×

Қызылорда облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 69 жоба жүзеге асырылуда

Биыл Қызылорда облысының 39 ауылдық елді мекенінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберіндегі 69 жобаны жүзеге асыруға 11 млрд. теңге қаралды

Қызылорда облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 69 жоба жүзеге асырылуда
Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жыл басынан бері 5,6 млрд теңге игерілді. Атап айтсақ,  білім саласында  2, денсаулық саласында 1, мәдениет саласында 4, спорт саласында 8 жоба жүзеге асуда, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Мұнан бөлек, электрмен қамту бойынша 14, газдандыру бойынша 1, ауыз сумен қамту бойынша 2 жоба қолға алынбақ. Көлік инфрақұрылымы саласында 35, абаттандыру саласында 2 жоба бар.
Жоспар бойынша 36 жоба биыл аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Олар  – дәрігерлік амбулатория және медициналық бекетті, 2 спорт кешенін салу, 3 медицина мекемесін күрделі жөндеу, электрмен қамтудың 4, ауыз сумен қамтудың 1, білім беру нысанын күрделі жөндеудің 2 жобасы және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша 26 жоба.

Қалғаны келесі жылы ел игілігіне табысталады.