×

«Таза Қазақстан»: Ұлытау облысында ауқымды экологиялық акция өтті

Облыс бойынша 315 тоннадан аса қоқыс шығарылды.

Даурен Омаров 21.08.2024 | 16:33
«Таза Қазақстан»:  Ұлытау облысында ауқымды экологиялық акция өтті
Ұлытау облысы әкімінің баспасөз қызметі

21 тамызда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Ұлытау облысының барлық қала мен аудандарында жалпыоблыстық тазалық акциялары өтті, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Ауқымды акцияның басты мақсаты – аумақтарды тазалаумен қатар, тұрғындардың қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігіне назар аударту.

Тазалық шараларына қатысушылардың барлығы жоғары белсенділік көрсетті. Тазалық шарасына облыстың қала мен аудандарының барлық мекемелері қатысты. Жалпы, 220 ұжымнан 2400-дан астам адам, 92 арнайы техника жұмылдырылды. Облыс бойынша 315 тоннадан аса қоқыс шығарылды.

Облыс орталығында қала тұрғындары мен еңбек ұжымдары негізгі көшелер мен саябақ, скверлерді тазартты. Жасыл желектерге күтім жасалып, гүлзарлар ретке келтірілді.

«Таза Қазақстан» адамдарды біріктіретін дәстүрге айналды, оларға игі және пайдалы іс жасауға, табиғатқа, туған қаласына қамқорлық көрсетуге тағы бір себеп болды», - дейді Ұлытау облысы бойынша Волонтерлердің ұлттық желісі филиалының жетекшісі Ахметжанова Ақерке.

Ал, Сәтбаев қаласының еңбек ұжымдары өндірістік мекемелердің аумағын тазалап, сырлау, әктеу жұмыстарын атқарды. 

Қаражал қаласының тұрғындары да өз аулаларын тазалап, рұқсат етілмеген орындарға төгілген қоқыстарды арнайы полигонға шығарды.

Облыстың Жаңаарқа, Ұлытау аудандарында тазалық акциясы бұлақтар айналасы мен өзен жағасында өтті. Мәселен, Ұлытау ауданының тұрғындары «Күмісбұлақ», «Тасбұлақ» бұлақтарының айналасын тазартып, бұлақ басына келушілерге қолайлы жағдай туғызу мақсатында абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Жаңаарқалықтар Сарысу өзенінің бойын қоқыстан тазалап, жағажайларды ретке келтірді.

Сондай-ақ қалалардағы көпқабатты үйлердің тұрғындары да бүгінгі бейсенбілікте аулаларын жинап, ретке келтірді. ПИК-тердің ұйымдастыруымен тұрғындар тазалық жұмыстарын жүргізді.

Тазалық акциялары аясында облыстың қала мен аудандарындағы әкімдіктердің жауапты мамандары жергілікті аумақтардағы көшелерді аралап санитарлық тазалықты тексерді. Санитарлық тазалықты сақтамаған, абаттандыру ережесіне сәйкес келмейтін нысандардың иелерімен тілдесіп, кемшіліктерді қысқа мерзімде түзеу қажеттігін айтып, ескерту жасады. Ғимараттар алдын тазалау, аумақты абаттандыру сияқты жұмыстар жүргізу тапсырылды. Сонымен қатар, коммуналдық мекемелер басшыларына қала-аудан көшелерін, жаяу жүргінші жолдары мен аялдама аумақтарын тазарту және қоқыстан арылту жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.

Осы жылдың сәуірінен бастау алған «Таза Қазақстан» бағдарламасына жалпы саны 128 мыңнан аса облыс тұрғындары, 1317 ұжым қатысуда. Сондай-ақ, 1291 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды, нәтижесінде 2591 тонна қоқыс шығарылды,  264 кәсіпорын мен 224 әлеуметтік нысан тартылды.

Какой будет погода в Казахстане 22 ноября

Ее будет определять Северо-западный циклон
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 09:28

Токаев дал поручение в связи с эскалацией ситуации вокруг Украины

Президент Казахстана поручил принять срочные меры по обеспечению безопасности основных военных и гражданских объектов
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 07:22

В Новый год казахстанцы отдохнут четыре дня

Ввыходной день с воскресенья 5 января переносится на пятницу, 3 января
Алина Мороз Алина Мороз 21.11.2024 | 18:05

В Казахстане снизилась доля не работающей молодежи

В III квартале 2024 года она составила 6,4%
Алина Мороз Алина Мороз 21.11.2024 | 17:23

Сенаторы предложили увеличить средства в бюджете для полного обеспечения граждан питьевой водой

На  заседании Палаты сенаторы рассмотрели Закон «О республиканском бюджете на 2025 – 2027 годы»
Алина Мороз Алина Мороз 21.11.2024 | 16:14

«Қамқорлық» орталығында ерекше қажеттілігі бар балаларға барлық жағдай қарастырылған

Шымкент қаласындағы ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған №8 «Қамқорлық» орталығы Қазақстандағы инклюзияны дамыту жолындағы бастамалардың бірі саналады. 

Экс-министра юстиции Бекетаева задержали после проверки Высшей аудиторской палаты

Глава ВАП отметил, что не знает точную причину задержания
Алина Мороз Алина Мороз 21.11.2024 | 15:16

В Нацбанке Казахстана объяснили, почему не получается остановить инфляцию

Зампред Нацбанка Виталий Тутушкин назвал внешние и внутренние факторы 
Павел Седых Павел Седых 21.11.2024 | 14:27