×

Осал топтардың еңсесін көтеруге бағытталған Үкімет көмегін барынша алып қалуға тырысатындар көп

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әділетті қоғам құру үшін елді өрмекшінің торындай шырмап алған сыбайлас жемқорлық пен компрадорға, сондай-ақ, непотизм мен патернализмге тосқауыл қою керек деген пікірін бұрмалап, сан-саққа жүгіртіп жатқандардың қарасы азаймай отыр. 

Осал топтардың еңсесін көтеруге бағытталған Үкімет көмегін барынша алып қалуға тырысатындар көп
Фото: Adaladam.kz

Мұндай азаматтар шын мәнінде қоғамның непотизм мен патернализмнен арылмайынша мемлекеттің алға баспайтынын түсінгісі келмейді. Яғни елімізде шынайы мұқтаждық пен масылдықтың аражігін ажырата алмай жүргендер өте көп. 

Өкініштісі, непотизм мен патернализмге тосқауыл қою керек деген пікірді мемлекетке қарсы пайдаланып жүрген мұндай азаматтар шын мәнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әлеуметтік-демография салада көптеген дүниелер жасалып жатқанын көргісі келмейді. Әсіресе, соның ішінде соңғы кездері елімізде мықтап қолға алынып жатқан мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау, оларға құрметпен қарау, ерекше қажеттілігі бар жандар үшін инклюзивті білім беру жүйесін дамыту мәселелеріне басымдық беріліп жатыр. Ал шектен масылдық түптің түбінде мұндай маңызы зор әлеуметтік бағдарламалардың азаюына алып келеді. Себебі, мемлекеттің бюджеті шексіз емес. 

Көптеген сарапшылар мемлекеттің қамқорлығы қо­ғам­­дағы мұқтаждық пен әлеуметтік осал топтардың есебіне қарай қарай есептелуі тиіс екенін айтады. Рас, кез келген мемлекеттің өз халқы алдындағы міндеттемелері мен қолдау бағдарламалары болуы тиіс. Соның ішінде аз қамтылған отбасылар үшін мүмкіндігінше тегін білім, тегін медицина, әр түрлі әлеуметтік көмек көрсетуі тиіс.

Күтпеген жерден туындаған дағдарыс уақытында жекелеген азаматтар жұмыс­сыз қалып жататыны жасырын емес. Сол секілді сапалы медицина, білім алу және әлеуметтік қорғау сияқты негізгі қызметтер мен ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында белгілі бір тәуекелдерге баруы мүмкін. 

Бірақ бұл халық арасында белгілі деңгейде патернализм тудырмауы тиіс. Өкінішке қарай, бізде осал топтардың еңсесін көтеруге бағытталған Үкіметтің азды-көпті көмегін барынша алып қалуға тырысатындар азаймай тұр. Бұл әрине, асқынған патерналистік пиғыл деген сөз. 

Бұдан шығу үшін сарапшылар қоғам назарына халқымыздың «балық берме, қармақ бер» деген аталы сөзін сіңірген дұрыс дегенді айтады. Яғни қоғамның белгілі бір тобын масылдыққа жетелеп отырған әлеуметтік көмек түрін азайтып, керісінше халықты өз бетінше еңбек етуге жетелейтін жобаларға көбірек көңіл бөлу керек.

Эксперты ухудшили прогнозы инфляции в Казахстане

Они полагают, что по итогам этого года инфляция составит 8,4%
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 12:27

58 школ оштрафовали за отсутствие лицензии на образовательную деятельность

В основном они расположены в городе Астана и Алматы, Атырауской, Алматинской, Западно-Казахстанской, Туркестанской, Мангистауской и Жамбылской областях
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 11:22

Казахстанские лыжники завоевали шесть медалей в первый день Кубка Восточной Европы

В данной дисциплине приняли участие более 160 спортсменов
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 10:33

Премьер провел оперативное совещание в связи с ситуацией вокруг Украины

На повестке - принятие срочных мер по обеспечению безопасности основных военных и гражданских объектов 
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 09:43

Какой будет погода в Казахстане 22 ноября

Ее будет определять Северо-западный циклон
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 09:28

Токаев дал поручение в связи с эскалацией ситуации вокруг Украины

Президент Казахстана поручил принять срочные меры по обеспечению безопасности основных военных и гражданских объектов
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 07:22

В Новый год казахстанцы отдохнут четыре дня

Ввыходной день с воскресенья 5 января переносится на пятницу, 3 января
Алина Мороз Алина Мороз 21.11.2024 | 18:05