×

19 ғасыр басындағы Қазақ даласындағы оқу-ағарту жағдайы

19 ғасыр басындағы Қазақ даласындағы оқу-ағарту жағдайы
Фото: pixabay.com

1917-1920 жылдары аралығындағы саяси оқиғалар (Алашорда үкіметінің құрылуы) Қазақ даласындағы ағарту ісіне  снақты айтар болсақ, сауатсыздықты жоюға үлкен серпін берді. Кейіннен Халық ағарту комиссары болып Ахмет Байтұрсыновтың бекітілуі де бұл салаға жаңаша леп алып келгені белгілі. 

Рас, 19 ғасырдың басында Қазақ даласында көзі ашық зиялылар көп болғанымен жалпыға бірдей сауат ашу мүмкіндігі болмады. Оның үстіне отаршыл Ресей империясы халықты рухани мешеулікте, қараңғылықта ұстауға тырысқаны тағы белгілі. 

Белгілі зерттеуші Х.Б Табылдиевтің деректеріне сенсек, 1897 жылғы бүкіл россиялық халық санағыАқмола губерниясында 9 жастан асқандардың 14%-і, Семей губерниясында 8 %-і, Торғай облысында 6%-і Жетісу облысында 5%-і, Сырдария облысында 5%-і, ғана оқи-жаза білетіндер екенін көсеткен. 

«Түркі-татар тілдерінде сөйлейтін халықтардың әр мыңнан 96 еркек пен 50 әйел қара танитын дәрежеге көтеріліпті. Арада 10 жыл еткен соң Түркістан өлкесіндегі сауаттылық 0,4 процентке ғана артқаны анықталды. Егер ғасыр басындағы Россияда 89 губерния мен облыс болса, сауаттылык деңгейі жағынан осылардың арасында Жетісу облысы 86-шы орында, Орал облысы 76-шы орында, Ақмола облысы 75-ші орында тұрған еді», - деп көрсетілген зерттеушінің еңбектерінде. 

Ахмет Байтұрсыновтан кейін халықтық ағарту ісіне үлкен үсес қосқан адам -  Ыбырай Алтынсарин 

Ыбырай Алтынсарин - қазақ жаңа заман ағартуының алғашқы негізін қалаған ұлы педагог, қазақ жаңа окулығына негіз қалаған алғашқы ағартушы, жана заман балалар әдебиетінің атасы ретінде аталатын үлкен тұлға, ақын әрі жазушы. Ол - 1860 жылдары казак балалары үшін арнаулы мектеп ашып, «дала қоңырауы» атанған адам. Сонымен бірге: "Казак халқының келешегі қыз балаларды тәрбиелеуге байланысты", - деп түйген ол көп өтпей қыздар үшін де арнаулы мектеп ашады. 

"Қазақ хрестоматиясын", "Орыс тілін үйрену оқулығын" т.б. оку-оқыту құралдарын жасайды. Оның «Кел, балалар, оқылық» сияқты өлеңдері, «Бай баласы мен жарлы баласы», «Таза бұлақ», «Қанағат» сияқты тәрбиелік мәні зор әдеби әңгімелері осы уақытқа дейін қазақ балаларына арналған оқулықтан түспей келеді. «Жақсы мұғалім - мектептің жүрегі», деп есептеген ол жалпы педагогикалық тәрбие жөнінде кейінгі ұрпаққа тәлімгерлігі зор асыл мұралар қалдырған.

 

Деректер Х.Б. Табылдиевтің «Қазақстандағы сауатсыздықты жою тарихы: (1917-41жж) авторефератынан алынды

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14