×

Павлодарда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бәйге жарысына іріктеу басталады

Жүлде қоры 24 900 000 теңгені құрайды.

Даурен Омаров 01.08.2024 | 18:13
Павлодарда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бәйге жарысына іріктеу басталады
Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Биылғы қыркүйекте Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 3 тамызда Павлодарда бәйге жарысынан қатысушалардың бірінші іріктеуі өтеді, деп хабарлайды Adaladam.kz  Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жүлде қоры 24 900 000 теңгені құрайтын жарыс құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге мен жорға жарыс сияқты 4 түр бойынша өтеді. Шара серіктестері – Бәйге федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігі, Палодар облысының әкімдігі, Ұлттық спорт қауымдастығы. 

«Қазір бәйгеден Қазақстан командасын жасақтау процесі жүріп жатыр. 3 және 11 тамызда Павлодар мен Алматы қалаларында іріктеу өтеді. Солардың нәтижесі бойынша 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бәйге жарысына Қазақстаннан қатысатын жылқылар анықталады. Астанадағы Көшпенділер ойындарының бәйге жарысына шамамен 10 елдің өкілдері қатысады деп күтіліп отыр. Олардың қатарында Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Ресей Федерациясы мен басқалар бар», - деді «Бәйге федерациясы» РҚБ вице-президенті Жомарт Сайболатов.

Еске салсақ, республикалық бәйге федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Сонымен қатар Қауымдастық құрамында көкпар, аударыспақ, садақ ату, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік, асық ату, «JORYQ» және т.б. федерациялар бар. Қауымдастықты белгілі кәсіпкер, меценат, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14