×

«Әрбір ауданның, әрбір облыстың өзінің жемқор жүйесі бар» — Бақытжан Базарбек

Депутаттың пікірінше, әр аймақтың өзінің кішігірім олигархтары бар

Даурен Омаров 25.02.2024 | 15:31

«Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек  Adal  Adam Youtube арнасына берген сұхбатында  “ескі Қазақстан” өкілдерінің жерлерді қалай заңсыз иемденіп алғандығы туралы айтты.

«Біз ауыл шарушылығы мақсатындағы жерлерді 10 млн гектарға дейін қайтаруға қол жеткіздік. Бұлар мемлекеттік меншікке қайтарылған жерлер. Соның ішінде, 87%-ы игерілмеген жерлер, пайдаланбаған. Назарбаевтың кезінде, жемқор жүйенің кем тұстарын пайдаланып жерлерді ала берген. Әрбір ауданның, әрбір облыстың өзінің жемқор жүйесі бар. Аудан әкімі, ауданның прокуроры, ауданның соты бар, шенеуніктері бар, міне, соны пайдаланған. Аудан, облыс деңгейіндегі кішігірім олигархтары бар. Сол кішігірім олигархтарының өздері прокурормен, әкіммен, полициямен ауыз жаласқан. Солар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді былай қойғанда, су қорына енетін жерлер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман қорына кіретін жерлердің барлығын алып алған. Елді мекенді жерлерді алып алған. Біздің жұмысымыздың нәтижесінде сол жерлер мемлекеттік меншікке қайтарылып жатыр», — деді депутат.

Бақытжан Базарбек “Жер аманаты” аясында қарапайым шаруалардың жерін тартып алып жатыр деген пікірлермен келіспейтінін айтты.

«Себебі, жер мәселесіне келгенде қарапайым адамның жері ме, олигархтардың жері ме деп бөлмейміз. Жер кодексінің 92 бабы бар, 92 баптың 3-тармағына сәйкес, егер де ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер берілген сәттен бастап бір жылдың ішінде пайдаланбаса, онда ол мемлекеттік меншікке қайтарылады. Жер ресурсын басқару департаменті осы уәкілетті органы ретінде сотқа талап арыз бере алады. Ал «Жер аманаты» комиссиясы тиісті тексерісті ашуға септігін тигізеді. Соның нәтижесінде, игерілмесе, пайдаланбаса, соның ішінде жерлерді заңсыз алған адамдар ішінде жай адамдар да болуы мүмкін, олигархтар да болуы мүмкін. Жер кодексінің 92, 93, 94 бабы бұзылды ма, біз ол жерді мемлекетке қайтаруға барлық шараны жасаймыз», — деді Б.Базарбек.

«Қонаевтың саяси мансабының басталуына Бейсембай Кенжебаев себеп болған» – Құлбек Ергөбек

Құлбек Ергөбектің айтуынша, Б.Кенжебаев Қонаевтың саяси мансабының басталуына себепкер болғаны ақиқат.
Даурен Омаров Даурен Омаров 25.02.2025 | 00:24

«Әсіре алашшыл болып жүр»: Құлбек Ергөбек алаштанушыларды сынға алды

Жазушы-ғалымның айтуынша, Сәбит Мұқанов сияқты совет қайраткерлерін сынағанда обьективтілік керек.
Даурен Омаров Даурен Омаров 24.02.2025 | 13:24

«Мағауинмен қоштасуды да саясатқа айналдырып жібердік» - Құлбек Ергөбек

Құлбек Ергөбек Adal Adal youtube арнасына берген сұхбатында Мұхтар Мағауин мен Бердібек Сапарбаевтың телефон арқылы сөйлескенін айтты.
Даурен Омаров Даурен Омаров 24.02.2025 | 09:28

Ербол Алшынбай өлеңдері: АҚШ жазушысы пікір білдірді

Жазушы Джудит Линберг Ербол Алшынбайдың «Жылқы ғана жалғандағы серігім» атты топтама өлеңдерін оқып, өз әсерін бөлісті.
Даурен Омаров Даурен Омаров 22.02.2025 | 11:59

Тұтынушылардың құқықтары: несие бойынша заңсыз әрекеттерге қарсы күрес рөлі

“Zangerler palatasi” заң консультанттар Палатасының заң консультанты Ақылбекова Ақниет Абдразаққызымен сұхбат.
Даурен Омаров Даурен Омаров 20.02.2025 | 17:34

«Маңғыстауды басқару оңай емес»: Еділ Жаңбыршин облыстың жаңа әкімі туралы ойын айтты

Депутат Маңғыстау облысының әкіміне "тәжірибесі мол, елмен тіл табыса алатын әкім" деген баға берді. 
Даурен Омаров Даурен Омаров 18.02.2025 | 12:49