×

Қазақтың қанына сіңген жақсы әдеттерінің бірі - қайырымдылық жасау ІІ

Бұрынғы қарақ байларының жақсы әдеттерінің бірі - қайырымдылық жасау болған.

Қазақтың қанына сіңген жақсы әдеттерінің бірі - қайырымдылық жасау ІІ
Фото:pixabay.com

Яғни қазақтың байлары өз заманында ел экономикасының ірі қозғаушысы, халқының, жарлы-жақыбайдың қорғаны іспетті болған белгілі. Мәселен, Мұса Шорманұлы, Тана бай секілді тау-кен өндірісін дамытпақ болғандардың бірі  - Тәттімбет күйші болатын. Тәттімбет Қазанғапұлы әйгілі күйші  ғана емес ауқатты, іскер тұлға болған. Кейбір дереккөздері Тәттімбет Қазанғапұлының қазақ жеріндегі қазба байлықты игеруге рұқсат тұңғыш қазақ екені айтылады. 

Көптеген зерттеушілер 1844-1861 жылдары аралығында жұмыс істеп, 32 пұт алтын-күміс, 394 пұт мыс және 78,3 мың пұт қара қорғасын өндірген атақты Благодатно-Стефановский зауытын осы Тәттімбет күйшінің есімімен байланыстырады. Себебі, аталмыш зауыттың өзі Тәттімбеттің кіндік қаны тамған жері - Түндік өзені бойындағы Тәттімбет ауылының орнында тұр. Тәттімбеттің өзі де ауыл тұрғындары секілді осы зауытта жұмыс істеген. Алайда туған даласының ен байлығы өз халқына емес сыртқа кетіп жатқанын көрген Тәттімбет те тау-кен ісімен айналысуды қолға алады.

Осылайша қазақ қоғамының жанашыры, әлеуметтік жағынан аз қамтылған әлсіз топ пен ерекше қажеттілігі бар жандардың жанашыры болғысы келген. 

Тәттімбеттің тау-кен өндірісін ашу ісі оңай болмайды. Қаншама кедергі, асулардан өтеді. Ақыры дегеніне жетіп, 1856 жылы арнайы рұқсат қағазға қол жеткізеді. Нақты айтар болсақ, сол жылдың 13-тамызында Тәттімбет Қазанғапұлының қолына Қарқаралы округіне қарасты Нұрбике-шаншар болысының биі, жүзбасы Қазанғапов Тәттімбет кен өндіруге рұқсат етілді деген куәлік қағаз алады. Бұл Патшалық Ресейдің Финанс министрлігінің № 997-і бұйрығымен бекітіледі. Алайда Тәттімбет бұл жұмысты денсаулығына байланысты жүргізе алмайды. 1960 жылы Тәттімбет күйшінің өзі дүниеден өтіп, бастаған ұлы ісі аяқсыз қалады. 

Қазақ қоғамын дамытуға сүбелі үлес қосқан осындай азаматтардың бірі - Қаражан бай болған. Қаражан Үкібаев 1906 жылы Семей қаласына тұңғыш рет 100 нөмірлік телефон станциясын салдырған адам. Жобаға түгелдей өз қаржысын салған.

Аталмыш станцияны АҚШ-тан алдырған. Кейбір дерек көздері тұтастай байланыс станциясын телефонды ойлап тапқан атақты өнертапқыш Александр Бэллдің өзінен сатып алғанын айтады. 

Семей өңірін телефон байланысымен қамту қажеттілігі туғанда бұл жұмысты түгелдей Қаражан бай өз мойнына алады. Ұзамай қазақ даласында алғаш рет іске асырылғалы отырған ұлы жобаны іске асыру үшін біліктті мамандар іздестірген. Варшава қаласынан  Казимеж Жолкевский есімді инженер шақыртып, оны жобаның басшысы етіп бекітеді. Ол өзіне көмекші ретінде Петербургтің тәжірибелі құрылысшы инженері Александр Николаевты таңдап алады.  Ал жобаны іске асыру үшін Балтық елдерінен арнайы техникалық білімі бар мамандар шақыртылады.

Осылайша жеті жылға жобаланған ұлы құрылыс сәтті басталады. Өкінішке қарай, жұмыстың жартысынан астамы бітіп тұрған сәтте бірінші дүниежүзілік соғыс басталып сала береді. Құрылысшылар мен мамандар жаппай майданға шақырту алады. Осылайша қазақ даласындағы ғасыр құрылысы аяқталмай қалады. 

Семейде "Қаражан байдың көпірі" деген ескі көпір бар. Қаражан бай салдырған бұл аспалы көпір кезінде терең шатқалдың арасын байланыстырып тұрған. Биіктігі екі жүз метрлік аспалы трос көпір кезінде ғажайып құрылыс саналған. Төменге қараған адамның басы айналатын аспалы көпірдің үстінен адамдар арбамен  өтетін болған. 
Қаражан бай сонымен қатар су қоймасы, ГЭС және қант зауытын салдырмақ болған екен. Алайда әкімшілік кедергілердің салдарынан аталмыш жобалар да аяқсыз қалған. 

Сонымен қатар Қаражан байдың Семей қаласында үш қасапханасы болған екен. Онда күніне мыңдаған мал сойылып отырған. Олардың бас-сирағы, ішек-қарны түгелдей жуылып тазартылып, жұмысшыларға, жоқ-жітік пен аз қамтылған отбасыларға таратылып отырған. 
 

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14