Үкімет асырауы тиіс дейтіндердің қатарын көбейіп барады
Жасыратыны жоқ кейінгі кездері елімізде патерналистік көңіл күй мен әлеуметтік масылдық үрдісі байқалып қалып жатады.
Мәселен, әлеуметтік жағынан осал топтарды мен аз қамтылған отбасыларға арналған кейбір мемлекттік бағдарламаларды жеке басының мүддесіне пайдаланғысы келіп тұратындар көбейіп барады. Бұл әрине қауіпті үрдіс. Қоғам бір орнында тұрмай алға дамып, құндылықтар өзгеріп жатса да «бізді мемлекет асырауы тиіс, үкімет қайда қарап отыр?» дейтін түсінікке алып келіп жатыр. Яғни мұндай қағидатты өмір салтына серік еткендер өзіне емес, мемлекетке арқа сүйегенді жөн көреді.
Ең сорақысы мұндай жандардың бұл әрекеттерінің заңсыз екенін ұғынбай жататыны. Заң аясында жауапқа тартып, құзырлы органдар тарапынан ескерту берілсе, қуғынға ұшырап жатырмын, заңсыз қамалдым деп әлеуметтік желі арқылы шу тудыруға даяр тұрады. Ал дамыған елдерде мұндай азаматтар заң аясында жауапқа тартылып, күллі қоғам алдында жауап беріп жатады.
Тәуелсіз Қазақстан өзінің мүмкіндігі аясында халқының жағдайын ойлап, әр түрлі әлеуметтік бағдарламар ойлап тауып, қоғаммен тығыз байланыс жасап тұратын санаулы елдің бірі. Алаяқтарға алданып, қаржысынан айырылса да, алданып далада қалған үлескерге де, банк тоқырауға ұшырап, далада қалған қалған салымшыға да ел үкіметі үнемі көмек қолын созуға даяр тұрады. Қыруар қаржы бөліп, кеткен есесін қайтарып жатады. Ал мұның соңы жасыратыны жоқ масылдық психологияны қалыптастыратыны даусыз.
Расы керек дамыған мемлекттердің барлығы да да мұндай жақсылық жасай бермейді. Билік азаматтар мен жеке компаниялардың арасындағы келісімге жауап бермейді. Сырттан ғана бақылайды. Яғни Еуропа елдерінде біз секілді міндеттемелер алу деген түсінік атымен жоқ. Әрі халқы да соған үйренген.
Ал бізде бәрі керісінше. Үкімет асырауы тиіс дейтіндердің қатарын көбейтіп отыр. Сарапшылардың айтуынша, мемлекеттің көмегі неғұрлым артқан сайын халықтың өмір салты соған дағдылана бермек.
Ал мұндай қауіптен құтылудың тура жолы – халықтың санасын ояту. Мемлекет басшысы аса маңыз беріп отырған бұл мәселенің яғни непотизм мен патернализмді тыю туралы бастамасының өзі қоғам сұранысынан туындап отырғанын халыққа жеткізу. Тіптен әкенің бала алдындағы міндеті де мәңгілік емес. Бала аяқтанып, еңбекке жарап, жеке отау болып шыққан соң әкенің қамқорлық міндеті аяқталады.
Ер жеткен бала әрі қарай өз бетімен еңбек етіп, елге қызмет етеді. Өзін-өзі асырайды. Мемлекеттің көмегі де осындай болуы тиіс. Белгілі межеден өткен соң кез-келген азамат еңбек етіп, мемлекетке пайдасын тигізуі тиіс. Онсыз қоғам алға баспайды.