×

Ұлтқа келген опат...

Советтік жүйе өзінің 1927 және 53 жылдары аралығында жүргізілген жаппай репрессиясын "Адамзаттың бақыты жолындағы ұлы құрылыс!" деп атаған.

Ұлтқа келген опат...
Фото: e-history.kz/kz

Бұл туралы деректерді белгілі аштық зерттеушісі Табыл Құлиястың еңбектерінен кездестіруге болады. 

Зерттеушінің жазуынша, советтік жүйе өзінің қанды тырнағына алғандарды “қандыауыз төбеттер тобы”, “зұлым», "екіжүзді", "сатқын", "шпион”, “террорист", "қандыбалақ қарақшы”, "жегі құрт", "фашист", "агент" деген сықылды төбе шашынды тік тұрғызатын сөздермен атаған. Әрі Сталиндік қырғынды жұрт арасында "Адамзаттың бақыты жолындағы ұлы құрылыс!" деп дәріптеп, үгіт жұмыстарын жүргізген. Әрі оны Кеңес Одағындағы барлық баспасөзі күндіз-түні дәріптеумен болған. 

Сондай-ақ жабық сот процесінде кімдердің атылу жазасына үкім кесілгенін ашықтан-ашық хабарлап отырған. "1938 жылдың мартында Ұзақбай Құлымбетов, Ізмұқан Құрамысов, Сүлеймен Есқараев, Темірбек Жүргенов, Жанайдар Сәдуақасов, барлығы жиырма шақты адамға үкім шығып, атылып кеткенін газет хабарлады.

Қоғам қайреткері Рахымжан Жаманқұловтың зайыбы ерінің атылғанын естіген күні совнарком ауруханасында қайғыға шыдай алмай у ішіп өліпті. Әбиде жеңгеміз қара торының сұлуы Баянауылдың аяулы қызы, қазақ комсомол қыздарының алғашқы қарылғаштарының бірі еді. Иә, ол кездің қанды оқиғалары, Сталиннің төңірегіне топтасқан қанішерлердің "Қара құзғын” деп аталатын қара машинамен социа- листік заманды орнатқан биік тұлғаларды тиеп алып, тергеусіз, сотсыз атып, бала-шағаларын тентіретіп жіберген жендеттерге ешкім үкім шығара алмады. "Апырым-ай, шын ба, өтірік пе?!" - деп іштен тынып жер соғып жатты халық...", - деп жазған ол өзінің "Қанжоса ғасыр" атты зерттеу еңбегінде. 

Ал жаппай қудалауды советтік жүйе қанішер жендетер мен нағыз тасжүрек  надандардың қолына сеніп тапсырған.

"Кеңестік жүйеде жаппай қырып-жоюға икемді, ең қатігез жендеттік пиғылды, тас жүрек надандардың қолына билікті берді. Бұл тарих алдындағы сорақылық еді.

Мәселен, Қазақстанда Ф. Голощекин "кіші октябрь" деп даурығып, халықтың ежелден қалыптасқан өмір сүру дағдысын ойрандай бастады. Елде бір қазаннан ас ішіп, бір көрпеден өргізетін көрінеді, жаңа үкіметтің мұнысы сұмдық қой, деген лақап тарайды. Жүректердегі жылылық бірте-бірте мұзға айналады, Голощекиннің бүйідей тиген сүргінін Сталин біліп, құптап отырды. Жер, су жағдайымен мал өсіріп, көшіп-қонып жүрген халықты ұжымдастыруға, әп, дегеннен жүздеген байлардың мал-мүлкін тәркілеуді, елі, ата жұртынан айыруды қарудың күші, найзаның ұшымен жүргізді. Халық аштан қырылып жатты, мұның жөнсіздігін айтқан үкімет басшылығындағы қазақтарды түрмеге тықты. Голощекин Кеңес үкіметіне қарсылықтан ашықты деп шындықты бұрмалап, колдан жасап жатқан қырғынға беті бүлк еткен жоқ", - деп жазатыны бар. 

Сол секілді ел ашығып жатыр деп шырылдағандарды да жүйе қанды тырнағына алып, жоқ қылып отырған.

"Езілген халықты жарылқап, қолына айды алқа, күңді жүзік етіп қондырамын, жұмыр жерде теңшілік орнайды, кемшілік болмайды деп жар салған Қызыл империя шу дегеннен улы тырнағын Қазақ еліне батырып, онсыз да жартылай қырылған халықтың 1922 жылғы жинаған жаңа егінінің 417 миллион пұт астығын салық есебінде тартып алған екен. "Айналайын өкімет бетімдегі бес тесік үшін, жаныма біткен екі қолым үшін, артымда қалған ізім үшін, үйдің моржасынан қисық түтін шыққаны үшін, әйтеуір толып жатқан ебел, себептермен жел соқса ұшайын деп тұрған әлсіз халықтан 277 миллион сом салықты алтынға балағанда теңгеріп есептеп жинап алады. Үкіметтің қызыл жағалалыры ырқ-ырқ күліп: "Далада тышқан көп соны аулап жесеңдер де өлмейсіңдер. Мия тамыры, дән араластырған көк сабан, борық, доңызқоға түйнегі тары кебегі, атқұлақ бәрі-бәрін теріп жесеңдер борықтай аппақ боп семіресіңдер. Ең бастысы әлемді жарылқайтын үкімет өлмеуі керек", - деп үгіттейді. Оған көнбесе қызыл жағалылар мылтық төсеп тартып алады", - деп жазған зерттеуші бұл кезеңді "Ұлтқа келген опат еді" деп суреттейді. 

Зерттеушінің деректеріне сенсек, сталиндік жүйе тек коллективтендіру деген желеумен 1 миллион 750 мың қазақты қырып жібергенін айтады. "Бұл бүкіл ұлттың 42 пайызы қырылып қалды деседі. 1937-1938 жылдың өзінде 125 мың қазақ зиялысы атылған екен. Ұлтқа келген опат. Ол аз дегендей "отыз жетінің" ойраны кезінде Қазақ, жеріндегі легерьлерде 1,5 миллиондай тұтқынның біразы өліп тынды.

Тоғыз жүз жетпіс тоғыз мың (979000) жасөспірім балалар түрмеде телміріп, аш-жалаңаш, зұлымдықтарға шыдай алмай өліп жатты. Одақ даласы қан сасып, адам сүйегінен бірнеше тау тұрғызатындай қасіретімен Коммунистік коғам халқына сенім емес, өлім әкелгендей еді", - деп жазған. 
 

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14