Алматылықтар шағын және микро бизнесті дамытуға 2 млрд теңгеге жуық жеңілдікті несиеге ие болды
«Алматы" ӘКК" АҚ еншілес ұйымы - «Almaty» МҚҰ» ЖШС жарты жыл ішінде Алматының шағын және микро бизнес субъектілеріне 1,9 млрд. теңге сомасына 60 жеңілдікті несие берді.
«Almaty Business-2025» бағдарламасы аясында бизнестің жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген өкілдері істі дамыту үшін жылдық 2%, 6% (кепілді) немесе 12%* (кепілсіз) жеңілдікті мөлшерлеме бойынша несиеге ие болды. Ақша жабдықты, шикізатты сатып алуға, айналым қаражатын толықтыруға, бизнестің басқа да қажеттіліктерін жабуға бөлінеді, деп хабарлайды Adaladam.kz.
МҚҰ-дағы қарыздың шекті сомасы 73 840 000 теңгені құрайды, мерзімі 7 жылға дейін. Биылғы жылы ең көп қарызды өндіріс және қайта өңдеу жобалары бар кәсіпкерлер алды – 32%, екінші орында – халыққа қызмет көрсету жобалары (13%), үшінші орында – денсаулық сақтау (12%). Одан әрі әлеуметтік және білім беру бастамаларын қолдау бар (әрқайсысы 10%). Сондай-ақ, креативті экономика, сауда, туризм және спорт жобалары қаржыландырумен қамтамасыз етілді.
«Алматы» МҚҰ» ЖШС 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. «Almaty Business-2025» бағдарламасы аясында МҚҰ 2 200-ден астам жаңа жұмыс орнын құра отырып, 540-тан астам шағын және микро бизнесті қаржыландырды. Қазіргі уақытта жеңілдікті қаржыландырудың жалпы сомасы 12 млрд теңгеге жақындап келеді», – деп атап өтті «Almaty» МҚҰ Басқарма төрағасы Алтай Исмағамбетов.
Айта кетейік, 2 пайыздық несие Алматы қаласының өнеркәсіптік парктерінің резиденттері, көп балалы аз қамтылған отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған. Ал 6 пайыздық Алматы қ. шағын және орта бизнестің (ЖК, ЖШС) жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған субъектілері үшін беріледі. Сонымен қатар, 12 пайыздық несие тіркеу және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мерзімі 6 айдан кем емес Алматы қ. жұмыс істеп тұрған ШОБ (ЖК) субъектілері үшін ыңғайлы. Үшеуінің де жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері 56%-дан аспайды.
Несиелеудің негізгі талаптары:
– несие алу жөніндегі өтінімді беру немесе қарастыру күніне салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен қарыздың болмауы қажет;
– есеп берудің соңғы күніне (өтініш берген ағымдағы ай) ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен қарыздың болмауы қажет
– несиелеуге болатын несие тарихы;
– МҚҰ-на қарызды мақсатты түрде пайдалануды тексеру үшін қажетті және жеткілікті құжаттарды беру;
– бағдарлама қатысушысы қарызды толық өтегенге дейін несиелік қаражатты нысаналы мақсат бойынша пайдалануға міндетті;
– Start-up жобалары үшін негізгі құралдарды сатып алуға бағытталған қаржыландыруға – қарыз алушының қарыз сомасынан кемінде 30% жарнасының болуы немесе қосымша кепіл ұсынуы қажет;
– 18 жастан 65 жасқа дейін жеке кәсіпкерлер.