×

Қазақ даласындағы оқу-ағарту ісіне Ресей мүдделі болмады ІІ

Қазақ даласындағы оқу-ағарту ісіне Ресей мүдделі болмады ІІ
Фото:pixabay.com

Екіншіден, оку орындарының жүйесі мейлінше тар, материалдық базасы төмен күйде қала берді. Көптеген дерек көздері 1914-1915 оқу жылында бүкіл Қазақстанда 2011 мектеп болғанын айтады. 

Табылдиевтің жазуынша, бұл мектептерде небары 105 мыңнан астам ғана бала оқыған. 

«Яғни әр мектепте 50 баладан ғана келіп отыр. Егер сол жылдарғы өлке тұрғындарының үштен екісін қазақтар құраса, мектеп оқушылары қатарындағы балалардың 14-15 проценті ғана жергілікті ұлт өкілдерінің балалары болатын. Басқаша айтқанда қазақ балалары оқудан шет қағылып отырды, деген сөз. Әсіресе қазақ қыздарының мектепке тартылуы нашар жүрді. 1914-1915 оку жылында олардың мектепке оқып жүргендерінің саны 2000-ға да жетпеді.

Мектептер мен олардағы оқушылар саны осындай болғанда, оқытушы - мұғалімдер құрамы да айтарлықтай ұзап кете қоймады. Ғасыр басында Ақмола облысындағы мұғалімдердің 65%-і, Семей облысында 61%-і, Жетісуда 74%-і, арнайы білімі жок практиктер болатын.

Бірақ жекелеген қайраткерлер мен мамандардың құлшынысымен сауатсыздықты жою мүмкін емес еді. Бұған мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлінбей, оқулықтар мен әдістемелік материалдарды шығару ісін дұрыс жолға қоймай, қажетті мұғалімдерді даярламай, қысқасы сауатсыздықпен күресу мүмкін емес еді», - дейді ол.

Тек 1920-жылдарындағы Қазақ даласындағы өзіндік басқару жүйесінің орнауы сауатсыздықты жою ісіне үлкен екпін әкелгендей болды: Аз уақыттың ішінде өлкеде 72 мыңнан астам адам хат танып шықты. 1914 жылмен салыстырғанда мектептер жүйесі 40%-ке, окушылар саны 36%-ке, мұғалімдер қатары 3,4 мыңнан 4,8 мыңға өсті.

Алайда 1920 жылдың қысындағы жұт 1921 жылы ашаршылыққа ұласып, халық шаруашылығын тұралатып тастады. Бұл жылдары млн. адам аштықтан, әртүрлі эпидемиядан өлді немесе басқа республикаларға босып кетті. 1921 жылдың көктемінде дүниеге келген сауатсыздықты жою жөніндегі Орталық төтенше комиссия қанша тырысқанмен жағдайды өзгерте алмады. 

Тек бұл жұмысқа Мұқтар Әуезов араласқан соң ғана жағдай біршама жақсарады. 1921 жылғы 6 желтоқсанда Орталық төтенше комиссия мәжілісінде М. Әуезов сөз сөйлеп, қалаларда тұратын және өнеркәсіпте жұмыс істейтін сауатсыз қазақтармен жұмысты күшейту керектігін айтты. Ал көшпелі өмір салтындағы қазақтарға хат танытуға қолайлы мезгіл жаз айлары екенін баса көрсетті. 

Бірақ сауатсыздыкты жою ісі маңдымады. Барлық губернияларда сауатсыздықты жоюға қабілетті мамандар жетіспей жатты. Бар деген оқытушылар, нұсқаушылар, әдістемешілер қиын материалдық жағдайға душар болды. Олар 3- 4 ай бойы еңбек ақыларын, тиесілі азық-түліктерін ала алмайтын. Сауатсыздарға қағаз, қалам, кітап, қарындаш, т.б. жетіспейтін.

Тек 1923 жылдан бастап Қазақ даласындағы жапапй сауат ашу ісі жолға қойыла бастады. 

 

Деректер Х.Б. Табылдиевтің «Қазақстандағы сауатсыздықты жою тарихы: (1917-41жж) авторефератынан алынды

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14