Барлық деңгейдегі депутаттардың басқосуы - маңызды шара
Журналист-блогер Амир Аспан депутаттардың ауыл-аймақтарға барғанын естіп, ал аймақтағы депутаттардың Астанаға келіп жиын өткізгеніне таң қалды.
Депутаттардың ауыл-аймақтарға барғанын естіп, ал аймақтағы депутаттардың Астанаға келіп жиын өткізетінін білмеппін. Барлық деңгейдегі депутаттар басқосуы да маңызды шара. Мемлекет басшысы әкім-қараларға берген мол тапсырмасының ішінде, алдағы АЭС салу мәселесі бойынша референдумға тағы да назар аударған екен.
Бұрын соңды болған халықтық таңдаудың бұ жолғы ең басты айырмашылығы бар: Ел үшін тағдырлы шешім Министрлер кабинеттің ішінде емес, республикалық референдумда жалпыхалықтық дауыс беру арқылы қабылданады, оның бастамашысы да Президенттің өзі болды.
Критиктер қаншама қарсы болса да, меніңше бұл Еститін және Әділ мемлекет құру саясатының көрінісі. Сұрамай-ақ жасай берсе болады ғой дегенді түсінбейді екенмін мен. 6-сы күні бар да айт, таңдау жаса – "Иә/Жоқ" деп.
Иә, АЭС салу - ұзақмерзімді жоба. Президенттің сөзімен айтсам, бұл бастама ел экономикасы, ғылым мен білімнің түрлі саласын өркендетуге тың серпін беретініне сенемін. Түрлі бағыттағы мамандар легін қалыптастыруға ықпал етеді. Заманның талабы осы. Әлемдегі прогрестен шет қалмауымыз керек. Оның пайдасын қазіргі жастарымыз бен болашақ ұрпақ көреді.
Әйтпесе, мына қолымдағы кәдімгі сыр зауытын салу үшін де біраз уақыт кетеді, бірақ қашанғы сырттан ала береміз дейсіз ғой, эл.энергиясы за сол секілді, - деп жазды ол өз фейсбук парақшасында.