×

Дәстүрлі қазақ қоғамында инклюзия ұғымы ежелден бар дүние

Біздің қоғамда инклюзия дегенді ерекше қажеттілігі бар жандарға материалдық қолдау жасау, аянышпен қарап, ренжітпеу деп қана түсінеді.

Дәстүрлі қазақ қоғамында инклюзия ұғымы  ежелден бар дүние
Фото: Social photo created by freepik - www.freepik.com

Бірақ бұл ұғымның астарында ерекше сыйластық пен құрметпен қарау ғана емес, ерекше қажеттілігі бар жандардың өміріне жеңілдік әкелетін ғылыми жаңалықтар, әлеуметтік жобалар, түрлі сауықтыру шаралары кіреді. Тіптен әр-түрлі дүкен, сауда нысандары, әлеуметтік нысандардағы көтерілетін пандустар, лифтілер, арнайы жол белгілері мен автотұрақтар секілді дүниелер де осы  инклюзия ұғымымен тікелей байланысты. Қысқаша айтқанда инклюзия - тең құқылы қоғамдық мәдениет деген ұғымды білдіреді. Әрине елімізде бұл мақсатта көптеген жұмыстар жасалып жатыр. 

Әрине дәстүрлі қазақ қоғамында инклюзия термині болмағанымен, сыйластық ұғымы ежелден бар дүние. Атам қазақ сыйластыққа, қоғамдық мәдениетке ежелден мән берген. Қазақта «Сыйласқанның құлы бол» деген ұлы сөз бар. Бұл дәстүрлі қазақ қоғамында сыйластық деген ұғымның маңызы өте зор болғанын білдіреді.

Яғни қазақ халқы өзара сыйластық, қоғамдық мәдениет, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, айрықша қажеттілігі бар жанға айрықша қарау жағынан ешкімге есе жіберіп көрмеген. Тіптен еш танымайтын адамын да жатсынбай төріне шығарып, бар дәмдісін алдына қойып, қалағанын беруі де осы сыйластықтың асқан үлгісі болса керек. 

Яғни қазақ халқы өз тарихында сыйластықтың озық үлгісін көрсете білген. Сонымен қатар халқымыз өзгелерге құметпен қарап, денсаулығында кінәраты бар адамдарға түсінікпен қарап, көңіліне қаяу түсірмеуге тырысқан. "Ауырған адамның қасында денсаулығыңды сөз етпе, кедей адамның қасында байлықғыңды сөз етпе" деп жас буынды үнемі ескертіп отырған. Ал бұл өз кезегінде халық арасында белгілі бір сыйластық пен теңдіктің қалыптасуына алып келді. Қазақ қоғамы материалдық тұрғыда тең болмағанымен сыйластық жағынан тең болды.  Бұл сыйластық аға мен бауыр, іні мен қарындас, дос-жаран, туыс-туған арасында да жоғары мәнге ие болды.  Мәселен үлкендердің атын атамау, келіннің ата-енесі мен қайын ағаларының атын тергеуі де осының мысалы. Сол секілді жеңгелердің төре аға, сері аға, «төре бала», «ерке бала», «төрем», «еркем», «кенже бала», «мырза жігіт», «төре жігіт», «мырзатай» деп құрмет тұтып, қайынсіңілдерін «шырайлым», «кекілдім», «арайлым», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөз», «шашбаулым», «еркем», «ерке қыз» деп еркелетуі де қазақ қоғамындағы сыйластық пен теңдіктің көрінісі. Расы керек, бұл әлемнің ешбір елінде жоқ дәстүр. 

Бұл дәстүр әлі де үзілмей жалғасын тауып келеді. Тәуелсіз еліміз жек ел болып егемендік алып, капиталистік даму жолына түссе де азаматтық ұстанымы мен қоғамдық менталитеті әлі сол дәстүрлі жолдан ауытқыған жоқ. Әрбір азаматының бойынан жасы үлкен адамды сыйлау, құрметтеу секілді озық мәдениетті байқауға болады. Сол секілді еліміз өзге елдерден ерекше қажеттілігі бар жандарды мүсіркеп емес, құрметпен қарау жағынан да ерекшеленіп тұратыны жасырын емес. Әсіресе бұл дәстүр ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бәріне бірдей, тең мүмкіндік сыйлайтын инклюзивті қоғам қалыптастыру туралы тапсырмасынан кейін тіптен жақсарып келеді деуге болады. Кез-келген жерде ерекше қажеттілігі бар жандарға деген құрмет күрт артып, мемлекеттік органдарда да ондай жандарға арналған қызмет түрі көбейіп келеді. 

Сол секілді мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғау мәселесі де мықтап қолға алынып жатыр. Мәселен жақында ғана Тараз қаласының прокуратурасы осындай санаттағы азаматтарға қатысты өрескел заң бұзушылықтың бетін ашты.

Прокуратура мәліметіне сенсек, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларға жауапты органдар мүгедектігі бар адамдарды тиесілі емдеу шараларына жібермеген. Салдарынан 240 адам санаторий-курорттық емдеумен және қажетті протездік-ортопедиялық құралдарға қол жеткізе алмаған. Ол аздай жұмыссыздық бойынша есепте тұрған мүгедектердің саны 86 адам болғанына қарамастан, тек 15 жұмыс орнына квота берілген. Сонымен қатар кейбір салық түрлерінен босатылғанына қарамастан осындай санаттағы азаматарға заңсыз салық салынғаны анықталған. 175 азаматтан жалпы көлемі 889 мың теңге болатын мүліктік салық негізсіз ұстаған.  Қазіргі таңда кінәлілер анықталып,  тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
 

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14