×

«Таза Қазақстан»: Абай облысында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр

Облыста 78 590 аула тазаланып, 47 590 тонна қалдық шығарылды.

Даурен Омаров 30.07.2024 | 17:24
«Таза Қазақстан»: Абай облысында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Абай облысында экологиялық ахуалды жақсартуға және қоғамның назарын экологиялық мәселелерге аударуға бағытталған «Таза Қазақстан» акциясы жүргізілуде. Осы акция аясында облыстың әр ауданында аумақтарды тазарту, ағаштар мен көшеттер отырғызу, сондай-ақ саябақтар мен алаңдарды абаттандыру ұйымдастырылды, деп хабарлайды Adaladam.kz.

«Таза Қазақстан» акциясы тұрғындардың тазалықты сақтауға атсалысуының маңыздылығын көрсетіп, қоғамның түрлі салаларын қатыстырып, қоршаған ортаны қорғау қажеттілігіне назар аударады. Бүгін облыс көлемінде 10-ға жуық түрлі іс-шара өтті. Мысалы, «Таза өлке», «Таза көше», «Табиғатты аялайық», «Бесқарағайдың інжу-маржанын сақтайық» және т.б.
Бесқарағай ауданы Шошқалы көлінде «Бесқарағайдың інжу-маржанын сақтайық» акциясы өтіп, оған аудан басшылығы, белгілі спортшылар, жас отбасылар, аудан депутаттары, ауыл тұрғындары, БАҚ және еріктілер, сондай-ақ «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары қатысты. Шара барысында көл жағасы қоқыстан тазартылып, қоқыс жәшіктері орнатылды. Акцияға барлығы 100-ге жуық адам мен 5 арнайы техника қатысты.
Курчатов қаласының тұрғындары «Қаланы таза ұстайық!» ұранымен өткен «Таза Қазақстан» эко-акциясына белсене қатысты, оның аясында «Буратино» балалар саябағын тазарту жұмыстары жүргізілді. Бірнеше сағат ішінде қатысушылар аумақты толықтай қоқыстардан тазартты.

Аягөз ауданында республикалық эко-акция аясында «Питомник» аумағында да қоқыстардан тазарту жұмыстары өтті. Шараға 40-тан астам жас қатысып, 37 қап қоқыс жиналды.
Бородулиха ауданы Бородулиха ауылында ауқымды акция өтіп, нәтижесінде ауыл орталығында орналасқан орман алқабы тазартылды. Акцияға жергілікті тұрғындар, студенттер, жастар және «Жасыл ел» жасағының сарбаздары қатысты. Осылайша 20 қаптан астам қоқыс жиналды. Жалпы Бородулиха ауданында «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына 40 мың тонна қоқыс шығарылып, 1500 ағаш пен 20 850 көшет отырғызылды. 5 су қоймасы қоқыстан тазартылып, 21 саябақ пен алаң абаттандырылды. Сенбілікке барлығы 9 мыңнан астам адам қатысты.
Абай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Абай атындағы орталық саябақта «Таза саябақ» сенбілігі ұйымдастырылды. 150-ден астам адам, оның ішінде мекеме қызметкерлері мен белсенді ауыл тұрғындары саябақты қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.
Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына барлығы 88 200 адам қатысты. Акцияға 3596 ұйым мен мекеме қолдау көрсетіп, 2041 бірлік түрлі техника жұмылдырылды. 78 590 аула тазаланып, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына 47 590 тонна қалдық шығарылды. Облыста 239 саябақ пен алаң тазартылып, 252 ескерткіштің аумағы абаттандырылды. Жалпы, акция барысында облыста 135 540 ағаш отырғызылды. 1035 әлеуметтік нысан мен 2221 өндірістік нысан, 852 су қоймасы қамтылды.

В одном из магазинов Кокшетау изъяли вейпы на 1 миллион тенге

По данному факту проводится расследование
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 16:31

42% нового жилья и 27% роста строительства: Шымкент впечатляет показателями

О достижениях города рассказал аким Шымкента Габит Сыздыкбеков 
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 16:28

В Казахстане вырастут размеры двух пособий в 2025 году

На 6,5 процента от размера получаемых социальных выплат
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 15:28

Эксперты ухудшили прогнозы инфляции в Казахстане

Они полагают, что по итогам этого года инфляция составит 8,4%
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 12:27

58 школ оштрафовали за отсутствие лицензии на образовательную деятельность

В основном они расположены в городе Астана и Алматы, Атырауской, Алматинской, Западно-Казахстанской, Туркестанской, Мангистауской и Жамбылской областях
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 11:22

Казахстанские лыжники завоевали шесть медалей в первый день Кубка Восточной Европы

В данной дисциплине приняли участие более 160 спортсменов
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 10:33

Премьер провел оперативное совещание в связи с ситуацией вокруг Украины

На повестке - принятие срочных мер по обеспечению безопасности основных военных и гражданских объектов 
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 09:43