×

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: елордалық көкпаршылар шеберлік дәрісін өткізді

Астана қаласының маңындағы Талапкер ауылында көкпар ұйымдастырылды

Adal Adam 08.08.2024 | 17:05

Қазақстан үшін 2024 жылдағы басты спорттық бәсекелердің бірі – Париж Олимпиадасы болса, екінші кезекте – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Астана қаласында өтетін халықаралық шараға әлемнің 89 елінен спортшылар келеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

1 ай ғана уақыт қалған доданы қоғам арасында кеңінен таныту үшін еліміздің барлық өңірінде «Бірлік керуені» атты топ құрылды. Бұл топқа арнайы іріктелген 10 спорттағы қайраткерлер, журналистер кірді. Міне, бүгін осы көшпенділер ойынының бағдарламасына кіретін спорттарды насихаттау мақсатында көкпардан шеберлік дәрісі өтті.

«Көкпар – қазақтың байырғы заманнан келе жатқан ұлттық спорттың түрі. XXI ғасыр жаһандану кезеңімен тұспа-тұс келгенімен, ұлттық дәстүріміз де ақырындап ұмытылып барады. Күзде алғаш рет ұйымдастырылатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының да маңызы зор. Кей адамдар үшін бұл жүлде жиынтығы сарапқа салынатын қарапайым ғана жарыс болса, біз үшін бұл ата-бабамыздан қалған дәстүрімізді жаңғырту, келешек ұрпаққа айтып қана қою ғана емес, іс-жүзінде көрсету деп білемін. Бұнымен шектелмейміз. Алдағы күндері атқа отыру, асық ату т.б спорт түрлерінен де шеберлік дәрісі өткізіледі»,

— деді Астана қаласының көкпардан жаттықтырушысы Ерлан Қанапин.

Айта кетейік, 2017 жылдан бастау алған Дүниежүзілік көшпенділер ойыны елордамызда 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Сондай-ақ, «Бірлік керуені» жобасы еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылуда.

Көшпенділер мәдениетінің негізінде құрылған «Бірлік Керуені» 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын республика көлемінде сезінуге мүмкіндік береді дейді ұйымдастырушылар.

Десять комфортных школ открыли в Астане

Всего в рамках нацпроекта в 2024-2025 годах будет построено 24 школы нового формата
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 22:34

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14

В этом году бюджет города Шымкента увеличен на 123 млрд тенге

Объем бюджета составляет 779 млрд тенге
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 17:41

В Алматы временно перекроют участок улицы Сатпаева

В связи с проведением сельскохозяйственной ярмарки
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 17:22