×

Қазақтың қанына сіңген жақсы әдеттерінің бірі - қайырымдылық жасау

2020 жылы елімізде «Волонтер жылы» яғни қайырымдылық жылы деп жарияланғаны белгілі.

Қазақтың қанына сіңген жақсы әдеттерінің бірі - қайырымдылық жасау
Фото:pixabay.com

Себебі, жығылғанға сүйеу, қиналғанға демеу болу қазақ халқының о баста қанында бар дүние екені даусыз. Біреуге жақсылық жасап, мейірім сыйлау үшін асқан бай болу міндет емес. Жай көңіл болса да жеткілікті деп білген қазақ халқы дүниедегі ең абзал дүние қайырымдылық жасау және қоғамдағы өзара сыйластық деп білген. Әрі бұл қасиетті бары да жоғы да, үлкені мен кішісі де қатар ұстанған. Яғни қайырымдылық жасауда халқымыз бай-кедей деп бөлінбеген. Қазақтың байлары өз заманында ел экономикасының ірі қозғаушысы, жарлы мен мүгедектің қамқоршысы, қоғамдағы сыйластықтың көпірі іспетті болған. Қазіргі тілмен айтқанда малы бары ірі мецанат, малы жоғының өзі еліне осы істің қостаушысы яғни волонтер болып қызмет етті деуге болады. 

Қолында малы бар көзі ашық адамдар жиған-тергенінің белгілі бір бөлігін қазақ қоғамын ізгілендіруге жұмсады. Сонымен қатар, дүниесін мектеп, медресе ғана емес зауыт-фабрикалар салуға жұмсаған байлар да болғаны белгілі. Әсіресе тау-кен өндірісіне қаржы құйған байлар көп болды. Өкінішке қарай, өз жеріндегі қазба байлықтарды игеріп, өндіріске айналдырам деген ұсыныстардың көбі патшалық ресей тарапынан қолдау таппады. Көбіне мұндай жұмысқа рұқсат берілмеді.

Мәселен, Мұса Шорманұлы, Тана бай секілді ауқатты адамдардың өндіріспен айналыссақ деген арыздары кері қайтарылды. Дегенмен қолдан келгенше күресіп жүріп рұқсат алып, ұлттық өндіріске жол ашқандар да табылды. 

Солардың бірі  - Қосшығұловтар әулеті еді. Құрманғали Қосшығұлов қазақ даласына алғаш рет автокөлік әкелген. Ол сонымен қатар, Ақмола өңірінде автомобиль зауытын ашпақ болған. Зауыт салуға атақты неміс инженерлерін шақырған. Бұл 1913 жылдар еді. Осы мақсатта Құрманғали Қосшығұлов «Якорь», «Зингер», «Саламандра» секілді шетелдік ірі компаниялармен байланыс жасап, аталмыш компанияларға қаржы құяды. Құрманғалидың тек ауқатты адам ғана емес, білікті менеджер екенін білген шетелдік компания басшылары одақтас болуға ұсыныс жасайды. Осылайша ағайынды Қосшығұловтар қазіргі Қараөткел өңірінде ірі-зауыттар салады. 

Құрманғалидың әкесі Баймұқамбет те "кәмпит-тоқаш" фабрикасын салған адам. Бұл қазақ жеріндегі тұңғыш фабрика болды. Одан шыққан өнімдер жоғары сұранысқа ие болған. Аталмыш фабрикадан неше түрлі шоколадтар, мұз кәмпиттер (мәмпәси) мен печеньенің сан алуан түрлері шығып тұрған. Сондай-ақ зефир өндіргені тағы бар бар. Тіптен Қосшығұловтар фабрикасынан шыққан тәттілер патша сарайының дастарханының сәнін келтірген деген деректер айтылады. 

Ағайынды Қосшығұловтар тек кәсіппен ғана айналысып қоймаған. Қазақ балаларын оқытып, қолынан іс келетіндерін кәсіпке тәрбиелейтін, еңбекке баулитын, кедейлерге көмектесіп,  жұмыс тауып беретін орталық болған. Өкінішке қарай, 1929 жылы Совет үкіметі кәсіпорынды күшпен тартып алады. Амалсыз Қосшығұловтар елден кетуге мәжбүр болады. Қазақ даласын аштық буғанда Өзбекстанға кеткен. 

жалғасы бар...
 

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14