×

Шығыс Қазақстан облысында "Таза Қазақстан" акциясы жалғасып жатыр

Облыста 53 мыңнан астам көшет отырғызылды.

Даурен Омаров 06.08.2024 | 12:21
Шығыс Қазақстан облысында "Таза Қазақстан" акциясы жалғасып жатыр
Риддер қаласының әкімдігі

6 тамызда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына Риддер қаласы бойынша 200-ден астам адам қатысты. «Журавлиха» өзенінің жағасын тазарту жұмыстары жүргізіліп, 2 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Акцияға «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары, Риддер қаласының әкімі Д.Рахметқалиев, депутаттар, қала жұртшылығы, сондай-ақ еріктілер мен тұрғындар қатысты.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Риддерде 30-дан астам ауқымды іс-шара өтіп, 10 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Қосымша қоқыс жәшіктерін орнату бойынша жұмыстар жүргізіледі, арнайы техника санын және қалада тазалықты сақтауға жауапты қызметкерлер штатын ұлғайту жоспарланды. 

Бұл акцияны қалалық ардагерлер кеңесі де белсенді қолдады. Төраға Ольга Александровнаның айтуынша, «Таза Қазақстан» акциясы - бұл қала үшін ғана емес, бүкіл ел үшін тамаша идея.

"Мұндай іс-шаралар қоғамға берер пайдасы зор. Әркім қандай да бір әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді. Біздің ардагер активіміз бұл акцияны толығымен қолдады және бүгін де біз қаламызды тазартуға ат салысуға келіп отырмыз. «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары екі ай бойы қаланы абаттандыруға өз үлестерін қосуда. Топқа жауапты Гончаровский Артурдың айтуы бойынша, «отряд жастарының саны жылдан жылға артып келеді, өйткені біздің жастар арасында жазғы кезеңде белсенді еңбек етіп қана қоймай, қаламыздың дамуына өз үлестерін қосқысы келетіндер де бар. Қаланың көгалдандырылуы, абаттандырылуы және қаламыздың экологиялық мәселелері жақсарып келеді», - дейді ол.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша басталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына облыс бойынша 533 мың адам қатысып, 6,4 мың арнайы техника жұмылдырылғанын айта кеткен жөн.

204 саябақ пен бақ, 323 тарихи-мәдени ескерткішті және 859 әлеуметтік нысанды тазарту жұмыстары жүргізілді. 6,8 мың су нысаны, 26 субұрқақ, 370 км арық тазартылды.

Елді мекендердегі 82 мың аула аумағынан 29 мың тонна қоқыс шығарылды.

Облыстың елді мекендері мен орман қорына 53 мыңнан астам көшет отырғызылды.

В Казахстане вырастут размеры двух пособий в 2025 году

На 6,5 процента от размера получаемых социальных выплат
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 15:28

Эксперты ухудшили прогнозы инфляции в Казахстане

Они полагают, что по итогам этого года инфляция составит 8,4%
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 12:27

58 школ оштрафовали за отсутствие лицензии на образовательную деятельность

В основном они расположены в городе Астана и Алматы, Атырауской, Алматинской, Западно-Казахстанской, Туркестанской, Мангистауской и Жамбылской областях
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 11:22

Казахстанские лыжники завоевали шесть медалей в первый день Кубка Восточной Европы

В данной дисциплине приняли участие более 160 спортсменов
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 10:33

Премьер провел оперативное совещание в связи с ситуацией вокруг Украины

На повестке - принятие срочных мер по обеспечению безопасности основных военных и гражданских объектов 
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 09:43

Какой будет погода в Казахстане 22 ноября

Ее будет определять Северо-западный циклон
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 09:28

Токаев дал поручение в связи с эскалацией ситуации вокруг Украины

Президент Казахстана поручил принять срочные меры по обеспечению безопасности основных военных и гражданских объектов
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 07:22