×

АЭС экономикалық тұрғыда тиімді әрі елдің инвестициялық тартымдылығын арттырады

Данияр Жансейітовтің пайымынша, АЭС – тұрақты әрі үздіксіз энергия көзі

Даурен Омаров 19.09.2024 | 16:51
АЭС экономикалық тұрғыда тиімді әрі елдің инвестициялық тартымдылығын арттырады
Fotolia/chalabala.

Ядролық физика институтының жекекші ғылыми қызметкері Данияр Жансейітов атом энергетикасының артықшылығы және әлем елдерінің тәжірибесі туралы ой-тұжырымдарын бөлісті, деп хабарлайды Adaladam.kz.

"Ең алдымен елімізде жаңа технолоиялық бағыт пайда болады. Әлемдегі 32-і елде АЭС бар. Бірақ барлығында атом станциясы 3 немесе 3+ бауынына жатпайды, тек 10-12-і ғана жоғары технология станциялармен жабдықталды. Яғни атом саласындағы жетекші мемлекеттер оншақты деуге болады. 
АЭС бізге не береді деген сұраққа келетін болсақ, экономикалық тұрғыда тиімді. Елдің инвестициялық тартымдылығы артады. Шетелдің ірі-ірі компаниялары АЭС-ті сенімді энергия көзі ретінде бағалайды, екінші жағы, заманауи технологияны қолданатын ел ретінде мойындайды. Екінші жағы, экологиялық тұрғыда тиімді. Өйткені ауаға газдар бөлінбейді. Үшіншіден, қауіпсіздігі жағынан толық кепілдік беріледі", - деді Данияр Жансейітов. 

Ғалымның айтуынша, атом станциясы орта есеппен 10-12 жылда салынып, оның бюджеті 12-15 миллиард доллар құрауы мүмкін.

"Сарапшылардың арасында қомақты қаржы жұмсағанша, шағын станциялар салғанымыз дұрыс дейтіндер бар. АЭС-ті салсақ 60 жыл тұрақты энергия көзі болады, жөндеу жұмыстарын жүргізіп тағы 20 жылға созу мүмкіндігі бар. 
Әлем елдерінде 60 реактор жұмыс істеп тұр. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, станция жұмыс істеп тұрған кезде 3 миллиард доллар салық ретінде ел бюджетіне қаржы түседі. Екінші жағы, станцияны салу барасында 8 мың адам тұрақты жұмысқа тартылады. Іске қосылғаннан кейін 2 мың адам озық технологиялы станцияда жұмыс істейді. 60-80 жыл АЭС-те 2 мың отандық маман тұрақты жұмыспен қамтылады", - дейді ғалым.

Данияр Жансейітовтің пайымынша, АЭС – тұрақты әрі үздіксіз энергия көзі. Әзірге атом энергетикасының орын басатын өзге станциялар жоқ.

"Халық «АЭС салынды ма біз ешқандай жерді пайдаланбауымыз керек, ол жерде адам тұрмауы керек, ол жерде ауыл шаруашылығымен айналыспау керек» деп ойлауы мүмкін. Олай емес, қазіргі санитарлық қорғау аймағы 3 шақырымнан аспайды.
Атом станциясының отыны – уран. Өзге станциялардан айырмашылығы – осы. Елдегі 70 пайызы көмірмен жұмыс істейтін станцияларда өндіріледі. Уранның түрлері көп. АЭС-ке 4-6 пайыз байытылған Uranium-235 қолданылады. Атом энергия жөніндегі халықаралық агентігінің статистикасы бойынша, автивті аймақта (реактордың отын тұратын жері) апат болу ықтималдылығы (балқып кетуі) мүлде мүмкін емес. «Реактор жарылады» дейтін адамдар бар. Бұл – қате тұжырым. Реактор жарылмайды. Өйткені жарылу үшін Uranium-235-і 90 пайыз уранмен байытылуы керек. Ал, реакторда 4-6 пайызды уран ғана болады", - дейді Данияр Маралұлы.

Сонымен қатар, ғалым реактордың құрылымына тоқталды. Оның айтуынша, реактордың корпусы жоғары сұрыпты 200 миллиметр болаттан құйылады. Автоматтандырылған жүйе арқылы реактор қызған кезде суытылып тұрады. Активті және пассивті өзара қайталанатын қауіпсіздік жүйелері бар. Мәселен, адами фактордан қателік кеткен жағдайда, пассивті жүйе іске қосылып, дер кезінде кемшіліктің алдын алады.

"Одан бөлек, 3+ буынды станциялардағы активті аймақ шамамен 12-20 метр болады. Оның сыртында қорғау қабығы орналасады. Ол 1 метрі бетон жауып тұрады. Бұл аймақ табиғи және антропогендік қауіптерден сақтайды. Реактор шахтасының төменгі бөлігінде ауыр авариялар кезінде активті аймақтың балқуын оқшаулау үшін «балқыма тұзағы» салынады. Жердің астындағы диаметрі – 12-20 метрді құрайды. 1000 жылда бір оқиға орын алып, реактор балқып, радиация бөлінетін болса, автивті аймақ төмендегі «балқыма тұзағына» түсіп, автоматты түрде оның төбесі жабылады.
Атом электр станциялары салыстырмалы түрде аз отынмен жұмыс істей алады. Салмағы небәрі 3 грамм болатын уранның өзі бір тонна көмір немесе 480 литр мұнай сияқты көп энергия береді. Бұл Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін арттырары сөзсіз", - деп атап өтті ғалым.

Данияр Маралұлы қазір әлем бойынша 415 реактор жұмыс істейтінін айтады. Яғни 200-ден астам АЭС энергия беріп тұр. Озық елдердің арасында Германия, Швеция атомдық бағдарламасына сақтықпен қарап жатыр дейтіндер бар. Бұған бұл елдердің ішкі себебі бар. Біріншіден, Германиядағы болсын, Швециядағы болсын атом станциялары алғашқы буынға жатады. Сосын толық жауып тастаған жоқ, экономикасына қажетті энергияның 50 пайызына дейін ескі АЭС-тен алып отыр. Қалған бөлігін көрші елдерден тасымалдайды.

"Мәселен, Германия Франциядан, Швеция Финляндиядан электр энергиясын импорттайды. Еуропа мемлекеттері арасында экономикалық интеграция жоғары.
Франция тұтынатын энергияның 70 пайызын АЭС-тен алады және артығын көрші елдерге сатады. Ресми Париж үшін энергия көзге көрінбейтін мұнай болып тұр.
Біріккен Араб Әмірлігі АЭС-тен энергия алуға көшті. Өзбекстан атом энергетикасын дамытуға ниетті. Арабтарда – мұнай, өзбектерде газдың мол қоры бар. Солай бола тұра бұл елдер атом бағдарламасын ілгерілетуді басымдық етті. Өзбекстан уран отынының бізден не Автралиядан алады. Мұның басты себебі жаһандық жылынудың алдын алу. Дизель, газ, көмір станцияларынан көмірқышқыл газы шығады. Париж келісімшартына байланысты әлем елдері 2060 жылға дейін ауаға бөлінетін газдың көлемін азайтуы тиіс", - деді ол.

Бұдан бөлек, Данияр Жансейітов 2007 жылдан бері Түркияда АЭС салынып жатқанын жеткізді.

"Жақында екі реакторы іске қосылуы тиіс. Сондай-ақ Мысыр, Сауд Арабия, Бангладеш, Тайланд және Мексика атом саласын дамытуда. 
Атом энергия жөніндегі халықаралық агентігінің мәліметінше, 2050 жылға қарай барлық елдің АЭС-інен өндірілетін электр энергиясы 792 ГВт дейін, яғни 2 есеге өседі. Қазір Қытайда 26, Үндістанда – 7, Ресейде – 4, Оңтүстік Кореяда, Жапония және Ұлыбританияда – 2, Франция, Бразилия, Аргентина, Иран, Словакияда 1 раектор салынып жатыр", - деді ғалым.

Данияр Маралұлының пікірінше, Қазақстанның ядролық технология бойынша тарихы бай, дайын кадрлары жеткілікті. Жыл сайын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті жүздеген энергетик мамандарды, ядролық физика саласында ғалымдарды дайындайды.

"Біздің ядролық физика институты тәжірибе алаңына айналды.
АЭС-тің жұмысына қажетті уран қоры да мол. Уран отынын сақтайтын арнайы базалар жұмыс істейді. Қысқасы, АЭС-ке қажетті барлық мүмкіндік бізде бар. Ал Ядролық физика институтының құрылғанына 57 жыл болды. Оның құрамына 22 ғылыми-зерттеу зертханасы, заманауи талдамалық және эксперименттік жабдықтары бар 3 ғылыми-техникалық орталық кіреді. Сондай-ақ 2 оқу орталығы жұмыс істейді. ВВР-К зерттеу реакторы мен 9 ядролық, радиациялық, электрофизикалық қондырғысы бар. Біздің зерттеу реакторы электр өндеретін реактордың жұмыс істеу принципі 99 пайызы бірдей. Сонда ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір Жапонияның ғалымдарымен бірге 4 буынды реакторларды іске қосу мүмкіндіктерін зерттеп жатырмыз", - деп сөзін түйіндеді Данияр Жансейітов. 

"Былтырғы уақытты қайтар" деп зар илеудің қандай мәні бар?

Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Павлодар, Өскемен, Петропавл деген нән қалалар UTC+5 белдеуінде жатыр.
Даурен Омаров Даурен Омаров 19.11.2024 | 16:16

Футбольное сообщество требует вернуть «Акжайык» в госсобственность

Их мнение - это единственная возможность сохранить уральский футбол
Adal Adam Adal Adam 15.11.2024 | 16:13

Депутат Бакытжан Базарбек представил Казахстан, победивший коррупцию

По его мнению, инвесторы начнут вкладываться в страну и пополнять бюджет
Алина Мороз Алина Мороз 15.11.2024 | 12:25

«Ең төменгі жалақы 300 мың болуы керек деген – жастық албырттықпен айтылған пікір» – экс-сенатор

Айта кетейік, былтыр Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов «елдегі ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы керек» деген болатын.
Даурен Омаров Даурен Омаров 14.11.2024 | 12:02

«Ұлттық экономика мен Қаржы министрлері отставкаға кету керек»:  Экс-сенатор бюджет тапшылығы туралы

Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, отставка сұрау – саяси қызметтегі мәдениеттің үлкен үлгісі.
Даурен Омаров Даурен Омаров 08.11.2024 | 01:27

«ЦОНы готовят к приватизации»: депутат обеспокоена инициативой корпорации

Она считает, что бизнесменам стоит запретить зарабатывать на госуслугах
Алина Мороз Алина Мороз 07.11.2024 | 10:37

Қазақстан-француз ынтымақтастығының бес ұзақ мерзімді трендтері

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары ұзақ мерзімді екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа іргелі негіз қалыптастырды.
Даурен Омаров Даурен Омаров 06.11.2024 | 23:10