×

Алмасбек Садырбай Ауыл шаруашылығы министрлігі шегірткемен қалай күресіп жатқанын айтты

Оның айтуынша, Түркістан облысында шегірткелер "той" жасады.

Даурен Омаров 17.10.2024 | 23:00

«Шаңырақ» ұлттық агро-қозғалысы» РҚБ төрағасы Алмасбек Садырбай Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес нәтижелі емес екенін жеткізді. 

«Ауыл шаруашылығы министрлігі бес жылда шегірткемен күреске жұмсалатын қаржыны 300 млн-нан 8,5 млрд теңгеге дейін көтерді. Осы қаражатқа лайықты жұмыс жүргізілсе, шегіртке мәселесі болмас еді. Былтыр 1 млн гектар жерге 3 млрд теңге бөлген. Биыл 8,5 млрд теңгеге 2 млн гектар жер игерді. Сосын олар шегірткені күресіп, жеңу үшін жұмыс істейміз демейді, олар ақшаны игеру үшін жұмыс істеп жатыр. Ал қалай игеріп жатыр? Қараңыздар, биыл Түркістанда шегірткелер той жасады. Оның ақыры имамдардың «шегіртке халал, қуырып жеңдер» дегеніне дейін ұласып кетті. Қаражатты бөлу жағынан проблема жоқ. Оның қалай жұмсалып жатқанын тексеретін ешкім жоқ, жұмысты ұйымдастырып жатқан ешкім жоқ. Бұл ауыл шаруашылығы министрінің жіберген қателігі», - деді ол.

Алмасбек Садырбайдың айтуынша, шегірткемен күрестің тиімді жолдары бар. 

«Қазір газельдің артына тайдың татағындай шлангімен бірдеңе сеуіп, шегірткемен күресіп жүр. Млрд-таған қаржымен осылай жұмыс істеп жатыр. Пәленбай жыл бойы тендердің ақшасын сорып келе жатқан бір-жар компания. Негізі, агродронмен қызмет көрсететіндерге шегірткемен күресті тапсыру керек. Сосын, осы салаға жауапты инспекцияны Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамынан шығару керек», - деді.

"Былтырғы уақытты қайтар" деп зар илеудің қандай мәні бар?

Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Павлодар, Өскемен, Петропавл деген нән қалалар UTC+5 белдеуінде жатыр.
Даурен Омаров Даурен Омаров 19.11.2024 | 16:16

Футбольное сообщество требует вернуть «Акжайык» в госсобственность

Их мнение - это единственная возможность сохранить уральский футбол
Adal Adam Adal Adam 15.11.2024 | 16:13

Депутат Бакытжан Базарбек представил Казахстан, победивший коррупцию

По его мнению, инвесторы начнут вкладываться в страну и пополнять бюджет
Алина Мороз Алина Мороз 15.11.2024 | 12:25

«Ең төменгі жалақы 300 мың болуы керек деген – жастық албырттықпен айтылған пікір» – экс-сенатор

Айта кетейік, былтыр Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов «елдегі ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы керек» деген болатын.
Даурен Омаров Даурен Омаров 14.11.2024 | 12:02

«Ұлттық экономика мен Қаржы министрлері отставкаға кету керек»:  Экс-сенатор бюджет тапшылығы туралы

Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, отставка сұрау – саяси қызметтегі мәдениеттің үлкен үлгісі.
Даурен Омаров Даурен Омаров 08.11.2024 | 01:27

«ЦОНы готовят к приватизации»: депутат обеспокоена инициативой корпорации

Она считает, что бизнесменам стоит запретить зарабатывать на госуслугах
Алина Мороз Алина Мороз 07.11.2024 | 10:37

Қазақстан-француз ынтымақтастығының бес ұзақ мерзімді трендтері

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары ұзақ мерзімді екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа іргелі негіз қалыптастырды.
Даурен Омаров Даурен Омаров 06.11.2024 | 23:10