайтарамыз" деп... Бүгін Шаққалиевті естіді, ертең пленаркадан кейін не дер екен?!

Алмас Алтайдың Facebook парақшасынан

Футбольное сообщество требует вернуть «Акжайык» в госсобственность

Их мнение - это единственная возможность сохранить уральский футбол
Adal Adam Adal Adam 15.11.2024 | 16:13

Депутат Бакытжан Базарбек представил Казахстан, победивший коррупцию

По его мнению, инвесторы начнут вкладываться в страну и пополнять бюджет
Алина Мороз Алина Мороз 15.11.2024 | 12:25

«Ең төменгі жалақы 300 мың болуы керек деген – жастық албырттықпен айтылған пікір» – экс-сенатор

Айта кетейік, былтыр Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов «елдегі ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы керек» деген болатын.
Даурен Омаров Даурен Омаров 14.11.2024 | 12:02

«Ұлттық экономика мен Қаржы министрлері отставкаға кету керек»:  Экс-сенатор бюджет тапшылығы туралы

Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, отставка сұрау – саяси қызметтегі мәдениеттің үлкен үлгісі.
Даурен Омаров Даурен Омаров 08.11.2024 | 01:27

«ЦОНы готовят к приватизации»: депутат обеспокоена инициативой корпорации

Она считает, что бизнесменам стоит запретить зарабатывать на госуслугах
Алина Мороз Алина Мороз 07.11.2024 | 10:37

Қазақстан-француз ынтымақтастығының бес ұзақ мерзімді трендтері

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары ұзақ мерзімді екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа іргелі негіз қалыптастырды.
Даурен Омаров Даурен Омаров 06.11.2024 | 23:10

Депутат объяснил, почему раскритиковал проект республиканского бюджета, но в итоге поддержал его

Мажилисмен Елнур Бейсенбаев заверил, что в противном случае это обернулось бы социальным коллапсом  
Павел Седых Павел Седых 04.11.2024 | 11:17