×

«Қазақ тілі мәмбеттік тіл деген пікірмен 20 жылдан аса күресіп келемін» — Ерболат Беделхан

Ерболат Беделхан Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында k-pop жанрын Қазақстанға қалай алып келгенін, кімдер ақыл-кеңес бергенін айтты.

Даурен Омаров 05.02.2024 | 16:54

«Менің Оңтүстік Кореядағы партнерім бар, оның туған ағасы Кореяда легендарлық композитор болып саналатын - Томми Ли. Бірақ, ол маркетинг саласында әр түрлі әйгілі орталықтармен жұмыс істеп, мемлекеттік шаруалармен айналысады. Мен оған өзім жазып, ұсыныс білдіргесін, ол кері хабар берді», - дейді Ерболат Беделхан.

Осы ретте, жүргізуші продюсерге “Сіз Корея мемлекетінің мәдени экспансиясын жүзеге асыруға көпір болып отырған жоқсыз ба?” деген сауал қойды.

«Сіз жаман қарағыңыз келсе, бүкіл дүниеден жамандық тауып аламыз. Екіншіден, бұл жерде үлкен адаптация жүргізу мәселесі. Мақсат: сол кісілердің жүйесін ала тұра, өзіміздің Қазақстанда, Орталық Азияда сондай қайтадан жанр, субмәдениет қалыптасса екен деген дүние. Негізінде, тікелей мені Кореямен ешнәрсе қоспайды. Ешқандай келісім жоқ. Қорқудың қажеті жоқ. Мені сондай деңгейде емеспін», - дейді продюсер.

Ерболат Беделханның айтуынша, музыка тілге бөлінбейді.

«Мен 91 жылы Қазақстанға келдім, сол кезде Қазақстанда барлығы орысша болды. Бұл - факт. Музыка болсын, барлығына экспансиясы өтіп кетті. Бүкіл музыка, Корея, Америка болсын емін-еркін өз тілінде Қазақстанға кіре береді. Кім қалай оған тосқауыл қояды? Мен, керісінше, Корея музыкасын тыңдаушы халықты қазақшаға үйреттім. Қазақ тілі мәмбеттік тіл деген пікірмен жиырма жылдан астам күресіп жүрмін», - деді продюсер.

Оған қоса, студия қонағы руханият пен креативке тоқталды.

«Адам креативпен айналысады. Креатив деген өнер, әр адамға креатив маңызды. Материалды дүние емес, рухани дүние маңыздырақ. Руханият деген басқаша. Музыканы көре алмайсың, ұстай алмайсың, бірақ музыкамен адам жылатасың, күлдіресің», - деді Беделхан.

«Қонаевтың саяси мансабының басталуына Бейсембай Кенжебаев себеп болған» – Құлбек Ергөбек

Құлбек Ергөбектің айтуынша, Б.Кенжебаев Қонаевтың саяси мансабының басталуына себепкер болғаны ақиқат.
Даурен Омаров Даурен Омаров 25.02.2025 | 00:24

«Әсіре алашшыл болып жүр»: Құлбек Ергөбек алаштанушыларды сынға алды

Жазушы-ғалымның айтуынша, Сәбит Мұқанов сияқты совет қайраткерлерін сынағанда обьективтілік керек.
Даурен Омаров Даурен Омаров 24.02.2025 | 13:24

«Мағауинмен қоштасуды да саясатқа айналдырып жібердік» - Құлбек Ергөбек

Құлбек Ергөбек Adal Adal youtube арнасына берген сұхбатында Мұхтар Мағауин мен Бердібек Сапарбаевтың телефон арқылы сөйлескенін айтты.
Даурен Омаров Даурен Омаров 24.02.2025 | 09:28

Ербол Алшынбай өлеңдері: АҚШ жазушысы пікір білдірді

Жазушы Джудит Линберг Ербол Алшынбайдың «Жылқы ғана жалғандағы серігім» атты топтама өлеңдерін оқып, өз әсерін бөлісті.
Даурен Омаров Даурен Омаров 22.02.2025 | 11:59

Тұтынушылардың құқықтары: несие бойынша заңсыз әрекеттерге қарсы күрес рөлі

“Zangerler palatasi” заң консультанттар Палатасының заң консультанты Ақылбекова Ақниет Абдразаққызымен сұхбат.
Даурен Омаров Даурен Омаров 20.02.2025 | 17:34

«Маңғыстауды басқару оңай емес»: Еділ Жаңбыршин облыстың жаңа әкімі туралы ойын айтты

Депутат Маңғыстау облысының әкіміне "тәжірибесі мол, елмен тіл табыса алатын әкім" деген баға берді. 
Даурен Омаров Даурен Омаров 18.02.2025 | 12:49