×

Ұрпақ тәрбиесінде батысшыл болу қауіпті

Нағыз бірлікке ұлттық немесе мемлекеттік идеологияның арқасында ғана қол жетеді.

Даурен Омаров 29.02.2024 | 15:47
Ұрпақ тәрбиесінде батысшыл болу қауіпті
aqmeshit-zhastary.kz

Сыртқы және ішкі саясаттың қыр-сырын жақсы білетін, келер күннің қабағын алыстан байқайтын аса тәжірибелі дипломат ретінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің ішіндегі өзгерістер мен реформалар көрегендікпен жүргізіліп, қабылданатын шешімдер барынша салмақты болып, шұғыл түрде қолға алынуы керектігі жөнінде байсалды тұжырым жасап келеді. Қазақстан халқына Жолдаулары мен Ұлттық құрылтайдың отырыстарында ішкі дамудың негізгі бағыттары мен қағидаттарын нақты айқындап берді. Президент ішкі-сыртқы саясат, экономика, білім, ғылым, мәдениет т.б саласындағы реформалар ғана емес, ұрпақ тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлу керектігін айтып, үнемі назарда ұстайтыны біздің көңілімізден шығып отыр. Қазіргі заман бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы.  

Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда  «Өскелең ұрпақтың тәрбиесі – өте маңызды мәселе. Біз ұлттық бірегейлігімізді нығайтуымыз қажет. Жалпы, дүниежүзіндегі әр ұлт – бірегей. Мұны дұрыс түсінуіміз керек. Табысқа жету үшін жоспарымыз қол жетпес қиялға не болмаса жалаң сөзге емес, нақты іске негізделуі керек. Сонда ғана оның бәрі жұртқа түсінікті, анық болады. Яғни, «Қайтсек табысты елге айналамыз?» деген сұрақтың жауабы айқын болуға тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Әрине, бүгінгі өскелең ұрпақ жан-жақты, білімді, бірнеше тілде еркін сөйлей алатындай бәсекеге қабілетті болуы керек. Бұл заман талабы. Өйткені білекпен емес, біліммен жығатын кезең. Бірақ қай кезеңде болмасын «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» (Әл-Фараби) екенін ұмытпауымыз керек, өйткені тәрбие  арқылы  адам  тағдыры  шешіледі,  білімді  тұлға  болып  қалыптасады, елдің  берік  тірегі  болады. 

Қасым-Жомарт Кемелұлы бірер жыл бұрын «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақала жариялаған болатын. Онда Президент:  «Қазіргі әлем күн сайын емес, сағат сайын өзгеруде. Барлық салада жаңа міндеттер мен тың талаптар қойылады. Ғылымдағы жаңалықтар адамды алға жетелейді. Ақыл-оймен ғана озатын кезең келді. Заман көшіне ілесіп, ілгері жылжу үшін біз сананың ашықтығын қамтамасыз етуіміз керек. Бұл қадам өркениеттің озық тұстарын ұлттық мүддемен үйлестіре білуді талап етеді» деп болашаққа бағдар жасады.

«Ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналды. Өйткені сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен дамуына жол ашамыз», – деді Қ.Тоқаев.

Осы ретте білім берудегі жаңа технологиялардың қарқынды дамуы және өндіріске жылдам енгізілуі, сондай-ақ күйзелістер мен белгісіздікке төзімділік нәтижесіндегі келешектің бейнесі ықпал етіп отырғаны белгілі. Пандемия кезінде отандық білім беру экономика мен қоғамдық өмірде болып жатқан цифрлы трансформациядан өту талабы қойылды. Сандық трансформация білім берудің барлық деңгейіне әсер етті.  Технологиялық өзгерістер әлемнің төртінші өндірістік революция кезеңіне қадам басқанын көрсетеді. Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері бойынша, алдағы уақытта адамдар мен машиналар арасындағы жұмыс көлемі тең бөлінетін болады. Ескі мамандықтар тез жойылады. Мектеп бұдан былай өзгеріссіз қала алмайды. Оның басты міндеті – адамзатты оқуға үйрету. Өйткені өмір бойы оқу – қазіргі заманның басты талабы.

Педагогика ғылымының объектісі – оқушы. Оқушы, оқушылар – өзінің интеллектуалдық, физикалық және рухани әлеуметін дамыту үшін нақты оқу бағдарламасының білім, дағды, шеберлігін меңгеру әрекетіне бағытталған педагогикалық процестің объектісі.

Антипедагогика – қазіргі заманғы өркениеттің қашып құтыла алмайтын ауруы, ұрпақтардың басы бірікпеушілігі туралы мәдени-антропологиялық   көзқарастардан шығатын, тұлғаны қалыптастырудың мақсатты процесі ретінде тәрбиеден бас тартуды негіздейтін, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Батыс Европа мен АҚШ педагогикасындағы ағым. «Әкелер» мен «балалар» арасындағы тұңғиық пайда болып, шұғыл әлеуметтік-мәдени өзгерістердің салдарынан ересектер балаларға жас ұрпақ үшін өмірде шынайы тірек болатын мәдениеттің тиісті типін бере алмауда. Одан шығудың жолын қарастырудың орнына бұл тараптың өкілдері «тәрбиелеу институты өзін-өзі ақтамайды, сондықтан одан бас тарту керек» деп қате қорытынды жасайды. Олардың мақұлдауынша, тәрбие тұлғаның сана-сезімі үшін патогендік процестер туғызады, жас ұрпақтың психологиялық саулығын бұзады деп адамзатты өзінің ұлттық тәрбиесіне қарсы қояды. Мәселенің мән жайын ғылыми негізде байыптап алмай, тым батысшыл болу қауіпті.

Соңғы нәтиже – индикаторлардың кең спекторлары көрсететін (оқушылардың білімі, өзіндік жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары) бағдарламалардың жорамалданған немесе жеткен нәтижелері немесе институционалдық мақсаттар мен міндеттерге жету. Қалай орындалып жатқанын анықтау үшін оқыту мен үйретудің нәтижелерінің сандық та, сапалық та көрсеткіштерін жинау, талдау мен қолдану акті, кейін осыны кері байланыс ретінде қолданып оқытудың сапасын жетілдіруге қолдануға болады. Оқу-тәрбие жұмысы қазақ тілінде жүргізілетін мектептер мен орыс тілді мектептерді салыстырар болсақ, ұлттық мектептердегі білімнің сапасы өте жоғары. Ауыл мектептері мен қала мектептері арасында да айтарлықтай алшақтық жоқ, мұның өзі ауыл мектептеріндегі балалардың білімге деген ынта-ықыласының жоғарылығынан болса керек. Мұндағы түйткілді жай орыс сыныптарында орыс тілді балаларға қарағанда қазақ балаларының санының көп болуы. Қазақ мектебі, ауыл мектебі жайлы теріс пікірлердің тоқтайтын кезі жетті.

Білім мен ғылымның дамуына арқа сүйемеген елдің болашағының бұлыңғыр екені мәлім. Қазақстанда соңғы жылдары қалыптасқан білім беру жүйесіндегі үрдістер Мемлекет басшысының жағдайды жақсы түсінетінін  және дамудың жаңа траекториясына қалай бағыттауды жүйелі пайымдайтынын көрсетеді.

ХХІ ғасыр – дамыған елдердің білім беру жүйелерінің өзара бәсекелестікке түскен ғасыры. Орта білім беруді қарастырар болсақ, соңғы 10 жылда халықаралық зеттеулер жүйесі PISA,TIMSS,PIRLS қорытындылары бойынша білім сапасы тұрақты түрде жоғары елдер қатарына Қытай, Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея, Финляндия, Тайвань, Эстония, Лихтенштейнді жатқызуға болады. Аталған елдерде тиімділіктің негізгі факторы ретінде мемлекеттің білім беру саясаты ел келешегі мен ұлттық ерекшелікті алған. Мәдениет пен құндылықтарды сақтап, дамытуға да баса назар аударған. Дәстүрлі білім беруге қарағанда, тәрбие беруді негізгі мақсат етіп ұстанған.
Осы орайда «Еліміздің білім беру саясатының басты идеясы ретінде нені алумыз керек?» - деген орынды сұрақ туады. Біздің ойымызша, білім беру саясатының басты идеясы ретінде ұлттың болашақ тағдыры күн тәртібіне қойылған жағдайда ұлттық болмысымызды сақтап, басқа алпауыттардың ассимиляциясына түсіп кетпей, адам болып, қазақ болып қалуымыз үшін Абайды тануымыз керек. «Қазақ қандай болу керек», «жаһандануға жұтылып кетпей, ұлттық болмысымызды сақтап қалуымыз үшін не істеуіміз керек» деген сауалдардың жауабын Абайдың 176 өлең, 3 поэма, 45 қарасөзінен табамыз. Абайдың рухани болмысынан қазақтың ұлттық бейнесін толық көреміз. Абай дегеніміз-қазақ, қазақ дегеніміз –Абай. 

У.Фолькнер: «Ақын адамзат өмірінің жылнамасын жайғана жасамауы тиіс, оның туындылары адамды сүйеп тұратын  таяным, әрі оны аяғынан тік тұрғызатын тіреуіш, қандай қиындықтар болса да жеңуге көмектесетін қайрат, демеу болуға тиіс»,- дейді.

Ал, Абай өз дәуіріндегі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, қоғамдық әлеуметтік-саяси жағдайын айқын бейнеледі. «Қайтсек ел боламыз» деп сол заманда ешкімнің ой-санасына кірмеген мәнді мәселені көтеріп, өзге мемлекеттердің дамыған жолына бет бұрғызу мұратын көздеді.  

Әрбір халықтың ұлт болып қалыптасып, қалыпты өмір сүруі, дамуы үшін оның өміршеңдігін қамтамасыз етуші рухани ұстындары бар. Онсыз қазіргі жаһандану заманында ұлттың өз қалпын  сақтап, ұлт болып өмір сүруі қиын болып бара жатыр. Ұлттық құндылықтармен өмір сүріп, ұлттың болмысын сақтай білген халықтар ғана ұлт болып, мемлекет болып өмір сүріп жатқан жайы бар. Мәселен, қытайлар Конфуцийді, орыстар Пушкинді, өзбектер Науаиді, түркімендер Мақтымқұлыны, қырғыздар «Манас», якуттар «Олонхо» жырларын ұлттық идеологиясының негізі етіп алған.

Абай ел болу үшін, өсіп-өркендеу үшін ең алдымен бірлік керек дейді. Ғалымдардың анықтауынша, адамдардың, ұлттың бірлігі ойдың бірлігінен басталады. Ой бірлігі – жалпы бірлік атаулының бастауы. Идеялық бірлік болса, сөзде де, істе де бірлік болады. Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов «Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады», – дейді.  Нағыз бірлікке ұлттық немесе мемлекеттік идеологияның арқасында ғана қол жетеді.

Демократиялық қоғам орнатуға кіріскен елімізде идеологиялық жұмыстардың жетімсіздігінен  ұлттық бірлікке қол жеткізудің қиын болып жатқанын осылайша түсіндіруге болады.

Абайдың ұлылығы сол, ұлт үшін аса маңызды мәселенің дұрыс шешімін осыдан бір жарым ғасыр бұрын айтып кетіпті. Абайдың «ақылға бірлік» деп отырғаны ой бірлігі, идея бірлігі бүгінгі қазақ қауымының алдына өткір қойылып отыр.  

Екінші Құрылтайда Президент жас ұрпақ тәрбиесіне ықпал ететін шараларға ерекше назар аудартты. Балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеу туралы дұрыс мәселе көтерді. Ұрпақ тәрбиесіне баса мән беріп, жастарды жақсылыққа жетелеуге шақырды. Әрине, бұл бүгінгі интернет дәуірінде оңай шаруа емес.

«Ашығын айтсақ, қазір жас ұрпақ әлеуметтік желі арқылы тәрбие алып жатыр. Баланы дұрыс бағытқа бұрып, жол көрсетіп отырмасақ, бұл – өте қауіпті үрдіс. Ғаламтор арқылы жат діни ағымдардың құрығына түскен жастар да бар. Ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл – ең алдымен, үлкендердің кінәсі. Біз жастарды жаһанданудың қатерлі ықпалынан барынша сақтауға міндеттіміз», - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Жалпы Президенттің сайлауалды бағдарламасында, Жолдауда, Ұлттық құрылтайда, БАҚ жарияланған мақалаларда  көтерілген мәселелер кезең- кезеңімен жүзеге асып келеді. Бізден талап етілер нәрсе – ұрпақ тәрбиесі, бірлік, халықтар достығын сақтау және бейбітшіліктің бедерін бұзып алмау. Сонда біз алға қойған стратегиялық бастамалардың бәріне қол жеткіземіз.
 

Абай ЖОМАРТҰЛЫ 
ардагер-ұстаз
Қызылорда  

"Былтырғы уақытты қайтар" деп зар илеудің қандай мәні бар?

Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Павлодар, Өскемен, Петропавл деген нән қалалар UTC+5 белдеуінде жатыр.
Даурен Омаров Даурен Омаров 19.11.2024 | 16:16

Футбольное сообщество требует вернуть «Акжайык» в госсобственность

Их мнение - это единственная возможность сохранить уральский футбол
Adal Adam Adal Adam 15.11.2024 | 16:13

Депутат Бакытжан Базарбек представил Казахстан, победивший коррупцию

По его мнению, инвесторы начнут вкладываться в страну и пополнять бюджет
Алина Мороз Алина Мороз 15.11.2024 | 12:25

«Ең төменгі жалақы 300 мың болуы керек деген – жастық албырттықпен айтылған пікір» – экс-сенатор

Айта кетейік, былтыр Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов «елдегі ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы керек» деген болатын.
Даурен Омаров Даурен Омаров 14.11.2024 | 12:02

«Ұлттық экономика мен Қаржы министрлері отставкаға кету керек»:  Экс-сенатор бюджет тапшылығы туралы

Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, отставка сұрау – саяси қызметтегі мәдениеттің үлкен үлгісі.
Даурен Омаров Даурен Омаров 08.11.2024 | 01:27

«ЦОНы готовят к приватизации»: депутат обеспокоена инициативой корпорации

Она считает, что бизнесменам стоит запретить зарабатывать на госуслугах
Алина Мороз Алина Мороз 07.11.2024 | 10:37

Қазақстан-француз ынтымақтастығының бес ұзақ мерзімді трендтері

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары ұзақ мерзімді екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа іргелі негіз қалыптастырды.
Даурен Омаров Даурен Омаров 06.11.2024 | 23:10