×

«Келесі президент Тоқаевтың шекпенінен шыққан адам болу керек» - Айдос Сарым

Мәжіліс депутаты кезектен тыс президент сайлауы өтуі мүмкін деген пікірлерге қатысты ойын жеткізді. 

Даурен Омаров 31.10.2024 | 02:09

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында келесі президент кім болу керек екенін айтты.

«Президенттің Конституцияға негізделген өзінің өмірлік ұстанымы, серті бар. Ол «мен ешқашан екінші рет билікке таласпаймын» деп ашық айтты. Бір мерзімге жеті жылға сайланады. Ал келесі президент кім болады? Президенттің саяси бағыты, курсы бар. Бізге соны сақтап қалу өте маңызды. Менің түсінігімде, келесі президент қазіргі президенттің шекпенінен шыққан, соның саяси мұрагері болып табылатын адам болу керек. Яғни ол адам «Тоқаевтың бастаған реформаларын аяғына дейін тыңғылықты жеткізе аламын, сол менің мақсат-мұратым болып табылады, 10 жылдық жоспарым бар» деп келу керек қой. Ал бізге бүгінгі басталып жатқан үдерістерді өзгерте алмайтындай дәрежеге жеткізетін сайлаулар (Парламент, Президент) керек, сондай тұлғалар керек. Соның (президенттің саяси курсының) айналасында топтасып жүруіміз керек. Алда Мәжіліс сайлауы болады, 29 жылға дейін бір-екі жыл жұмыс істеп қалады, бедел жинайды, сол арқылы бейбіт, берекелі президент сайлауын өткізуге мүмкіндік туады. Солай 30 жылда үшінші президентіміз болады. Үшінші, төртінші президенттерді көрген кезде, бізге бұл үйреншікті нәрсеге айналған кезде, меніңше, елдің де жағдайы өзгереді. Осылардың арасында сайлаулар тоқтамайды, ауыл, аудан, қала әкімдерін сайлап жатамыз, сөйтіп саяси мәдениетімізді дамытамыз», - деді депутат.

Айдос Сарымның ойынша, президент сайлауы 2029 жылы өз уақытында өтеді.

«Қазіргі жағдай дұрыс қалыптасатын болса, экономикалық өсім болатын болса, уақытынан бұрын президент сайлауын өткізудің қажеті болмайды. Бәрі өз уақытымен келуі керек. Ал енді әлемдің жағдай қалай өзгереді, ертең қандай күндер келеді, әрине саясаттың өзінің есебі бар», - деді.

Сонымен қатар, депутат кезектен тыс президент сайлауы өтуі мүмкін деп жүргендерді болашақ туралы айтып қалғысы келетін шыдамсыз, тағатсыз адамдар деп бағалады.

"Былтырғы уақытты қайтар" деп зар илеудің қандай мәні бар?

Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Павлодар, Өскемен, Петропавл деген нән қалалар UTC+5 белдеуінде жатыр.
Даурен Омаров Даурен Омаров 19.11.2024 | 16:16

Футбольное сообщество требует вернуть «Акжайык» в госсобственность

Их мнение - это единственная возможность сохранить уральский футбол
Adal Adam Adal Adam 15.11.2024 | 16:13

Депутат Бакытжан Базарбек представил Казахстан, победивший коррупцию

По его мнению, инвесторы начнут вкладываться в страну и пополнять бюджет
Алина Мороз Алина Мороз 15.11.2024 | 12:25

«Ең төменгі жалақы 300 мың болуы керек деген – жастық албырттықпен айтылған пікір» – экс-сенатор

Айта кетейік, былтыр Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов «елдегі ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы керек» деген болатын.
Даурен Омаров Даурен Омаров 14.11.2024 | 12:02

«Ұлттық экономика мен Қаржы министрлері отставкаға кету керек»:  Экс-сенатор бюджет тапшылығы туралы

Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, отставка сұрау – саяси қызметтегі мәдениеттің үлкен үлгісі.
Даурен Омаров Даурен Омаров 08.11.2024 | 01:27

«ЦОНы готовят к приватизации»: депутат обеспокоена инициативой корпорации

Она считает, что бизнесменам стоит запретить зарабатывать на госуслугах
Алина Мороз Алина Мороз 07.11.2024 | 10:37

Қазақстан-француз ынтымақтастығының бес ұзақ мерзімді трендтері

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары ұзақ мерзімді екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа іргелі негіз қалыптастырды.
Даурен Омаров Даурен Омаров 06.11.2024 | 23:10