×

«Ең төменгі жалақы 300 мың болуы керек деген – жастық албырттықпен айтылған пікір» – экс-сенатор

Айта кетейік, былтыр Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов «елдегі ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы керек» деген болатын.

Даурен Омаров 14.11.2024 | 12:02

Экс-сенатор Мұрат Бақтиярұлы Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында қазіргі кезеңде елімізде ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы мүмкін емес деп есептейді.

«Парламенттегі орнымызды басқан депутаттардың көбі жастар. Жастар квотасы да бар. Бірақ жас шамамен шектемеу керек. Парламентте профессионалдар отыру керек. Жастың аты жас қой, ол албырттықпен «өйту керек», «бүйту керек» деп айтып жібереді. Ал өмірде оңай емес қой. Мысалы, Мәжілісте бір депутат ең төменгі жалақыны 300 мың теңгеге дейін көтеру керек деді. Қазір ең төменгі жалақы 85 мың теңге. Мемлекеттік мекемелердегі еден жуушы сияқты жұмысшылардың жалақысын 300 мың теңгеге көтерді делік, олардың саны 500 мыңдай болуы мүмкін. Ал қалған 4-5 млн адам шағын және орта бизнесте істейді ғой. Олар кәсіпкерге айтады, мемлекеттік мекемелерде жалақыны 300 мың қылды, сен де біздікін көтер дейді. Мұндай жағдайда шағын және орта бизнестің бәрі банкротқа кетеді. Ал әлгі депутат реалды ахуалды білмей отыр. Ең төменгі жалақыны 300 мың қылу – абсурд, қазіргі кезеңде мүлде болмайды. Былайша айтқанда, ол депутат қарапайым халықтың көңілін табуға тырысты, алғысын алды, бар болғаны көз алдау ғана. Бірақ оның ұсынысы дұрыс емес екенін бәрі біліп отыр», - деді экс-сенатор.

Айта кетейік, былтыр Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов «елдегі ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы керек» деген болатын.

"Былтырғы уақытты қайтар" деп зар илеудің қандай мәні бар?

Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Павлодар, Өскемен, Петропавл деген нән қалалар UTC+5 белдеуінде жатыр.
Даурен Омаров Даурен Омаров 19.11.2024 | 16:16

Футбольное сообщество требует вернуть «Акжайык» в госсобственность

Их мнение - это единственная возможность сохранить уральский футбол
Adal Adam Adal Adam 15.11.2024 | 16:13

Депутат Бакытжан Базарбек представил Казахстан, победивший коррупцию

По его мнению, инвесторы начнут вкладываться в страну и пополнять бюджет
Алина Мороз Алина Мороз 15.11.2024 | 12:25

«Ұлттық экономика мен Қаржы министрлері отставкаға кету керек»:  Экс-сенатор бюджет тапшылығы туралы

Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, отставка сұрау – саяси қызметтегі мәдениеттің үлкен үлгісі.
Даурен Омаров Даурен Омаров 08.11.2024 | 01:27

«ЦОНы готовят к приватизации»: депутат обеспокоена инициативой корпорации

Она считает, что бизнесменам стоит запретить зарабатывать на госуслугах
Алина Мороз Алина Мороз 07.11.2024 | 10:37

Қазақстан-француз ынтымақтастығының бес ұзақ мерзімді трендтері

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары ұзақ мерзімді екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа іргелі негіз қалыптастырды.
Даурен Омаров Даурен Омаров 06.11.2024 | 23:10

Депутат объяснил, почему раскритиковал проект республиканского бюджета, но в итоге поддержал его

Мажилисмен Елнур Бейсенбаев заверил, что в противном случае это обернулось бы социальным коллапсом  
Павел Седых Павел Седых 04.11.2024 | 11:17