×

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай ақтау ісі: миллионнан астам құжат қаралып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай ақтау туралы Президент тапсырмасынан кейін елімізде  шаруалар қолға алынып жатқаны белгілі.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай ақтау ісі: миллионнан астам құжат қаралып жатыр
Фото: akorda.kz

Солардың бірі  - «Алашорда ісі. 1920-1940 жж. Құжаттар мен материалдар» атты зерттеу жұмыстары. Көптомдық болып шығатын бұл зерттеуде 1928-1929 және 1920-1930 жылдардың басындағы репрессия құрбандарының түрлі санаттары бойынша бұрын еш жерде жарияланбаған құжаттар мен бұрын-соңды ашылмаған материалдар қамтылмақ. Тағы бір айта кетерлігі, аталмыш зерттеу бойынша, миллионнан астам іс қаралып жатыр. 

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай ақтау туралы арнайы комиссияның мәліметінше, жаппай қуғынға негізінен ірі байлар ұшыраған. Іс дәрежесі бойынша мұндай іс бірінші санат болып есептелген. Қара тізімге ілінген мұндай байлардың 66 пайызы кәмпескеге ұшырап, жер аударылған, қуғынға ұшыраған. Одан кейінгі нысана болыстар мен билеушілер болған. Олардың 35 пайызы қуғынға ұшырап, атылған, қалғандары әр-түрлі лагерлерге қамалған. 

Кейбір зерттеушілердің жазуынша, 1927 және 53 жылдары аралығында жүргізілген жаппай қудалау салдарынан елімізде 125 мыңнан астам адам аудауға ұшыраған. Өкініштісі, олардың 25 мыңы атылып кетті. Қалғандары ГУЛаг-тың 20-дан астам лагерінде аяусыз азап көріп жатты. Ал жалпы КСРО көлемінде осындай 953 лагерь болған екен. 

Белгілі зерттеуші Табыл Құлиясөзінің еңбектерінде КГБ-ның дерегіне сүйенене отырып,  1930-1953 жылдарда 3 778 234 адамға үкім шығарылып, оның 766 098 адамы атылып кеткен деген дерек келтірген. 

"КСРО-ның ең ірі концлагері Қазақстандағы "Карлаг" аталды, ол 1930 жылы Қарағанды облысының Жаңаарқа, Нұра, Тельман аудандарының территориясынан салынып, жазалылардың күшімен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеді, киім тігу, ағаш өнімдерін даярлау, шахталарда өнім шығару және басқа да өндіріс орындары болды. Істі болғандар онда жиырма сағат бойы тегін жұмыс атқарды. Тұтқындардың өлімі шыбын құрлы болған жоқ.

Ал, "Карлагта" алғашқы жылы 35 мың тұтқын, оның 5430-ы ату жазасына кесілген екен. Келер жылдарда тұтқын 40 мың адамға дейін көбейіп, төрт жасқа жетпеген балалар саны жүздеп саналған. Концлагерьді "ЧСИР" деп те атайды екен, яғни "Члены Семей Изменников Родины", делінген. Демек, олар "ұлы тазарту" кезінде атылып кеткен партия, кеңес қызметкерлерінің асыл махаббаты, сүйікті зайыбы, балалары еді. Ал, НКВД-ның 1937 жылы 3 декабрьдегі No 00758 қаулысымен "Алжир” аталатын концлагері пайдалануға беріліп, онда 10 мыңнан 20 мыңға дейін қатаң тәртіппен тұтқындалған әйелдер отырады. Бұл лагерьде Калининнің әйелі, Сталиннің сенімді серігі Енукидзенің қарындасы, әскери қолбасшы Тухачевскийдің қызы, атақты әнші Лидия Русланова және басқалары алғашқы күндерінде жазаларын өтеп, ауыр құрылыс жұмысында жиырма сағат бойы еңбек еткен. "Коммунистік қоғамның жарқын болашағы жолында!" ұранымен еңбек етіп жатқан шаруашылықтардың жазықсыз қыз-келіншектерін "жұмысқа кешіккендерің, кеңес үкіметін құлатуға өрекеттерің" деген сылтаумен лагерьге тыға берген", - деп жазады ол өзінің "Қанжоса ғасыр" атты зерттеу-еңбегінде.

Зерттеушінің жазуынша, Кеңестік жүйе бұл зұлматты "Адамзаттың бақыты жолындағы ұлы құрылыс!" деп атаған. 
 

Шымкентте аудандық прокуратура ғимараты ашылды

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Қойгелдиев Ғалымжан қатысты
Adal Adam Adal Adam 25.11.2024 | 21:39

В Уральске оштрафовали бывшего госслужащего за мошенничество

Его приговорили к штрафу в размере 5 млн тенге
Алина Мороз Алина Мороз 25.11.2024 | 17:39

Шымкент станет еще безопаснее

Cистема видеонаблюдения в Шымкенте уже дала свой положительный эффект
Павел Седых Павел Седых 25.11.2024 | 17:24

Токаев принял Министра труда и социальной защиты населения

Президент дал ряд поручений по совершенствованию социальной политики      
Алина Мороз Алина Мороз 25.11.2024 | 16:11

В Атырауской области построят школу на возвращенные средства

Правительством принято решение о выделении 2 млрд тенге
Алина Мороз Алина Мороз 25.11.2024 | 15:32