Қазақ кино өнерінің Геркулесі
Қазақтың кең даласы небір дарындарды тудырды.
Соның бірі әрі бірегейі, тума талант иесі – Шәкен Айманов. Биыл сол саналы ғұмырын кино саласына арнап, қазақ қиносының негізін қалап әрі оны академиялық деңгейге дейін көтеріп кеткен тума таланттың 110 жылдық мерейтойы.
«Атаманның ақыры», «Тақиялы періште", «Атамекен», «Алдаркөсе», «Біздің сүйікті дәрігер», сынды фильмдері шоқтығы биік фильмдер қалдырған Шәкен Айманов туралы естелік қалдырғандар өте көп. Солардың бірі - журналист-қаламгер Шәкизада Құттаяқов еді. Шәкизада Құттаяқов Шәкен Аймановты "Қазақ киносының Геркулесі" деп атаған екен.
"Шәкен Айманов барлығы 14 фильмді экранға шығарды. Он төрт үлкен-үлкен, байыппен зерттелген он төрт мақалаға жүк болатындай туындылар. Сондықтан біз бүл жерде кезінде өзінің лайықты бағасын алған фильмдерге үстіне шекпен кигізгендей, қосымша үптеп, әрлеп жатпаймыз. Әр картина өзі туралы өзі айтып жүр. Біз тек фильм авторының шығармашылық лабораториясынан тағы да сыр тартпақ ойымыз бар. Айманов лабораториясы ұңғыл-шұңғылына дейін зерт- теліп бітті деп ешкім айта алмайды. Лаборатория есігіне құлып салуға әлі тым ерте. Иә, иә! Шәкен Айманов шеберханасы - шексіз байлық. Замандастары үшін Шәкен ағаның көңілі қандай көлдария болса, оның берері де әлі мол. Одан талай ұрпақ шөлі қанғанша сусындай алады. Келіңіздер, шөл қанды- рыңыздар. Тек бұлақтай тұнық шалқар дарияны лайлап алмайық, замандас.
Шәкен Айманов казак, киносына жетекке қиын көнетін жанр-комедияны ала келді. "Біздің сүйікті дәрігер”, “Алдар көсе", "Тақиялы періште".... Үшеуі, егер халыктық өнерді көкжиегі шексіздікке барып тірелетін айдын теңізге теңер болсак, сол теңізден орын тепкен, бірін-бірі қайталамайтын, өзіндік жұмбақ әлемі, тыныс-тіршілігі бар үш арал. Ол аралдарга жүрдек кемемен де, ұшқыр самолетпен де жете алмайсыз. Оған төте жол біреу. Шынайы өнерді ақ жүрегіңізден ақтарыла бағалай алсаңыз, сол аралдан табыласыз. Өйткені, бұл картиналардың бәрінде Шәкен ағаның жүрек лүпілі, халықтық характері жатыр.
...Шәкен аға фильмге өз жүрегінің бір бөлшегін жұлып берді. Ол экранда өзін-өзі ойнағандай әсер калдырады. Өйткені, оның өнердегі девизі адалдық, әділдік, көңілділік, тапқырлық.
...Шәкен Айманов режиссурасына тон тағы бір ерекшелік табиғаттың өзін фильмнің негізгі "кейіпкері" ретінде "ойната" алады. "Дала қызын" алыңыз, күнге күйген, мұңға батқан иен дала кербездігінен көз жазып қалғандай. Нұржамал озінің өрінен, базарлы шағынан айырылған табиғатпен тағдырлас.
Кейіпкерлердің характерін аша тусуде табиғат суреттерін пайдалана білу кинода жаңалық емес. Оны Шәкен Аймановтан бұрын да талай шеберлер қолданған. Бірақ, көркем кинода басты мақсат міндетті түрде табиғатты кейіпкерге қосақтай беру емес. Шынайы кино өнері оны қажет те етпейді. Табиғат кейіпкер характерін аша түсуге ықпал етуі керек. Міне, осы тұста Аймановтың шеберлігі айқын көрінеді.
Шәкен Айманов небәрі он төрт фильм түсіріп үлгерді. Оның әр фильмі кинорежиссердің шығармашылық баспалдағы іспетті. "Атамекенді" алып қарайық.
Туған елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілікті жырлайтын үлкен философиялық толғам! Картинадан кинорежиссер Шәкен Аймановтың нағыз экран шебері ретінде калыптаса бастағанын аңғару киын емес. Мұнда шебердің жаңа, тың ізденісі, жеке шығармашылық, режиссерлік қолтаңбасы бар. Ол бұдан бұрынғы картиналарда кейіпкер бейнесін сөздің терең астары арқылы ашуға тырысатын", - деп атап өткен. Сондай-ақ ол Қазақ киносын ылдидан өрге шығарып кеткен Шәкен Аймановты "Қазақ кино өнерінің Геркулесі" деп бағалауға болады деп жазған.