×

Алматы облысының тұрғындар «Таза Қазақстан» акциясына белсенді атсалысып жатыр

Экологиялық акцияға жүздеген адам қатысты.

Даурен Омаров 02.08.2024 | 16:12
Алматы облысының тұрғындар «Таза Қазақстан» акциясына белсенді атсалысып жатыр
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Алматы облысының тұрғындары өз өңірлерін абаттандыруда елеулі белсенділік танытты. Бүгін өткен экологиялық іс-шараларға жүздеген адам қатысты, соның ішінде жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, белсенділер мен еріктілер жиналды, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Іле ауданы Ақсай ауылдық округінде «Рыбацкая усадьба» көлінің жағалауын тазарту бойынша «Таза жағалау» акциясы өтті. Іс-шараға 50-ден астам жергілікті тұрғындар белсенді түрде қатысып, көлді қоқыстан тазартуға көмектесті. Тазалық жұмыстарына 1 самосвал мен 1 трактор жұмылдырылды.

Акцияға қатысушылар аумақтағы көл жағалауларын қоқыстан тазарту үшін жиналды. Мұндай белсенділік экологияны жақсартуға ғана емес, сонымен қатар азаматтардың қоршаған ортаны сақтау жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Көл жағалауларын тазарту су ресурстарын күту мен олардың экологиялық жағдайын сақтаудағы маңызды қадам болып табылады. Мұндай іс-шаралар судың сапасын жақсартуға, ластанудың алдын алуға және жалпы экожүйенің жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

«Рыбацкая усадьба» көлінің жағалауын тазарту акциясы аяқталғаннан кейін қатысушылар ашық ауада челлендж ұйымдастырды. Акцияға орайластырылған іс-шараға 50-ден астам адам қатысты. Барлық іс-шаралар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді, бұл экологиялық акцияның көңілді аяқталуына себеп және шараға қатысушыларға мотивация берді. Бұл акция экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығына назар аударуға көмектеседі және адамдарды өз елді мекендерінде тазалықты сақтау бойынша тұрақты күш-жігерге шабыттандырады.

Экологиялық акцияны қолдауға аралас жекпе-жектің кәсіби спортшысы, кикбоксинг, тай боксы, ММА, панкратионнан ҚР спорт шебері, бразилиялық джиу-джитсудан көк белбеу иегері Сора Рахмонова қатысты.

«Таза Қазақстан - әрқайсымыздың қосқан үлесіміз. Себебі аудандағы тәртіп пен тазалық көбінесе қала тұрғындарының мәдениетіне байланысты. Біз бәріміз әдемі және таза жерде өмір сүргенді ұнатамыз, бірақ оны осылай жасау үшін әрқайсымыз тазалық пен тәртіптің қарапайым ережелерін сақтауымыз керек. Мен спортшы ретінде кез-келген экологиялық акцияларды қолдаймын, Қазақстанда тазалықты сақтауға және қоршаған табиғатты ластамауға тырысу өте жақсы», - деп атап өтті спортшы.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында мемлекеттік мекемелер, жеке ұйымдар, шаруа қожалықтары, жастар, волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ мәслихат депутаттары белсенді қатысуда. Бұл ауқымды экологиялық іс-шараға облыс бойынша 640 мыңнан астам адам қатысты. Акция нәтижесінде 850-ден астам ескерткіштер мен мұражайлар тазартылды, 48 700 тоннадан астам қоқыс шығарылды, 67 мыңнан астам ағаштар мен бұталар отырғызылды. Іс-шараларды қолдау үшін 2 789 бірлік мамандандырылған техника тартылды.

Облыстың 340 мың оқушысы қатысқан «Өз ағашыңды отырғыз» акциясына ерекше назар аударылды, бұл жастар арасында экологиялық жауапкершілікті арттырудағы маңызды қадам болды.

Токаев принял вновь назначенных заместителей руководителей силовых структур

В ходе встречи Глава государства дал ряд поручений
Алина Мороз Алина Мороз 19.09.2024 | 18:21

Токаев принял министра внутренних дел Ержана Саденова

Президент дал ряд поручений по дальнейшему повышению уровня правопорядка и общественной безопасности в стране.
Алина Мороз Алина Мороз 19.09.2024 | 17:03

Более полумиллиона гостей посетило Казахстан во время Всемирных игр кочевников

Помимо соседних стран  прибыли гости из Китая, Индии, Турции, Германии и США.
Алина Мороз Алина Мороз 19.09.2024 | 16:37

Военным Казахстана запретили играть в азартные игры

Президент утвердил изменения в устав военнослужащих 
Алина Мороз Алина Мороз 19.09.2024 | 13:27

В Казахстане мопедистов обяжут иметь водительские права

Закон направили на подпись президенту 
Алина Мороз Алина Мороз 19.09.2024 | 12:45

Самат Искаков: где техника из Сарани? Отчетность чиновников не соответствует реальности

Он отметил, что часто открытия новых заводов сопровождаются помпой, но на практике реальной продукции нет
Алина Мороз Алина Мороз 19.09.2024 | 11:38