×

Мәдениет және ақпарат министрлігі жеті стратегиялық бағыт бойынша жұмыстарын жетілдіруде

Мемлекет басшысы бастамашылық еткен ауқымды реформалар Қазақстан үшін әлемдік ақпараттық және мәдени кеңістіктің географиясын кеңейтуге және жаңа көкжиек ашуға мүмкіндік береді

Adal Adam 10.08.2024 | 18:18
Мәдениет және ақпарат министрлігі жеті стратегиялық бағыт бойынша жұмыстарын жетілдіруде
gov.kz

Биыл Мәдениет және ақпарат министрлігі жетекшілік ететін бағыттарда көптеген маңызды оқиғалар орын алып, бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. Оның ішінде ақпарат, мәдениет, азаматтық қоғам, дін және этносаралық, жастар және отбасы саясаты, креативті технологиялар бағыттары бар.

Ақпарат саласын дамыту
Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы және Жолдауындағы тапсырмалары мен реформаларын орындау аясында Министрлік мәдениет, ақпарат және коммуникация салаларын дамытудағы  негізгі бастамаларын іске асыруда.

Ақпарат саласын дамыту – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығы. 2024 жылдың бірінші жартысында «Масс-медиа туралы» Заңды қабылдау бойынша айтарлықтай жұмыс жасалды. Заң жобасы тәуелсіз Қазақстан тарихында ең көп талқыланған құжаттың  біріне айналды. Нәтижесінде 19 маусым күні ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаев медиасферадағы жаңа үрдістерді ескере отырып мемлекет пен қоғамның мүддесін қорғауға арналған «Масс-медиа туралы» Заңға қол қойды.

Қазақстандық телеарналардың халықаралық деңгейде таратылуы тұрақты түрде және айтарлықтай кеңейіп келеді: «Silk Way» арнасы қазірдің өзінде 118 елде көрсетіліп АҚШ, Еуропа және Азиядағы кабельдік операторларға қосылған; «Хабар 24», «Qazaqstan International» және «Balapan International» Ресейде, Қырғызстанда, Өзбекстанда және басқа да елдерде хабар таратады.

Музей ісін дамыту және театр өнерін насихаттау бойынша жұмыстар белсенді түрде атқарылып жатыр. Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» картинасының иммерсивті көрмесі жарқын оқиғаға айналып, нағыз сенсация тудырды: экспозицияға 25 мыңнан астам адам келді. Биыл құрылған шығармашылық ұжымдар - «Бірлік» ән-би көпұлтты ансамблі және классикалық гитаристердің Мемлекеттік квинтеті халықаралық сахналарда сәтті өнер көрсетіп жүр.

Жыл басынан бері мемлекеттік театрлардың шығармашылық ұжымдары жеті жарым мыңға жуық спектакль ұсынды, оған бір жарым миллион көрермен қатысты.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында: озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы–  кітап оқу екенін атап өтті. Осыған байланысты «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» деп белгіленді. Кітаптар барлық азаматтарға қолжетімді болуы тиіс, сондықтан қазір елде зағип және нашар көретін азаматтарға арналған 17 мамандандырылған кітапхана жұмыс істейді.

Қазақстанда цифрлы эфирлік телерадио хабарларын таратуды енгізу қарқынды дамып келеді.  580 радиотелевизиялық станция ел халқының 93%-дан астамын «цифрмен», ал шекаралас аудандарда «Qazaq radiosy» халықтың 91%-ын немесе 435 мыңнан астам тұрғынды қамтиды.

Өңірлік баспасөзді дамытпай, ақпарат саласын дамыту мүмкін емес. Министрлік биыл да мемлекеттік тапсырыс арқылы өңірлермен жұмыс істеуді және Журналистиканы дамыту қоры арқылы гранттар беруді жалғастырды. Сондай-ақ, өткен сәуірде алғаш рет өңірлік БАҚ әлеуетін арттыру және журналистік материалдардың сапасын жақсарту бойынша форум өтті.

Өңірлік баспасөз өз позициясын жоғалтпай, әлеуметтік желілер мен танымал мессенджерлердің көмегімен сапалы дамып келе жатқанын ерекше атап өткен жөн. 

Мәдениет, өнер және әдебиет жаңа кезеңге өтті
Халықтар арасындағы өзара байланысты нығайту үшін, басқа елдермен гуманитарлық ынтымақтастық кеңейтіліп, күшейтіліп жатыр. Әрине, жылдың маңызды оқиғаларының бірі екі мемлекет көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің қатысуымен өткен Қазақстанның Бейжіңде және Қытайдың Астанадағы мәдени орталықтарының ашылуы болды. Орталықтар мәдени іс-шараларды өткізуге арналған алаңға айналды.

Биыл Қазақстан алғаш рет Венеция өнер биенналесінің толыққанды қатысушысы атанды, онда Jerūiyq мифтік мекені – құт қонған жер туралы ежелгі қазақ аңызының заманауи түсіндірмесі ұсынылды. Осылайша, Қазақстан әлемдік мәдени қоғамдастыққа қосылуын және өзінің мәдени құндылықтарын насихаттауға деген ұмтылысын растады.

Мәдени нысандар - Түркістанның мәдени мұрасының жүрегі
Түркістанның туристтік әлеуеті қарқынды дамып келеді.  Қаланың мәдени мұрасының көрсеткіші - 20 жыл бұрын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесін атауға болады. "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының аумағында орналасқан бұл зәулім тарихи нысан түркі әлемінің рухани бірлігінің символына айналды.

"Әзірет Сұлтан" музей-қорығы бірегей тарихи жәдігерлерді сақтай отырып түркі әлемінің мәдени мұрасын насихаттауда маңызды рөл атқарады. Оның экспозициялық алаңдарында түркі мемлекеттері арасындағы мәдени ынтымақтастықты арттыруға бағытталған көрмелер тұрақты өткізіліп тұрады. 2021 жылы  Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде Түркістан "Түркі әлемінің рухани астанасы" болып жарияланды. Бұл бастама  Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен өңірдің мәдени өмірінде музей-қорықтың маңыздылығын айқындайды.

Жастар және отбасы саясаты-қоғам дамуының негізі
Министрлік жұмысының басым бағыты- жастарды қолдау, оларды "Адал азамат" қағидаттарына баулу болып табылады. Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жаңарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Аталған бастама жастарды ұлттық міндеттерді іске асыруға белсенді тартуға мүмкіндік береді.

Жастарға арналған төмен пайыздық мөлшерлемемен "9-20-25/Отау" жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы іске қосылса, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының мөлшері 1 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды.

Отбасылық құндылықтар мен гендерлік теңдікті нығайту Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды басымдығы болып табылады. Салада сапалы өзгерістер орын алып келеді. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң қабылданды. Сондай-ақ бірінші жартыжылдықта Аналар күні алғаш рет аталып өтті. Бұл бағытта 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының орындалуына мониторинг жүргізу маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік мекемелер үшін  БҰҰДБ-мен гендерлік теңдікке қол жеткізудегі сертификаттау бағдарламасы аясында жұмыстар жалғасуда.

Азаматтық қоғам билік пен халықтың өзара әрекеттесу факторы ретінде
Қазақстан өзін "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" деп жариялады, сондықтан министрлік билік пен қоғам арасындағы байланысты дамытуға күш салып келеді. Epetition.kz платформасы азаматтардың өтініштерін жіберетін алаңға айналып, қазір 54 өтініш жарияланды. Екі өтініш бойынша шешім шығарылды.

Жыл басынан бері ведомство Қазақстанда азаматтық секторды дамытудың үш бағыты бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Олар: институционалдық негіздерді құру, диалогтық өзара іс-қимыл жасау және азаматтық бастамаларды дамыту.
 

Десять комфортных школ открыли в Астане

Всего в рамках нацпроекта в 2024-2025 годах будет построено 24 школы нового формата
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 22:34

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14

В этом году бюджет города Шымкента увеличен на 123 млрд тенге

Объем бюджета составляет 779 млрд тенге
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 17:41

В Алматы временно перекроют участок улицы Сатпаева

В связи с проведением сельскохозяйственной ярмарки
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 17:22