×

Қазақ даласындағы оқу-ағарту ісіне Ресей мүдделі болмады

Adal Adam 19.07.2024 | 11:57
Қазақ даласындағы оқу-ағарту ісіне Ресей мүдделі болмады
Фото: pixabay.com

Расында ХХ ғасыр басында Қазақ даласындасауат мәселесі өте өзекті болатын. Себебі сол кездегі Қазақ даласы саяси қақтығыста ошағына айналып отырған еді. Оның үстіне отарлаушы Россия шет аймақтардың соның ішінде қазақ даласындағы мәдени-рухани дамуын қамтамасыз етуге еш ынталы емес еді. Орталықтың басты мақсаты қазақ даласының байлығын ғана игеру артық көрді.

«Бұл - бір. Екіншіден, ол Қазақстанға Шығыстағы саясатын жүзеге асыру үшін қажетті плацдарм ретінде ғана қарады. Мұның сыртында өз билігі қолынан кеткен Қазақстанда сауатсыздықты жоятындай ішкі мүмкіндіктер қалмаған еді. Бірнеше губернияларға, облыстарға бөлшектеніп кеткен өлкеде орталық мемлекеттік құрылым болмағандықтан үйлесімді мәдени құрылыстар қолға алынбады. Мәдениет мәселелері аймақтық денгейде гана көтерілетін. Ал оларды бір орталықтан талдау, баға беру, саяси-салаға жіктеу, жергілікті ерекшеліктерге карай сәйкестендіру өлке деңгейінде ешкімнің құзырына жатпады. Қазақстаннан ұлттық мемлекеттік тұрғыдан бытыраңқылығы, отарлық статусы, тұрғылықты халықтың, яғни қазақтардың саяси-әкімшілік қызметі болыс пен ауыл деңгейінде қалуы сауатсыздықпен нақты әрі нысаналы айналысуға мұрша бермеді. Бұл аздайын орталықтан да, өлкеде де қара халықтың сауатын көтеруге мейлінше тіксіне қарайтын, оны зиянды іс ретінде түсінген мемлекет қайраткерлері, әр түрлі дәрежедегі басшыларда аз болмады. Олар оқу-ағарту ісі адамдардың жан-жақты жетілуі үшін емес, отарлық саясатты орындауға қажетті шарттың бірі ретінде қарады», - дейді Х.Б Табылдиев.

Оның үстіне орталықтың оқу-ағарту саласына бөлген қаржысы өте мардымсыз еді. Ол қалаға, облысқа, губернияға, т.б. территориялық әкімшілік бөліктерге бөлінген қаржының 2-5 процентінен аспай жататын. 1907 жылы, мәселен, Қазалы уезіндегі оқу-ағарту ісіне 1,8 мың сом ақша бөлініпті, бұл уезд бюджетінің 6 проценті ғана болатын, ал есесіне полицияның қажетіне бөлінген қаржы 11,9 мың сом - бүкіл ақшаның 38 процентін құрады. 1915 жылы Түркістан өлкесінің бюджеті 25 млн. сом болса, оның 575 мыңы ғана, яғни 2,3 проценті оку- ағарту ісіне арналыпты. Бөлінген қаржы жан басына шаққанда 13-26 тиыннан ғана келетін. Кейбір қалалар бойынша әр адамға 2 тиыннан ғана тиетін еді. 29 Жалпы Қазақстан бойынша білімге жұмсалған қаржы 1913 жылы бір адамға шаққанда 40 тиыннан аспаған.

Жалғасы бар...

Десять комфортных школ открыли в Астане

Всего в рамках нацпроекта в 2024-2025 годах будет построено 24 школы нового формата
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 22:34

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14

В этом году бюджет города Шымкента увеличен на 123 млрд тенге

Объем бюджета составляет 779 млрд тенге
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 17:41

В Алматы временно перекроют участок улицы Сатпаева

В связи с проведением сельскохозяйственной ярмарки
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 17:22