×

Биыл Кенен Әзірбаевтың туғанына 140 жыл

Биыл халық ақыны, әйгілі сазгер, белгілі әнші, сал-серінің соңғы тұяғы Кенен Әзірбаевтың 140 жылдық мерейтойы.

Биыл Кенен Әзірбаевтың туғанына 140 жыл
Фото: filarmoniya_kenen

Осыған орай, еліміздің әр өңірінде қазақтың маңдайына біткен біртуар тұлғасының мұрасын дәріптеуге арналған іс-шаралар өткізіліп жатыр. Кенен атамыздың туған өңірі жетісу жерінде үлкен іс-шара өтсе, сондай-ақ,  «Екі Кенен тумайды, Алатауға ексең де» атты әдеби музыкалық кештер өткенін атап өту керек.

Кенен Әзірбаев 1884 жылы өмірге келген. Туған жері Алматы облысы. Жамбыл ауданына қарасты Мәтібұлақ деген ауыл. 10 жасында қолына домбыра алып ән салғанн. 11 жасында "Көкшолақ"  әнін шығарады. Небары 13 жасында "Бозторғай" деген әндері арқылы күллі елге аты жайылады. Ұзамай жас баланың дақпырты Алатаудың арғы бетіндегі қырғаз ағайындарға жетіп, "Боздаланың бозторғайы" деген атаққа ие болады. Кенен Әзірбаевтың артында 200-ге жуық ән-жыр, толғаулар қалды. Соның ішінде 150-ден аса ән-күйлері Кененнің өз аузынан жазылып алынған. 

Халық ақыны, әйгілі сазгер, белгілі әнші, сал-серінің соңы Кенен Әзірбаев артына өте мол мұра қалдырған дарын болып саналады. Оның айтыстары, жыр, дастандары, аңыз-әңгімелері өз алдына бір төбе болса, әндері мен өлеңдерінің өзі өз алдына мол бір дүние.

Өткен ғасырдың соңынан бастап, біздің заманымыздың 70-жылдарына дейін Кенен Әзербаев өз бойындағы композиторлық, ақындық талантын, тамаша әншілігін, шебер домбырашылығын және шабытты импровизаторлығын бір-бірімен үйлестіре отырып көптеген шығармалар тудырды. 

Кенен ел аралап өзінің дарынын дамыта түскен. Өнер кайраткерлерімен шығармашылық қарым-қатынаста болған. Ол әсіресе, Балуан Шолақ пен Әсет әндерін, Біржан сал мен Ақан сері туындыларына көп көңіл бөліп, үлгі алған. Шашубай, Нартайлармен замандас, дос болды. Атакты қырғыз ақындары Тоқтағұл, Қалмырзалармен сырласып өтті. 

Ұлы Жамбыл Жабаевтың 50 жыл бойы сенімді шәкірті бола білді. Өзі туып өскен Жетісу өлкесімен ғана шектеліп калмай бүкіл Қазақстанды аралаумен болды. Қарағанды кеншілерін, Балқаштың мысшыларын, Шымкенттің қорғасыншыларын, Каспийдің балықшыларын, Турксиб темір жолы құрылысшыларын әнге қосты. Мәскеуге тоғыз рет барып Қазакстан халқының атынан ән шырқады.
Басында айтып өткеніміздей, атакты қырғыз ақындарымен де дәмдес болған.

Қырғызстанды түгел аралады. Қайда барса да жана әндер, өлеңдер шығарып оны өзі орындан халыққа қызмет етуден еш шаршамады. Молдадан ескіше алған білімі болмаса, ешқандай музыкалық та баскадай да, оқуы жок адамның осыншама туындыларын нотаға түсірмей-ақ есінде сақтағандығы, оған қоса қаншама халық әндерін, халық сазгерлерінің туындыларын бірін-біріне шатастырмай орындайтындығына таң қалмаска болмайды.

Кенен Әзірбаевтың шығармалаларында сол өзі өмір сүрген дәуірдің барлық кезеңі қамтылған. Яғни ел өміріндегі елеулі кезеңдердің ешқайсысы да назарынан тыс қалмаған. Сол дәуірдің ең ауыр күндердің бірі - Азаттық көтерілісі,  халықты күштеп советтендіру, қазақ байларын қуғынға ұшырату, кәмпескелеп, мал-мүлкінен айыру сынды ауыр сәттер қамтылған. 

Сол секілді ұжымдастыру, әйел теңдігі, халық арасындағы сауатсыздықты жою, тың игеру деген алашапқын саясат, Ұлы отан соғысы, жоқшылық сынды оқиғалар да Кенен Әзірбаевтың шығармашылығының негізгі арқауы болды.

Халық пен өкімет тарапынан ақынның еңбектері жоғары бағаланып "Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері", Қазақ ССР-інің халық ақыны деген атақтары берілген, сондай-ақ бірнеше мәрте "Құрмет белгісі", "Еңбек Қызыл Ту" және Ленин ордендерімен, және де көптеген медальдармен марапатталған. Ел аумағында Кенен Әзірбаевтың жетпіс бес, сексен, тоқсан, 100 жылдық мерейтойлары тойлары кеңінен аталынып өтілді. 

Сонымен қатар, қазақ, орыс тілдерінде екі томдық таңдамалы шығармалары жарық көрген екен. Ел жүргенінен мықтап тұрып орын алған әндері де жеке жинақ кітап болып басылады.

Дүниеден өткен соң да Кенен Әзірбьаевтың атын мәңгі есте қалдыру мақсатында ақын есімінде республика, облыс, аудандарда мектептер, көшелер бар. 
Бүгінде өзінің туған ауылында мемориалдық музей үйі жұмыс істеп тұр. 
Кенен туралы С.Бақбергеновтың "Бозторғай" повест (1961ж), Н.Төреқұлов пен М.Жолдасбековтың "Тоқсан толғау" атты ғұмырнама эссесі (1992ж.), 
Төрткен Кененқызының "Кенен" (1998ж.) — атты естелік эссесі жеке кітап болып шықты. Сондай-ақ өз кезінде баспасөз беттерінде ақын жайында жарияланган ғылыми-зерттеу мақалалар қаншама. Ақын жайында жазылған әйгілі "Сағындым Кенен атамды" деген әннен бастап бұл кісіге арналған музыкалық шығармалар мен өлендер, поэмалардың өзі бір кітапқа жүк болады деуге болады. 
 

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14