Халқымыздың ертедегі балаға білім беру тәсілдері
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы іске асырылып жатқаны белгілі. Аталмыш жобаның негізгі мақсаты - елдегі ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан балабақша жетіспеушілігі, үш ауысымды мектеп мәселесі сынды проблемалардың шешімін табуды көздейді.
Бүгінде өз жемісін бере бастаған бұл жобаны сарапшылар қазақтың ұлттық этнопедагогикасының жалғасы деп бағалап жатыр. Иә қазақтың ұлттық этнопедагогикасы - мол мазмұнды, тамыры тым тереңде жатқан, ғасырдан-ғасырға мұра болып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып мұра болып келе жатқан халықтық ғылым жүйесі ретінде мойындалған дүние. Осыған байланысты еліміздің білім беру стандарттары тарихи өзегінен ажырауды мақсат тұтпайтыны белгілі.
Өзге жұрттан ерекшелігі - халмызыз тәрбие мен сапалы білім мәселесін бала өмірге келген сәттен бастап қолға алып отырған. Соның ең алғашқы тәрбие құралы - бесік жыры. Кейін бала сөйлей бастаған сәтте жаңылпаш жаттатып, тілін ширатқан. Жұмбақ жасырып, санасын дамытса, өтіріек өлең жаттатып баланың қиялын шарықтатып отырған. Мақал-мәтел, ертегі, аңыз-әңгіме, батырлар жыры секілді дүниелер де сапалы бідім берудің басты ерекшеліктері екені даусыз. Яғни халықтық педагогика - өмір тәжірибесінен алынған шығармалар жиынтығы.
Белгілі зертетуші Зейнолла Сәнік қазақтың бал тәрбиесіне қатысты тәрбие түрін бірнеше түрге бөліп қарастырады:
Солардың бірі - Тіл ұстарту тәрбиесі. Баланың тілі енді шыға бастағанда осы әдісті қолданған. ыммен, ишарамен сөздерді жаттатып отырған.
Екіншісі - сан үйрету. Қазақ фольклорындағы "бір дегенім - білеу, екі дегенім - егеу, үш дегенім - үскі" деп келетін өлең жолдары осыны білдіреді. Ғалымның айтуынша, бұл баланы еңбекке баулуға жақсы әдіс.
Үшіншісі - әдеп-иба және адам болу тәрбиесі. Яғни халқымыз баланы қаршадайынан үлкенді сыйлау, кішіні аялау, ата-ананы, ұстазды құрметтеу секілді тәрбиені халықтық дәстүрге айналдырған.
Төртіншісі - Ақыл-ой тәрбиесі. Мақсаты баланың тілдік қорын молайтып, шешендікке баулу, ой-толғамын кеңейту жұмыстары кірген.
Бесіншісі - Ата дәстүр тәрбиесі. Ата дәстүр тәрбиесінің негізгі мақсаты бала өзінің жеті атасын білу, ата-тек шежіресі, ел мен жердің тарихына үйрету жатыр.
Әл-Фараби өзінің тәрбие мәселесі туралы жазбаларында "ғылымды үйрену үшін адамның арының тазалығы кажет" деп жазады. Сондай-ақ ол тәрбие, білім беру мәселесінде қатты әдіс (қатаңдык) пен жұмсақ әдісті (жұмсақтылықты) ұштастыра білуді ұсынады. Оқытудың негізгі әдісі көрнекілік екенін де атап көрсетеді. Сөйтіп, көрнекілік әдістің мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Үйретуде түсініктілік, лайықтылық тәсілдерін қолдануды дәріптейді.