×

«Екеуміз тату болдық, содан пайда түсе ме?»: Дулат Исабеков Мағауин туралы

Белгілі жазушы, драматург Дулат Исабеков Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында Мұхтар Мағауиннің Солженицын сияқты диссидент бола алмайтынын айта келіп, қаламгерден шетелде жүргенін міндет етпеуін сұрады. 

Даурен Омаров 15.01.2024 | 11:19

Журналистің «Саусақпен санаулы ақсақалдарымыздың ауызбірлігі елдің ынтымағына зор әсер етеді. Мұхтар Мағауинмен күнде араласапсаңыз да бір-бірінізге құрметпен қарасаңыздар» деген тілегіне Дулат Исабеков «екеуіміз тату болсақ, пайда түседі ма» деп жауап қайтарды. Сонымен қатар, Мұхтар Мағауин туралы пікірін  өзгертпейтінін айтты.

 «Ол маған жауап бермейтін болды. Тас-талқанын шығарып жауап бергенмін. Сен не істеп жүрсің? Бірде-бір шығармаңды не қазақ шығармасын шетелде Америкада тұрып ағылшын тілінде неге шығармайсың? Солай қазақ әдебиетін насихаттаған болар едің ғой. Өзіңді ғалым дейсің? Неге ғалым болып лекция оқымайсың? Әл-Фараби жайлы, Дулати жайлы, Әнуар Әлімжанов жайлы, Әуезов жайлы, Абай жайлы? Ғалыммын дейсің, сен ғалым емессің дегем. Сені бір күн көрген жоқпын кітапханаға барып, кітап оқып отырғаныңды. Сен заочниксің деп те шындығын айтқам. Сократ айтқандай: «Платон мой друг, но истина дороже». Менің өкпем оған дұрыс па, әлде менікі жай буынсыз жерге пышақ салу ма? Әлде де сол пікірдемін. Айтқам, Солженицын бола алмайсың, Солженицын бүкіл СССР-ға, алып машинаға жалғыз өзі қарсы шықты диссидент болу арқылы. Ал сен жай ғана демалуға бардың. Оны сен міндет қылма. Тағы жалғастырса, тағы да айтатын сөзім бар», ‒ дедi жазушы. 

Исабеков Мағауиннің өзін қазақ халқының ұлы классигі Мұхтар Әуезовтен кейінгі менмін деген сөзі үшін айыптады.

«Мұхтар Әуезовтен кейінгі менмін деді. Семейде сөз сөйлегенде осылай деді. Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығын аттап өтіп, ресторанда бәріміз асығыс самолетке отырайын деп жатырмыз. Шота Уәлиханов шықты да «Әрбір 50 жылда осы Семей жері бір-бір Мұхтарды беріп тұрсын» деді, тілек. Содан кейін Мұхтар Мағауин атып тұрды да, микрофонға жүгіріп барды. «Шота не деп отыр елу жылда деп, елу жыл неменеге күтесің, тұрмын ғой мына мен» деді. Ал адам мықты жазушы осылай деп айта алады ма? Еш уақытта Мұхтар Әуезов сөйтіп айтпас еді. Скромность деген жоқ», ‒ дедi жазушы.

"Былтырғы уақытты қайтар" деп зар илеудің қандай мәні бар?

Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Павлодар, Өскемен, Петропавл деген нән қалалар UTC+5 белдеуінде жатыр.
Даурен Омаров Даурен Омаров 19.11.2024 | 16:16

Футбольное сообщество требует вернуть «Акжайык» в госсобственность

Их мнение - это единственная возможность сохранить уральский футбол
Adal Adam Adal Adam 15.11.2024 | 16:13

Депутат Бакытжан Базарбек представил Казахстан, победивший коррупцию

По его мнению, инвесторы начнут вкладываться в страну и пополнять бюджет
Алина Мороз Алина Мороз 15.11.2024 | 12:25

«Ең төменгі жалақы 300 мың болуы керек деген – жастық албырттықпен айтылған пікір» – экс-сенатор

Айта кетейік, былтыр Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов «елдегі ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы керек» деген болатын.
Даурен Омаров Даурен Омаров 14.11.2024 | 12:02

«Ұлттық экономика мен Қаржы министрлері отставкаға кету керек»:  Экс-сенатор бюджет тапшылығы туралы

Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, отставка сұрау – саяси қызметтегі мәдениеттің үлкен үлгісі.
Даурен Омаров Даурен Омаров 08.11.2024 | 01:27

«ЦОНы готовят к приватизации»: депутат обеспокоена инициативой корпорации

Она считает, что бизнесменам стоит запретить зарабатывать на госуслугах
Алина Мороз Алина Мороз 07.11.2024 | 10:37

Қазақстан-француз ынтымақтастығының бес ұзақ мерзімді трендтері

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары ұзақ мерзімді екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа іргелі негіз қалыптастырды.
Даурен Омаров Даурен Омаров 06.11.2024 | 23:10